RN төмендеуінің диагностикалық маңызы жоқ, ал RN жоғаралуы гиперазотемия деп аталады, ол екіге бөлінеді: ретенциондық және продукциондық.
Ретенциондық гиперазотемия – қан ағымына қалыпты мөлшерде түскен азот зәрге жеткіліксіз бөлінгенде байқалады. Ол бүйрекке тәуелді және бүйрекке тәуелсіз болады.
Ретенциондық гиперазотемия – қан ағымына қалыпты мөлшерде түскен азот зәрге жеткіліксіз бөлінгенде байқалады. Ол бүйрекке тәуелді және бүйрекке тәуелсіз болады.
Бүйректік ретенциондық азотемия бүйректің экскреторлық қызметі бұзылғанда байқалады. Бүйрекке тәуелсіз ретенциондық азотемия қан айналымының жетіспеушілігі, артериялық қысым төмендеуі, бүйректің қан ағымының жылдамдығының төмендеуі, зәр шығару жолдарының бітелуі (тас, ісік) кезінде пайда болады.