Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Эпикард, epicardium, жүректі қоршай орналасатын перикардтың бір бөлігі болып табылады. Перикард



бет77/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   114
Байланысты:
Анатомия және физиология кітапша (копия) (копия)

Эпикард, epicardium, жүректі қоршай орналасатын перикардтың бір бөлігі болып табылады. Перикард, pericardium, фиброзды және сірлі қабаттардан тұрады.
Жүрек қақпақшалары ашылып-жабылу арқылы қанның жүректе бір бағытта ағуын қамтамасыз етеді.

  1. Үш жармалы қақпақша, клиникалық атауы трикуспидалды қақпақша-оң жүрекше мен оң қарынша аралық тесікте орналасады;

  2. Екі жармалы қақпақша, клиникалық атауы митралды қақпақша-сол жүрекше мен сол қарынша аралық тесікте орналасады;

  3. Өкпе сабауының жарты ай тәрізді қақпақшасы-өкпе сабауының оң қарыншадан шығар жерінде орналасады;

  4. Қолқа қақпақшасы-қолқаның сол қарыншадан шығар жерінде орналасады.



Жүрек циклі және оның фазалары.
Жүрек қызметінің толық циклы 0,8 сек құрайды. Жүрек циклы дегеніміз жүректің бір рет жиырылып, бір рет босаңсу жолын айтамыз.Жүректің жүрекшесі мен қарыншасы бір уақытта жиырылмайды, бірінен соң бірі жиырылады. Жүректің жиырылуы систола, ал босаңсуы диастола деп атайды. Жүрек циклы үш сатыдан тұрады:
1-саты жүрекше систоласы- 0,1 сек. Бұл кезде жүрекше жиырылады, атриовентрикулярлық қақпақшалар ашылады, қан жүркешеден қарыншаға өтеді.
2- саты қарынша систоласы- 0,3 сек.Бұл кезде қарынша жиыралады,айшық тәрізді қақпақшалар ашылып, қолқа және өкпе сабауына қан айдалады.
3- саты жалпы үзіліс- 0,4 сек мұнда жүрекше де қарынша да босаңсиды, жүрекшелерге жоғарғы және төменгі қуысты веналардан, төрт өкпе веналарынан қан құйылады.


Жүректің көрсеткіштері. Систолалық ,минуттық көлемі
Жүрек жұмысының көрсеткіштеріне оның систолдық және минуттық көлемдері жатады.
Жүректің систолдық көлемі бұл жүрек қарыншасы тыныш жағдайда әр жиырылғанда 65-80мл айдалатын қанның мөлшерін айтады. Физикалық жұмыс кезінде жүректің систолдық көлемі жоғарылайды, шыныққан адамдарда ол 200мл дейін барады.
Жүректің минуттық көлемі- бұл тыныш жағдайдағы 1минут ішінде қарыншалардың айдайтын қан көлемін айтады. Оның мөлшері шамамен 5 литрді құрайды да келесі жолмен анықталады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет