Сына сүйектері – ossa cuneiformia – пішіні сынаға ұқсағандықтан солай аталып кеткен. Оған : медиалды, аралық және латеральды сына сүйектері жатады. Қайықша сүйек пен 3 бірінші табан сүйегі арасында орналасады.
Медиальды сына сүйек – os cuneiforme mediale – үлкендеу болып келген. Медиальды беті дөңестеу, латералды беті ойыстау болып келген.
Аралық сына сүйек – os cuneiforme intermedia кішілеу болып келген сүйек. Негізі табанның сыртқы бөлігіне қараған, үшкір аймағы табанға қараған. Айналасындғы сүйектермен:қайықша, 2 табан сүйегі, көрші сына сүйекпен буындық аймақтар құрайды.