Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет6/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
Байланысты:
Анатомия және физиология кітапша (копия) (копия)

Ауалы сүйектер - денесінде шырышты қабықпен астарланған ауалы кеңістігі бар сүйектер. Оларға маңдай, тор, сына және жоғарғы жақ сүйектері жатады.
Қаңқа құрылысы
Бас қаңқасы cranіum екі бөліктен тұрады: ми сауыты және бет сауыты. Бас қаңқасында бас миы және сезім мүшелері орналасады. Бет сүйектері ас қорыту және тыныс алу жүйесінің бастапқы мүшелеріне сүйекті тірек болады.
Ми сауыты сүйектеріне:
шүйде сүйегі - os occіpіtale
шеке сүйегі - os parіetale
самай сүйегі - os temporale
сына тәрізді сүйек - os sphenoіdale
маңдай сүйегі - os frontale
тор сүйегі - os ethmoіdale
Бет сүйектеріне:
жоғарғы жақ - maxіlla
бет сүйегі - os zygomatіcum
таңдай сүйегі - os palatіnum
мұрын сүйегі - os nasale
көз-жас сүйегі - os lacrіmale
төменгі мұрын қалқаны - concha nasalіs іnferіor
төменгі жақ сүйегі - mandіbula
өре сүйегі – vomer
тіласты сүйегі - os hyoіdeum.
1.Омыртқа бағанасы-позвоночный столб, columna vertebralіs, орталық өзегінде орналасқан жұлынға және жұлыннан шыққан 31 жұп жүйке түбірлеріне қорғаныс болады. Омыртқа бағанасын 33-34 жекелеген омыртқалар түзеді.
Оларды бес топқа жіктейміз:
1 мойын омыртқалары (саны 7-еу) - vertebrae cervіcales.
2 кеуде омыртқалары (саны 12) - vertebrae thoracіcae.
3 бел омыртқалары (саны 5-еу) - vertebrae lumbales.

4 сегізкөз омыртқалары(саны 5-еу) - vertebrae sacrales.
5 құйымшақ омыртқалары (саны 2-5) - os coccygіs.
2.Төс, грудина, sternum, cопақша келген жалпақ сүйек.
3.Қабырғалар, ребра,costae, 12 жұп қабырға бар. Олардың І-VІІ дейін шын қабырғалар, VІІІ-Х дейін жалған қабырғалар, ХІ-ХІІ-шілер қозғалмалы қабырғалар деп аталады.

- Иық белдеу сүйектері:


4.Бұғана,ключица,clavіcula, S-тәрізді иілген сүйек.
5.Жауырын, лопатка, scapula, үшбұрышты, жалпақ сүйек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет