Соңғысы фасциямен толық жабылмаған. Оның екі «әлсіз» жері бар – біріншісі, без фасциясының сыртқы есту жолына жанасатын тұсы, мұнда есту жолының шеміршегінде лимфа тамырлары өтетін тесіктер бар. Бездің қабынуы кезінде оның фасциясы жарылып, іріңдік сыртқы есту жолына өтеді. Екіншісі, бездің фасциясының екі жапырақшасы бірікпей ашық тұратын медиалды жағы, бұл жақтан бездің жұтқыншақтық өсіндісі біз тәрізді өсінді мен медиалды қанат тәрізді бұлшықеттің арасындағы саңылауды толтыра келе, жұтқыншақ маңы кеңістігінің шелмайы мен қантамыр-нервтік шоғырларымен жанасады. Осы себептен безде іріңдік ошақ пайда болғанда, оның жұтқыншақ маңының шелмайына өту жиілігі, сыртқы есту жолына кетуден 4 есе көп болады.

Фасцияның терең пластинкасы біз тәрізді өсіндімен және одан басталатын біз-тілдік, біз-тіласты, біз-жұтқыншақ бұлшықеттерімен шектелген, сонымен қатар біз- төменгіжақтық және біз- тіласты байламдары «анатомиялық букетті» құрайды.
Терең аймағы
Ол төменгі жақсүйектің бұтағы мен оның тәжді өсіндісіне самай бұлшықетінің бекінетін жерінде орналасқан. Тереңгі ішкі жағынан сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің сыртқы табақшасы мен самайлық беттерімен, алдынан жоғарғы жақсүйектің төмпесімен, үстінен – бассүйектің сыртқы түбімен шектелген.
Беткейірек веналық анастомоздардан құралған қанат тәрізді өрім орналасады, ал тереңірек жоғарғы жақсүйек артериясы мен оның бұтақтары өтеді. Әрі қарай веналық қан төменгі жақ арты венасы мен бет венасына ағады. Бұл анастомоздардың болуы, сонымен қатар олардың төменгі көз саңылауы арқылы көз венасымен байланысы осы аймақта қабыну үрдістерінің таралуына әкеледі.