Анатомия – 120 ом


Кіші жамбаста орналасатын қатпар



бет193/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

Кіші жамбаста орналасатын қатпар:

Ерлерде-тікішек-қуық қатпары-plica rectovesicalis

Әйелдерде-тікішек –жатыр және қуық-жатыр қатпарлары-plica rectoulerina et plica vesicouterina

162. Несепағар, құрылысы, бөлімдері, ішастарға қатынасы. Несепағардың тарылу жерлері, практикалық маңызы.

Несепағар, ureter, -жұп мүше, бүйрек түбегінің тарылған жерінен несепқуық аралығында орналасады. Несепағардың ұзындығы 30-35 см, ені 4-8 мм-дей, қуысының ені 3-4 мм. Несеп ағардың қызметі; бүйрек түбегінен несеп қуығына зәрді әкелу. Несеп ағардың қызметтерін екі бөлікке бөлуге болады:



  • Транспорттық-зәрді өткізу

  • Насостық-бүйрек түбегінен несеп қуығына зәрді шығару.

Құрылысы: Қабырғалары 3 қабықтан тұрады:1) Ішкі шырышты қабығы,tunica mucosa шырышты бездерге өте бай,бойлық қатпарларды құрайды. 2)Ортаңғы бұлшыққет қабағы,tunica miscularis, жоғарғы бөлігі 2 қабықтан-сыртқы бойлық,ішкі циркулярлық,төменгі бөлігі бұлшықеттік қабығы 3 қабаттан-сыртқы және ішкі бойлық,ортаңғы циркулярлық тұрады.

3) Сыртқы дәнекер тінді,адвентициалді қабықтан,tunica adventitia тұрады.Сонымен қатар тарылуын айтып кетсек несепағардың 3 тарылуы бар.

1) бүйрек түбегінен несепағардың басталған жері; 2) несепағардың іштік бөлігінің жамбас астау болігіне өткен жері3) несепағардың несепқуыкка ашылған жері. Несепағардың іштік бөлігі, parsabdominalis, белдің үлкен бұлшықетінің, т. psoas major алдыңғы бетінде орналасқан. Топографиясы: Несепағар топографиялық орналасуына байланысты 3 бөлікке бөлінеді: іштік, жамбас астау, қабырғаішкі. Несепағардың іштік бөлігі.Оң несепағардың проксималді бөлігі 12 елі ішектің төмендеген бөлігінің pars desendens duodeni артында,сол несепағар 12 елі- аш ішек иілімінің, flexura duodenojejinalis артында орналасқан.Несепағардың алдынан аталық без артериясы мен венасы a. et v.testiculares және париеталді ішастар,peritoneum parietale орналасқан.Оң несепағар жамбас астау бөлігінде pars pelvina өтер жерінде жіңішке ішек шажырқайының түбірімен, ал сол- сигматәрізді жиек ішек шажырқайымен қилысады. Несепағардың жамбас астау бөлігі оң ішкі мықын артериясы мен венасының a. et v. Iliacae internae алдынан,сол жалпы мықын артериясы мен венасының алдынан өтеді.Әйелдерде несепағардың жамбас астау бөлігі аналық бездің артынан, жатыр мойынның бүйір жағын орай өтіп,қынаптың алдыңғы қабырғасымен несепқуықтың аралығында орналасады.Ерлерде несепағардың жамбас астау бөлігі шәует шығаратынтүтіктің сыртында орналасып,оны қиып, шәует қуықшасының жоғаргы жиегімен кішкене төмен,несепқуыққа ашылыды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет