Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Ағзадағы жылу алмасу. Адам денесінің температурасы



бет49/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   114
Ағзадағы жылу алмасу. Адам денесінің температурасы.
Адам денесінің тұрақты температурасы изотермия деп атайды. Тұрақты температура ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостаз) сақтайды. Тіршілік бабында адам ауа райы қаншама құбылмалы болса да төтеп береді. Адам ағзасындағы дене темпертурасы тұрақты- 36-37° болады. Ол 70-80° аязға да, 50-60° ыстыққа да көндіге алады және өзгермейді. Дене температурасының мұндай тұрақтылығы, жүйке-қан жүйесі арқылы реттелуіне байланысты. Олардың бір-бірімен байланысы өте нәзік, үйлесімді, сондықтан да температурасы бірқалыпты сақталады, яғни денедегі жылу реттеледі.
Жылу реттелуі дегеніміз сырттағы температура өзгерсе де дененің температурасын
қалыпты тұрақты күйінде сақтауы.
Дене температурасы ұдайы бір деңгейде, тұрақты қалыпта сақталады, яғни денедегі жылу реттеледі (терморегуляция), жылу өндіріп оның сыртқа шығуын реттейтін жүйке жүйесі және қан жүйесі реттеуші тетіктер кіреді.
Дене температурасының реттелуіне қарай гомойотермді (жылықанды) және пойкилотермді (салқынқанды) жануарлар болып 2 топқа бөлінеді. Бірінші топқа жататын жануарлардың температурасы тұрақты: олардың орталық жүйке жүйесі жақсы дамыған, осыған орай, жылу реттеу тетіктері де өте жоғары дәрежеде. Ең жоғары сатыдағы гомойотермді ағза - адам. Екінші топтағы, яғни пойкилотермді жануарда дене температурасы құбылмалы сырттағы температураға тәуелді. Мәселен, қыс пен жаз аралығында олардың температурасы 10°-тен 40-50°-қа дейін өзгереді. Олардың, әсіресе микроағзалардың тіршілік шегі өте кең. Мәселен, микроағзалар Камчаткадан да, яғни мұзды аймақтан да (0°-тан 50° аязға дейін) табылған. Микробтар тіпті температурасы 170° ыстық бұлақ - гейзерлерде де кездеседі. Өзбекстан ғалымдары метеориттен де тірі микроағзалар тапқан. Қосмоста температура өте салқын абсолюттік О-ге жақын, ал метеорит атмосфераға кірген сәтте өте ыстық (металдар балқиды).
Адам денесіндегі әртүрлі ағзалар мен олардың жеке бөліктерінің температурасы зат алмасуының деңгейіне байланысты өзгереді. Бауырда 37,8-38°С, тері сыртында 29,5-33,9°С, тік шекте 37,2-37,5°, қолтықта 36,0-З6,9°С.
Дене температурасының тұрақтылығы жылу өндіру мен жылу шығару үрдістерінің тепе-теңдігі арқылы қамтамасыз етіледі. Мұның негізі - белгілі физиологиялық жүйе тетіктерінің қызметі.
Жылу реттелуі физикалық және химиялық реттелу болып екіге бөлінеді. Физикалық реттелу жылу шығару деңгейін өзгерту арқылы, ал химиялық - жылу өндіру үрдісін күшейту не әлсірету арқылы, яғни зат алмасу қарқынын өзгерту арқылы іске асырылады. Жылу органикалық заттар тотыққан кезде пайда болады. 1 г ақуыз не көмірсу тотыққанда 4,1 ккал, 1 г май тотыққанда 9,3 ккал жылу пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет