Анатомия – 120 ом


Тік ішек: топографиясы, қызметі , ішастарға қатынасы



бет171/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   211
140. Тік ішек: топографиясы, қызметі , ішастарға қатынасы.

Rectum немесе тік ішек-ас қорыту жүйесінің соңғы бөлігі болып табылады. Rectum пішіні жағынан intestinum crassum бұрын, аш ішекке ұқсас болып келуі, қабырғаларының бойында бойлық қабатының біркелкі орналасуына байланысты tenia coli және haustrae coli жоқ. Rectum promontorium мен anus аралығында орналасқан. Тік ішек орналасуына карай: pars pelvina және pars perinealis бөлінеді. Шат бөлігінің өту жолы сегіз-он алты сантиметрдей кеңейіп, ampulla recti құрайды. Rectum “қатқанда”, атония болған жағдайда кеңжерінін өту жолы отыз-қырық сантиметрге дейін кеңеюі мүмкін. Rectum ұзындығы он үш-он алты см, жамбас қуысындағы ұзындығы екі жарым-үш см; шат маңындағы ұзындығы он-он үш см. Хирургияда Rectumды 5 бөлікке:



  • ампула үстілік немесе сигма-тік ішектік,

  • жоғарғы ампулалык,

  • ортаңғы ампулалык,

  • төменгі ампулалык

  • және шатаралык боліктерге бөледі.

Rectum қабырғалары: tunica mucosa, tela submucosa, бұлшықеттік және сірлі қабыктардан тұрады.

-Rectum tunica mucosa, жылтыр, бүрлері жоқ, шырышты бездер мен дараланған лимфа түйіншелеріне өте бай.

-Rectum tela submucosa құрамы аралығында қантамырлар мен лимфа тамырлары, нервтер орналасқан іркілденген дәнекер тіндерден құралған. Шырышасты негіздің жақсы дамуына байланысты шырышты қабықтың бетінде бойлық және көлденең қатпарларды құрайды:

а) plicae longitudinales

ә) plicae transversales recti

- Rectum tunica muscularis бірыңғай салалы ішкі көлденең, сыртқы бойлық еттік қабаттан тұрады:

а) stratum longitudinale

ә) stratum transversalis seu circulare

-Тік ішектің сыртқы беті сірлі қабықпен біркелкі жауып орналаспаған. Тік ішектің проксималді бөлігі интраперитонеалді, ортаңғы бөлігі мезоперитонеалді, ал төменгі бөлігі экстраперитонеалді жағдайда жауып орналаскан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет