Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Аяқтың үлкен тері асты венасы



бет83/114
Дата07.09.2022
өлшемі324,09 Kb.
#38580
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   114
Байланысты:
Анатомия және физиология кітапша (копия) (копия)

Аяқтың үлкен тері асты венасы, v.saphena magna, медиалды сыртқы табан венасының жалғасы болып сирақ және санның медиалды бетінен қан жинап, сан венасына құйылады.
Аяқтың кіші тері асты венасы, v.saphena parva, аяқ ұшы сыртқы бетінің веноздық торының латералды бөлігінен шығып, латералды тобықты айнала өтіп сирақтың артқы бетімен тізе асты шұңқырында тізе асты венасына құяды.

Қақпа венасының түзілуі.
Қақпа венасы, v.portae, ұйқы безі басының артында, төменгі шажырқай, жоғарғы шажырқай және көк бауыр веналарының бірігуінен түзіледі. Вена бауырға
асқазан-ішек жолынан келетін қанның құрамындағы зиянды заттарды жеткізеді де, олар бауырда залалсыздандырылады, гликоген қор ретінде жиналады. Ал бауырдан шыққан венозды қан төменгі қуысты вена жүйесіне түседі.
Төменгі шажырқай венасы, v.mesenterica inferior, тік ішектің жоғарғы бөлігінен, сигма тәрізді және төмендеуші жиектік ішек қабырғаларынан қан жинайды (жоғарғы тік ішек, сол жиек-ішек және сигма тәрізді ішек веналары).
Жоғарғы шажырқай венасы, v.mesenterica superior, жіңішке ішектен және оның шажырқайынан, соқыр ішектен және оның құрт тәрізді өсіндісінен, өрлеуші және көлденең жиектік ішектерден қан жинайды (мықын жиектік ішек веналары, ащы ішек және мықын ішек веналары, оң және ортаңғы жиектік веналары, оң асқазан-шарбы май веналары).
Көк бауыр венасы, v.splenica, көкбауырдан, асқазаннан, ұйқы безінен, он екі елі ішектен және үлкен шарбы майдан қан жинайды.


Құрсақтағы нәрестенің қан айналыс ерекшеліктері

  1. Құрсақтағы нәресте қажетті оттегі мен қоректік заттарды кіндік венасы арқылы алып, зат алмасу нәтижесінде пайда болған қалдық заттар мен көмір қышқыл газын кіндік артериялары арқылы анасына береді;

  2. Нәрестенің тек бауыры ғана таза артериалды қан алады;

  3. Жүрегінің оң және сол жүрекшесінің арасында сопақша тесік болады;

  4. Қолқа мен өкпе сабауының арасын артериалды (Баталов) өзегі орналасады;

  5. Кіші қан айналым шеңбері өз қызметін атқармайды;

  6. Баланың жоғарғы бөлігі оттегіге қаныққандау қан алатындықтан төменгі бөлігіне қарағанда жақсы дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет