42- Қабырғалардың омыртқа жотасымен қосылысы.
Омыртқа денелері corpus vertebrae бір –бірімен омыртқааралық дискілермен және омыртқа аралық симфиздер аралық үздіксіз байланыстар.Омыртқааралық дискілердің ауыз омыртқа мен біліктік омыртқалардың аралығында болуы бұл омыртқалардың үздіксіз буын аралық байланысқандығынан.Қызметін айта кетсек яғни омыртқаға түсетін салмақты жеңуімен аммортизациялық қызметті атқарады.Сол себеппен мойын омыртқаларда омыртқааралық дискінің қалыңдығы 2-3мм болса ккуде омыртқалардың 3-4мм дей болады.Сегізкөз омыртқаларында омыртқа аралық дискінің сүйектік тінге өтуіне байланысты.Омыртқааралық дискінің терең қабаты ірі талшықты шекміршектік тіндерден тұрады.Сыртында шеңбер бағытта орналасқан anulus fibrosus орталығында орналасқан іркілдек салмақты жеңумен қатар тірек қызмет атқарады.
Сонымен қатар омыртқа денелері бір бірімен өзара алдыңғы және артқа бойлай орналасқан байламдар арқылы нығайады.
1) Алдыңғы бойлық байламы lig longitudinal anterior,омыртқа денесінің алдында орналасқан. Ол шүйде сүйегінің жұтқыншақтың төмпешігі мен ауыз омыртқаның алдыңғы төмпегігімен байланысып 2 және 3 сегізкөз сүйегінің аралығында созылып жатыр.Қызметі омыртқа бағанасын тым шектен немесе тыс жазылудан сақтау.
2) Артқы бойлық байлам lig longitudinal posterior, омыртқа денесінің артқы бетінде орналасқан .Біліктік омыртқаның денесінің артқы бетіне төмен өтіп 1 және 2-ші мойын омыртқаның тұсында беткей орналасқан membrane tecroria құрауға қатысып және мойын, кеуде, бел омыртқаларын денесінің артқы бетінде іркілдеген дәнекер тінмен беттескен. Қызметыне тоқтала кетсем омыртқа бағанасын алға қарай иілуден сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |