Анатомия – 120 ом


Өкпенің құрылымдық-функционалді бірлігі



бет179/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

148.Өкпенің құрылымдық-функционалді бірлігі.
Өкпе, pulmo, тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі. Ол кеуде қуысында, cavum thoracis, өкпеқаптың ішінде, pleura pulmonalis, орналасқан жұп мүше.

Өкпенің сыртқы пішіні кесілген конус тәрізді, екі өкпенің өкпе ұшы, apex pulmonis, және өкпе негізі, basis pulmonis, ажыратылады. Өкпе ұшы, apex

pulmonis, алдынан қарағанда: І-қабырғадан 3- 4 см, немесе бұғана сүйегінен 2-3 см жоғары орналасады, артқы бетінен қарағанда, ол VІІ- мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне тұспалас орналасады. Өкпе негізі, basis

pulmonis, жалпақ, көкетпен беттесіп орналасқан. Екі өкпенің дөнестеу келген кабырғалық беті, facies costalis, ойыстау келген төменгі көкеттік беті, facies diaphragmatica, және көкірекаралык беті, facies mediastinalis ажы­

ратылады. Сонымен катар,екі өкпе беттерінің бір-бірімен өзара беттескен жерінде өткірлеу келген алдыңғы жиегі, margo anterior, төменгі жиегі, margo inferior, доғалдау келіп, вертикалді орналасқан артқы жиегі, margo

posterior, ажыратылады.

Өкпенің қабырғалық беті, facies costalis, дөнестеу келіп кабырғалардың ішкі бетімен және кабырғааралық бұлшықеттермен беттесіп орналасқандықтан, қабырғалардың батыңқылары айқын байқалады.

Өкпенің медиалді беті, facies medialis, ойыстау келіп, артында омырткалық бөлікке,pars vertebralis, алдында көкірекаралық бөлікке, pars mediastinalis, бөлінеді. Медиалді бетінің ортаңғы бөлігінде өкпе батынқысы немесе өкпе қакпасы, hiluspulmonis, орналаскан.

Көкеттік беті, facies diaphragmatica, ойыстау келіп көкеттің дөңестеу келген бетімен беттесіп орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет