Ұйқы безінің сөл шығаруы 2 кезеңнен тұрады. Рефлексарқылы және қан арқылы.
Рефлекс арқылы шартты және шартсыз рефлекспен реттеледі. Алдымен ұйқы без ауызға тағам түспей жатып сөл шығарады бұд шартты рефлекс. Одан әрі сөл шығару үрдісі тағам ауызға тускеннен кейін сөл шығарады,бұл шартсыз рефлекс арқылы жүреді.Ауызға тағам түскесін импулс орталыққа барып сопақша мида орналасқан сөл шығару орталығын қоздырады , содан сөл бөлінеді.
Қан арқылы түрлі химиялық заттармен дәрілер және гормондар арқылы ұйқы безіне әсер ету арқылы сөл бөлінеді.
Асқорыту жолы бөлімдеріндегі сіңірілу. Сіңіру зат алмасуы мен ас қорыту үрдістерінің манызды кезеңдерінің бірі.Ас сіңірудегеніміз гидролиз өнімдерінің ішек-қарыннан қанға не лимфаға өтуі.Астың сіңуімен ас қорыту аяқталады.
Сіңіру үрдісі асқорыту жолдарының барлық бөлігінде жүреді,бірақ ең негізгі сіңірілу жіңішке ішекте жүреді.
Ауыз құысының кілегей қабаты сіңіруге қабілетті,бірақ ауыз құысында ас өнімдері сіңірілуге дайын болмайды.Бірақ ауыз құысында кейбір дәрілер жақсы сіңіріледі,яғни тіл астына салынған дәрілер (валидол, нитроглицерин) ауыздың шырышты қабығы арқылы тікелей канға сіңеді де жүрек қан тамырларына әсер етеді. Өңеште сіңірілу процесі жүрмейді.
Асқазандаас тұзы, су, глюкоза, алкоголь,дәрілік заттар,гормондар қанға өтіп аздап бойға сіңеді.
Он екі елі ішекте ас қорыту үрдісі күшейе түседі, гидролиз үдейді, бірақ ыдырау өнімдерінің 5-8%-і ғана қанға сіңеді, өйткені ішек тым қысқа, химус мұнда көп кідірмей әрі қарай жылжи береді. Ас негізінен аш ішек пен мықын ішекте сіңеді. Мұнда тағам гидролизі аяқталып, көптеген суда еритін ішек мембранасынан өте алатын заттар пайда болады және олар ішекте 10-12 сағаттай кідіреді. Ішектің шырышты қабығының құрылысындағы ерекшеліктерге байланысты ішек түтігіндегі заттар мен оның қабырғасы беттеседі де сіңіру алаңы ұлғая түседі. Сондықтан аш (мықын) ішекті ас сіңуге бейімделгенағза деуге де болады.
Аш ішектің кілегейлі қабығында көптеген қатпарлар, бүрлер (ворсинкалар) бар. Бүр дегеніміз ішек қуысына қарай бағытталған бармақ тәрізденіп созылған кілегейлі қабықтың ұсақ катпары. Әр бүрдің қақ ортасында дәнекер тін қоршаған бір ұшы бітеу лимфа капилляры, ал оның айналасында бірнеше қан капиллярлары тарамданған, 1-2 жінішке артериола және венула болады. Ас сіңерде қоректік заттар ішек қуысынан, оның қабырғасындағы эпителийден бүр тамырларына өтеді.