Тыныс алу жүйесінің физиологиясы. Тыныс алу бұл ауадан оттегіні сіңіріп, көмірқышқыл газын шығаруын қамтамасыз ететін процесс. Адам қалыпты жағдайда бір минутта 250 мл оттегін жұтып, 200 мл көмірқышқыл газын шығарады екен.
Тыныс алу үш кезеңнен тұрады:
1) Сыртқы тыныс алу; 2) Газдардың қан арқылы тасымалдануы; 3) Ішкі тыныс алу. 1. Сыртқы тыныс бұл өкпедегі газ алмасу болып, атмосферадағы оттегі өкпеге өтіп, өкпеден көмірқышқыл газын шығаруын айтамыз. Сыртқы тыныс алу ағзада екі механизм бойынша жүреді:
дем алу- инспирация;
дем шығару- экспирация.
Иниспирация мен экспирация тірі организмде өзара жымдасып үйлесім тапқан өмір бойы бірінен соң бірі кезекпен келіп отырады.Ауаны өкпеге тартып алып ,ондағы газ алмасуына қатысқан ауаны ауаны тысқа шығару ушін өкпе біресе ұлғайып біресе тарылып тұрады.
Дем алу яғни инспирация кезінде қабырғааралық бұлшық еттер жиырылады, көкет төмендейді, өкпе көлемі ұлғаяды.Өкпе альвеолалары серпімді тіндергеи бай ,осыған байланысты олар жазылып ұлғайады да,көкірек қуысын кернеп түгелдей жайлап алады.Осы сатте альвеолаларда қысым азаяды да сырттан тартылған ауа өкпега қарай кіреді.
Дем шығару яғни экспирация кезінде қабырғааралық бұлшық еттер босаңсиді, көкет 1,5 см жоғарлайды, өкпе көлемі кішірейеді Дәл осы кезде альвеолаларда ауа қысымы күшейеді,мүнда ауа өкпеден сыртқа қарай шығады.
Бұл жерде көп белсенділік қабырғааралық бұлшық еттер мен көкет көрсетсе, өкпе пассивті рөл атқарады.
2. Газдардың қан арқылы тасымалдануы екі жолмен өтеді:
1. Оттегінің тасымалдануы. Эритроциттердегі гемоглобин өкпеде оттегін өзіне қосып алып, оксигемоглобинге айналады да, артериялық қан құрамында тіндерге тасымалданады. Оксигемоглобин — тұрақсыз қосылыс, тез ыдырап, оттегіні бөліп шығарады . Босап шыққан О2 капилляр қабырғасынан өтіп, тінге ауысады. Гемоглобин оттегіден басқа да газдармен қосылыс түзеді.