БІЗДІҢ МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ
НАША ГОРДОСТЬ
_____________________________________________________________
УДК:378
Н.А. Фесенко
Заместитель руководителя отдела образования города Семей
Выпускница СПИ им. Н.К. Крупской, исторического факультета 1983 года
ИНСТИТУТ – ГЛАВНЫЙ ВЕКТОР МОЕЙ ЖИЗНИ
Автор статьи – выпускница исторического факультета СПИ им. Н.К. Крупской 1983 года –
повествует о годах, проведенных в педагогическом институте, о профессиональной деятельности,
сложившейся после окончания вуза, а также о тесной связи и сотрудничестве вуза со школой.
В преддверии 80-летия Семипалатинского государственного
педагогического института, как выпускнице, мне очень приятно поделиться
воспоминаниями.
В институте прошли мои лучшие годы жизни. В 1983 году после
окончания педагогического института имени Н.К. Крупской начала работу
в средней школе № 11, сначала заместителем директора, а впоследствии
директором.
В памяти остались яркие впечатления от научных, учебно-методических
мероприятий, лекций, семинаров, общения. В пединституте работали
замечательные педагоги: Городецкая Валентина Степановна, Чалая
Людмила Андреевна, Ищенко Людмила Васильевна, Приходько Илья
Тимофеевич, Бондарева Анфиса Ивановна, Шмакова Юлия Ивановна,
Тарасенко Екатерина Михайловна, Зарифова Мадина Абдрахмановна, Миллер Валентина
Александровна.
Учёба в институте с первого курса сочеталась с практикой в школе: сначала это была практика
по работе с «октябрятами», потом с пионерами, далее учительская практика и практика организатора
по воспитательной работе. Продолжение практики было в пионерском лагере, к работе в котором
мы готовились целый год. Этим отличался историко-педагогический факультет. Наверное, поэтому,
придя в школу, мы не боялись детей, нам было легко.
Приятно сознавать, что выпускники историко-педагогического факультета работают не только в
Семее, но и за его пределами, в том числе и за рубежом, занимают различные должности.
Все это реализовано благодаря тому, что в институте были созданы условия для личностного
роста. Я с благодарностью вспоминаю все хорошее, связанное с институтом.
Сегодня наш ВУЗ идёт в ногу со временем, внедряя новые технологии, расширяя сотрудничество
с ведущими вузами Республики, зарубежья. Я теперь работаю заместителем руководителя отдела
образования города Семей. В начале 2013-2014 учебного года по инициативе руководителя городского
отдела образования Алтынбековой Гульжан Каирхановны и ректора государственного университета
имени Шакарима г. Семей Амирбекова Шарипбека Агабаевича был заключен меморандум о
всестороннем сотрудничестве, в рамках которого стартовали несколько педагогических проектов
по программе «Вуз – школа». В их числе: организация школьных базовых площадок,
исследовательская работа на базе двух экспериментальных школ, работа каникулярной школы.
Педагоги 15-ти кафедр Высшей школы университета под руководством Сауле Сериковны
Тулеугалиевой, совместно с учителями 18-ти школ города, проводят исследовательскую работу,
которая направлена на расширение сферы профессиональной деятельности преподавателя вуза и
120
учителя школы и способствует привлечению педагогов к работе в режиме сотрудничества.
На базах двух экспериментальных школ СОШ № 4 и СОШ № 32 города Семей, по гуманитарному
и естественному направлениям творческими группами преподавателей Высшей школы педагогики
университета проводится исследовательская работа по педагогической диагностике и составлению
профессиограмм личности педагогов. Итогом совместной работы вуза и школы стало обобщение и
презентация результатов исследовательского проекта, разработка и издание методических
рекомендаций педагогам школ. Вкладом педагогов вуза в рамках проекта, было то, что в фонд
библиотеки КГУ СОШ № 4 переданы в подарок профессором к.ф.н. кафедры теории и методики
казахского языка Қ. Шаяхметұлы 200 экземпляров учебно-методической литературы; доцентом,
к.п.н. кафедры музыкального образования Н.К. Султановой – 9 учебников. Теперь педагоги
университета планируют совместно с учителями школ разработать спецкурсы, методическую
литературу, проводить интегрированные совместные уроки, и много других интересных мероприятий
на базе школы и вуза.
В рамках сотрудничества вуза и школы продолжается реализация программы Педагогического
континуума «Караван педагогического мастерства» университета для педагогов образовательных
учреждений Восточно-Казахстанской области.
Для учащихся и учителей школ региона на базе центра инновационных образовательных
технологий ГУ имени Шакарима совместно с педагогами Высшей школы педагогики организована
работа каникулярной школы.
Отрадно, что Государственный университет имени Шакарима г. Семей смотрит далеко в будущее,
направляя силы на укрепление связи вуза со школой и соблюдая преемственность в
профессиональной подготовке учащихся. Вуз следит за потребностью школы и поставляет
специалистов с тем багажом знаний, умений и навыков, которые реально нужны для работы с детьми,
что способствует реализации одного из главных направлений Государственной программы развития
образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы – развитие конкурентоспособного
человеческого капитала.
Система подготовки учителей в университете позволяет повышать престижность обучения
профессии учителя и привлекать к педагогическому труду по-настоящему талантливую и
амбициозную молодежь.
В душе я – патриот института и внимательно слежу за его успехами, радуюсь им. Желаю институту
процветания.
The institute is the main victor of my life
N.A. Fesenko
The author of the article is a graduator of historical faculty of 1983 Semey Pedagogical institute
named after N.K. Krupskaya describes the years that were spent at the pedagogical institute about
professional activity, that was carried out after the graduating of the higher institution and also about
close link and cooperation of higher institution with school.
Институт – менің өмірімдегі басты арқау
Н.А. Фесенко
Мақалада педагогикалық институт пен қала мектептерінің арасындағы байланыс, ғылыми-
зерттеу, эксперимент жұмыстарының жүргізілуі, ЖОО мен мектеп мұғалімдері бірлесе атқарған
жұмыстары жайлы айтылған.
121
УДК:378
Ш.А. Жанаева
М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры
ТАҒЗЫМ
Мақалада Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институт түлегі Ш.А.Жанаева қазақ тілі
мен әдебиеті кафердасының оқытушылары Қ.Мұхамедханов, Қ.Шаяхметұлы, А.Еспенбетов, Қ.
Машһүр-Жүсіпов сынды белгілі ғалымдардан дәріс тыңдап, тәлім алған сол кездерді сағынышпен
еске ала баяндайды.
Таяуда сексенжылдық мерейтойын атап өткелі отырған педагогикалық
институт – елімізде алғаш ашылған жоғарғы оқу орны, ғылыми мәртебесі
биік қара шаңырақ. Осы жылдар ішінде Семейдегі бұл оқу орнын бітірген
мыңдаған мұғалім тек мектептерде ғана емес, еліміздің сан тармақ
тіршілігіндегі ғылым-білім саласын ұдайы жаңғырта дамытуға үнемі сүбелі
үлес қосып келе жатыр. Еліміздің мақтанышына айналған көптеген қоғам,
мемлекет қайраткерлері, атақты ғалымдар мен белгілі ақын–жазушылар
да осы оқу орнының қабырғасынан түлеп ұшты. Ақыл–парасаттың,
адамгершілік пен ізгіліктің, ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің
киелі орталығы саналатын осы білім ордасында маманданған кадрлар
ауданның, облыстың, республиканың түрлі салалық органдары
басшылығына дейін көтеріліп, жемісті қызмет атқаруда.
Өз басым қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығына (ол
уақытта институтымыз Н.К. Крупская атында болатын) 1982 жылы қабылдандым. Білімге ынтық
жастар үшін ол заманда педагогикалық институтта оқу зор мәртебе саналатын. Біз қазір, есейген
сайын, институттағы сол бір «махаббат, қызық мол жылдарға» ойша жиі-жиі көз жүгіртеміз. Сондағы
студенттік өмірдің білім қуу жолында бітіп болмайтын қызығы мен «шыжығы» әлі күнге дейін
есімізден кетпейді. Жадымызда мәңгілік сақталатын ең әсерлі романтикалық шақ та – сол дәурен.
Яғни, түздің аңғал баласына, алғашында, әйгілі Семейдің архитектуралық болмыс-бітімі де,
гүлзарлар мен жеміс-жидек аңқыған көшелері мен базарлары да, кітапханалары мен музейлері де,
ауылдастарға қарағанда сұрқы суықтау қала тұрғындары да, Қара Ертіс пен қалың орман да, бәрі
таңсық, – бейне бір, ертегі елінің сиқырлы сағымға бөккен жарқ-жұрқ жұмбақ көріністеріндей еді.
Ұстаздарымызды көргенде, қарадай қысылып әлек болатынымыз және бар...
Оқу ғимаратымыз Абай көшесінің бойындағы қосқабатты қызыл үй (қазіргі Қаз. ГЮУ-дің бас
ғимараты). Топта жиырма бес студентпіз; алты ұл, он тоғыз қыз. Ол уақытта «даярлық курсы»
деген оқу түрі болатын, содан жеті бала қабылданған; институт оқытушыларынан тікелей дәріс
алғандықтан ба екен, мектеп бітіре салып оқуға түскен біздерге қарағанда, ол жетеудің ішіндегі
ұлдар әжептәуір ересек көрінетін. Ұсақ-түйек шаруаға да икемдірек, байсалдырақ. Жүріс-
тұрыстарымен де, тіпті, қыздарға ұнамақ болғандағы қылықтарымен де өзгешеленіп тұратын.
Жиырма бес сом шәкіртақы аламыз. Жатақханамыз – сол жақ жағалаудағы Жамбыл көшесі, 20-
үйде орналасқан бесқабатты кірпіш үй. Бір топқа әр қиырдан жиналған жастар басында бір–бірімізді
жатсыныңқырап жүрсек те, кейін бір үйдің баласындай жамыраса туыстасып кеттік. Онда біздермен
қатарлас жаратылыстану, тарих факультеттерінің студенттері де тұратын. Болашақ тарихшыларымыз
қоғамдық ресми шараларға өте белсенді болса, жаратылыстанушыларымыз әдебиетшілер секілді
аңқылдақ, ашықмінезді еді. Денешынықтыру факультеті студенттері, көбінесе, өздерінің ожарлау
қылықтарымен есімізде қалыпты.
Мұғалімдік мамандықты таңдауымызға, белгілі бір мөлшерде, бастауыш мектептегі алғашқы
ұстазымызға деген балалық ынтықтығымыз да, сол кездегі жұртшылықтың мұғалімдерге деген
айырықша құрметі де ықпал еткендігі анық болса керек-ті. Алайда, ол таңдаудың мамандыққа деген
шынайы ықылас пен сүйіспеншілікке ұласуының қоршаған ортаң мен өзіңнің жеке талпынысыңа
122
да, іс–тәжірибе жұмыстарының озықтығына да, т.с.с. көптеген факторларға тікелей
байланыстылығын өмір ұқтырды. Мамандығымызды шыңдаудың, оны сүйе білудің сондағы ең
басты алапат рухани қуаты, әрине, – білімді де білікті оқытушылар қауымының жылдар бойғы ерен
еңбегі. Иә, «ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» дегендей, қазақ филологиясы факультетінде сол
кезеңде кілең мықты ұстаздардың шоғырлануы білімге, ғылымға деген ынта–ықыласымызды еселеп
арттырғанына дау жоқ. Олардың киген киімдердің өзі де көзімізге өте сүйкімді көрінетін; жүріс-
тұрыстарына да барынша еліктеп, өзіндік кейбір әдеттеріне дейін көкейімізге тоқып алатынбыз.
Ұстаздарымызға деген іңкәрлігіміз соншалық, мәселен, сабақ бойы саңқылдап шешен сөйлейтін Т.
Жұмажанова апайдың «ң» дыбысын «н» деп қолдатынын да қызық көріп, оңашада өзіміз де бір сәт
сол кісіше «дәріс оқып» мәз болушы едік. Біз үшін әрқайсысы өзінше бір-бір мектепке айналған
олардың мінез-құлықтары да, сабақ беру тәсілдері де әртүрлі еді. «Бәрін айт та, бірін айт» демекші,
Қуандық (Фазыл Мәшһүр Жүсіп) ағайдың ешкімдікіне ұқсамайтын ерекше қылықтары мен әдеттері
қайран қалдыратын. Марқасқаларға тән дөңес маңдайы жарқырап, аудиторияға кіріп келгенде, біз
ол кісінің еш өзгермейтін «әпенделік пошымына» іштей сүйсіне күліп отыратынбыз. Шалбарының
қысқа балақтары, жүріп келе жатқанында, екі жаққа үнемі «ескек есетін»; дәу портфелінің аспалы
құлыптарының әйтеуір біреуі қашанда ағытулы болатындықтан, іштегі бума-бума жазбалары (оларға
қоса, қырық жылғы сарғайған алуан газет қиындылары мен көне фотосуреттер, лекцияларға қажетті
өзге де толып жатқан материалдар) сыртқа ерен будырап, шашыла төгіліп қалатындай, көрген
адамның көңілін біртүрлі алаң күйге түсіретін. Галстугының түзу тағылған кезін де бір көрмеппіз.
Соның бәрі Қуандық ағайдың «әпенділігінен» емес, рухани ғылым-білімге жан-тәнімен біржолата
құлай берілген адамның тұрмыстық ұсақ-түйек дүниелерге онша мән бере бермейтін ірілігінен
екендігін біз бертін келе ұғындық. Сабақ түсіндіруі де қызық еді; мысалы, «Ажардың үлбіреген
уыздай бетінен ана жігіт күректей алақанымен салып қалғанда!..» деген мысалы әсерінің күштілігі
сондай, сондағы ожар кейіпкер сол сәтте бізді де аяусыз ұрып жібергендей, бетіміз демде ду-у етіп,
шошып кететінбіз. Сөз құдыретін санамызға ол кісі солай да сіңіретін. «Әйгілі Мәшһүр Жүсіп
әулиенің ұрпағы» деген дақпырт та Қуандық ағайдың ұстаздық болмысын одан сайын құпияландыра
түсетін. Өкінішке қарай, атын естігеніміз болмаса, соңына аса мол рухани қазына қалдырған дана
Мәшһүр Жүсіп бабамыз туралы біз ол шақта дым білмейтінбіз. Ал, Қуандық ағамыз сол кезде
өзінің сондай аса аруақты атасының соңына қалдырған байтақ мұрасын саясаттың кесірінен жарыққа
шығара алмай, құсалық күй де кешіп, санасы сансырап жүреді екен ғой.
Қуандық ағайды сағынсақ, тағдырдың талай сынынан өткен Жұмағали Шәкенұлы Шәкенов ағай
да еске түседі. Қазақ тілінен сабақ беретін ол кісі де өзінше бір қызық мұғалім еді. Дауысы
майдақоңыр, мінезі де өте жұмсақ. Алдыңғы қатардағы қарны ашқан біреулеріміз бәліш жеп отырмыз
ба, арта отырған біреулеріміз екіншілерімізге «самолет»-хат ұшыртып» жатырмыз ба – шаруасы
жоқ; бәрін көре тұра, еш қабақ шытпай, сабағын бірқалыпты жүргізе беретін. Құдды, немерелерін
әлпештеген көңілі көл-дария қария дерсіз. Біздің де сондағы оғаштау қылықтарымыз әсте жуас
адамды басынғандағы оспадарлық емес-тін, жас балалардың жақсы көрген адамына жапа-тармағай
еркелеп қалмағындағы қиянатсыз қылықтарына көбірек ұқсайтын. Ал, алғашында біз үшін «қиямет-
қайымның» нақ өзі болған «Тіл біліміне кіріспе» атты пәннен әйгілі сынша Бақыт Сарбалаевтың
туған інісі, ғалым Жақсылық Сарбалаев сабақ берді. Лекция үстінде ағайдың әр сөзін қалт жібермей
тұтас жазып алу үшін, арнайы екі-үш қалам алып барамыз. Бірінің сиясы біте қалса, екіншісімен
жорғалақтатып дегендей. Сондағымыз – ирек-ирек, үзік-үзік бірдеңе. Өйткені, дағдыланбағанбыз,
үлгермейміз. Соңыра ол «жазбаларымыздан» өзге түгіл өзіміз де ештеңе түсініп жарытпаған соң,
оқулыққа шүңілеміз, әр ережені кәдімгідей жолма-жол жаттаймыз келіп. Жақсылық ағайдың
«оқымасаңдар, көрешекті көрсетемін!» дегенін естіген сайын құтымыз қашады. Сөйтіп, қалтырай
жүріп, емтиханға кіреміз. Кіреміз де,... «онша көрешек көрмей-ақ», «аман-есен», жап-жақсы
тапсырып шығып та жүрдік. Сөйтсек, ол кісі бізді әдейі қорқытып та қояды екен-ау.
Әлбетте, дәріс оқып, сабақ бергеннің бәрі ұстаз емес. Шын мәніндегі ұстаз – жастардың ақыл-
ойын байытып, азаматтық тұлғасын кемелдендіре қалыптастырар озық тәлімгер. Ұстаздық болмыс-
бітімінің оқушы жүрегінің айнасында мәңгі сақталуы кез келген мұғалімнің маңдайына жазыла
бермейтін сирек бақыт болатыны да содан. Бұл тұрғыда бір өзі қаншама талапты жасты ғылым
жолына жалғыз алып шыққан Арап Слямұлы Еспенбетов ағайдың жөні бөлек. Наушабойлы, қимылы
123
шапшаң. Қайратты шашын қос қолымен салалай қайырып тастап жүретін. Сабаққа кіргенде
балаларды түгендеп те, бет-жүзімізге қарап та жатпайтын, лекцияға шұғыл кірісіп кететін. Тек,
сабаққа дайындықсыз келгенімізді, я болмаса, ықылассыз меңірейіп отырғанымызды байқап қалса
ғана, жалт етіп, одырая бір қарап алатын, ұлдарды уытты қалжыңмен табан астында «сұлатып
салатын». Сөзінің мәтелі де көбінесе: «Беу, мықтыларым-ай, сендердей кездерінде Мұхтар мен
Сұлтанмахмұттың нендей кереметтерді бітіріп үлгергендерін білсеңдер ғой!..» болып келетін ол
кісінің ішінде қандайда бір қуатты генератор бар секілді еді: сөйлеп кеткенде, алдындағы қағаздары
оңға бір, солға бір судырап!.. диктордың дауысындай мәнерлі де қуатты дауысы аузы ашылып, көзі
алақтап отырған бізді «жиырмасыншы ғасыр басындағы әдебиет» атты мүлде бейтаныс ұлан-ғайыр
жұмбақ әлемге бастай жөнелетін.
Ол кісінің «түгелденген төрт құбыласы» ғалымдығы мен ұстаздығы, азаматтығы мен ағалығы
деп білем. Сол төрт қасиетінен мен көп нәрсені үйрендім. Жалпы, жақсы адамның назарына ілігіп,
тілектестігін сезінудің өзі – бір бақыт. Ұмытпасам, Қадыр Мырза Әлі өлеңінің мынадай бір жолдары
бар-тын: «Жылап тұрған бейбаққа бірер жылы Сөз қандай – жоғарыдан бейуақта Жаратқан қол
созғандай!». Солай деп ақын айтпақшы, ғылыми ізденістің бастапқы кезеңдерінде өзіңе деген
сенімсіздік пен күдіктен арыла алмай дал болып жүргеніңде, ұстаздың жанашырлығы мен ақыл-
кеңесі қандай қажет десеңізші; сенімнің нығайып, талабыңның өсуіне, қабілетіңнің дамып,
қадамыңның сәтті болуына себепкер болады. Жалпы, өмірде жас адамның тағдырын ырысты жолға
белгілі бір жеке тұлғалар да бағыттап отырады екен. Сондай шапағаттың айқын мысалы – Арап
Слямұлының мендей шәкіртінің де ғылыммен айналысуына ықпал етіп, еңбегін дер кезінде қорғап
шығуына қолынан келген бар қамқорлығын жасап баққандығы.
Профессор Қинаят Шаяхметов аға саналы ғұмырын тіл біліміне арнаған ғалым. Біз оқыған кезде
де тым қатал талабымен ерекшеленетін. Содан ба екен, ол кісінің аласалау бойының өзі де
алпамсадай көрінетін. Оң-солына аса жылдам жиілікпен тоқтаусыз жүгіріп тұратын көз-жанары
бейне бір «электронды көз» секілді. Бір қарағанда аудиторияны кемінде он шола, демде шарпып
өтерлік сол өткір көз өзінің әлгіндей «электронды ілкім тербелісін» иесі кафедраға сөйлеп шыққанда
тіптен шапшаңдатып жіберетін. Тіл табиғатындағы нәзік құбылыстарға дейін «жіліктеп шағып»,
мейлінше терең талдайтын ағай әр сөзін шегелеп айтатын. Нендей тақырыпты қозғаса да, күрделі
ғылыми жосыннан бір де бір жаңылыспай, қашанда дәлме-дәл заулата сөйлеп, бізден де солайша
нақпа-нақ жауап беруді талап ететін. Сабағына тіп-тік қалпында келіп, тіп-тік қалпында шығып
кететін. Топтағы студенттердің бәрі, басқа сабақты қарап үлгермесек те, әуелі жатпай-тұрмай сол
кісінің сабағын оқуға барымызды салатынбыз. Жазғы-қысқы сессия уақыттарында жатақханада
тұратын группаластар жаппай жиналып алып, көбінесе, жеке–жеке тақырыптарды таңғы үш-төртке
дейін бір–бірімізге түсіндіре қайталап, емтиханға мұрнымыздан шаншыла дайындалатынымыз
есімізде. Сынақтан аман-есен өткенімізді жақсылап тұрып балмұздақпен «жуамыз», тобымызбен
кино көріп қайтамыз. Қазір ғой – сол кездегі тірлігіміздің өзімізге біртүрлі күлкілі де қызық болып
көрінетіндігі, ол кезде күлу қайда-а! Күлу демекші, Қинаят мұғалім өте сирек күлетін. Күле қалса,
ештеңені түсініп жатпастан, гу-у етіп, біз де қосыла күлетінбіз. Соның өзі сұсты адамның кенет
жадырағанына таң қалғандығымыздан ба, әлде, ондай жандардың сирек күлкісінің мейлінше
сүйкімді де әсерлі қабылданатындығынан ба, жоқ әлде, қатал ұстаздың сәттік мейірлі күйіне тосын
ризалығымыздан ба, бәлкім, күрделі пәнді онша меңгере алмай қорыққандағы аздаған
жарамсақтығымыз да болған шығар, кім білсін; әйтеуір, сондағы «ілеспе гу»-іміздің сырын өз басым
осы күнге дейін түбегейлі түсінген емеспін.
Үшінші курста «Қасым Аманжолов шығармаларындағы фразеологизмдердің қолданылуы» атты
курстық жұмысымды Қинаят Шаяхметовтан алдым. Ағайдың ондайлық тапсырмаларын тобымыздан
бірнеше бала қолға алғанымызбен де, қорғалған жұмыс тақырыбын одан әрі дамытып, дипломдық
жұмысқа сәтті жалғастырған – мен ғана. Өйткені, ағай әр шәкірттің белгіленген жұмыс көлемін
толық меңгеріп, жан-жақты игеруіне, мерзімді уақытта оң нәтиже көрсетуіне ерекше мән беретін.
Уақытпен жүріп-тұруға, тәртіпке үйретті. Сөйтіп, «қиын» ағаның темірдей тәртібінің «моры» мен
қатаң талабының «тезіне» түсіп, дипломдық жұмысымды сәтті аяқтадым, топтағы жиырматөрттің
ішінен оқуды үздік бітіріп шыққан екеудің бірі болдым. Екі жыл ауылда мұғалімдік қызмет атқардым
да, ғылым жолын қумаққа біржолата бекініп, қайыра Семейге келдім. Біраз уақыт облыстық «Семей
124
таңы» газетінің корректорлық шаруасында жүрдім. Көп ұзамай, ұлы Абайдың қаладағы мемлекеттік
қорық-мұражайының Бас Ғимаратынан бір-ақ шықтым. Оған да себепкер болған – институттағы
ұстазым. Ол – әйгілі аңыз адам, Қайым Мұхаметханов ағай болатын. «Қазақ университетінде біз де
оқыдық. Бірақ, біздің бүгінгі шәкірттерден бір айырмамыз, аздап мақтаныңқырап айтсам,
артықшылығымыз бар: Біз – Мұхтар Әуезовтың лекциясын тыңдаған кісілерміз!»,-деп, атақты
Зейнолла Қабдолов насаттанғандай, біз де «Семей пединституында ұлы Қайым ағаның алдын
көрдік!» деп мақтанамыз. Өйткені, ғылым атаулы саясаттың құрсауынан босаған қазіргі заманда
академик, мемлекеттік сыйлықтың иегері, әйгілі абайтанушы-мұхтартанушы Қайым ағаның өмірі
мен творчествосының өзі жан-жақты зерттелуге тиіс өзінше бір ғылымға айналды. Мақала көлемі
көтермейтіндіктен, ол кісінің өзіміз куә болған ұстаздық бірер қырын айтуға ғана мүмкіндік бар.
Алдымен, Бағила апай туралы бірер сөз.
Бағила апай институтта қазақ тілінен сабақ берді. Аса сабырлы. Киім киісі де, жүріс-тұрысы да,
сөз сөйлеу мәнері де қарапайым. Бізге әсіресе сабақты түсіндіру тәсілінің қарапайымдылығы қатты
ұнаушы еді. Мәселен, ол кісі лекция барысында хрестоматияларға немесе арнайы оқулықтарға көп
жүгіне бермейтін. Өзімізге әбден таныс кәдімгі студенттік күнделікті тұрмыс-тіршілігімізден түрлі
мысалдар келтіріп-ақ, қазақ тілінің небір күрделі ережелері мен ұғымдарын миымызға жарқ еткізіп
оп-оңай орнықтыра қоятын. Ол тәсілдің ұтымды әрі тиімді болғаны соншалық, «Б.С. Сайлаубаева
апайдың да сондағы мысалдары, Фазылұлы Қуандық Мәшһүр Жүсіп ағамыздікі секілді, осы күнге
дейін санамыздан саңқылдап сөйлеп тұрады» десем, артық айтпаған болар едім.
1992 жылы, Семейдегі Абай мұражайының экспозиция бөлімінің басшылығы қызметінен
қаладағы М. Әуезов атындағы педагогикалық колледж (ол кезде педучилище) директоры Нәубәт
Қалиев (қазір белгілі саясаткер, саяси ғылымдарының докторы,) ағамыздың арнайы шақыруы
бойынша, сол оқу орнындағы тәрбие жөніндегі орынбасар қызметіне ауысып бардым. Бағила
Сайлаубаева апаймен сонда қайыра қауыштым. Кейін аталмыш оқу орнында директорлық қызмет
атқарсам да, ол кісінің алдын кесіп өткен күнім жоқ. Сол баяғы ұстаз бен шәкірт күйімізде, ширек
ғасырға жуық сыйласа бірге жұмыс істедік. Ал, жоғарыда айтқанымдай, Абай мұражайына қызметке
тұруыма ұстазым Қайым аға себепші болды. Бір жексенбі күні қала көшесінде келе жатып, Қайым
ағаны көріп қалдым. Жалпылдап амандасып жатырмын. «Алдынан мыңдаған шәкірт түлеп ұшқан
бұл кісі мені қайдан есінде сақтасын, ұмытып қалған шығар?» деген күдікті де ішімнен ойлап
тұрмын. Жоқ, олай емес екен; бірден: «әй, жақсы бала, сен мұнда қайдан жүрсің?»-деп жөнімді
сұрап; мәніске қаныққан соң, бірден: «партия газетінің типографиясы сенің көз майыңды тауысып
қана қоймайды, миыңды да жеп бітіреді. Ғылым қуғың келсе, мұражай мен мұрағатқа бар»-деді де,
сол күйінде мені жетектеп алып, жазушы-сыншы Төкен Ибрагимов аға басшылық ететін Абай
мұражайына алып барды.
Қайран Қайым аға!.. Әлі есімде, әр дәрістің алдында, мінбер қасында басы салбырап, міндетті
түрде бір минуттай үнсіз тұратын. «Сонда арманда кеткен Алаш арыстарына дұға қайырып отыратын
болуы керек»-деп ойлаймын ғой бүгіндері, өзімше. Әйтеуір, сол үнсіз тұрысында үлкен мән бар
екендігін лекцияға келіп отырған бәріміз де анық түсінетінбіз. Демімізді ішке алып, қимылсыз
қатып қалатынбыз. Қалай басын көтереді, аудитория іші жанданып сала береді. Ол кісінің адамдық,
ұстаздық бекзаттығы кескін-келбетінен-ақ айқын аңғарылып тұратын. Өзгелер секілді ауызбен емес,
көмеймен күлетіндігі де – Қайым ағаға ғана тән айырықша бір дегдарлық нышан еді. Сабақ үстінде,
саусақтарының ұшы өзінше әдемі жымдасқан қолдарын кезек-кезек жоғары көтере, көркем де көсем
сөйлеп беретін. Сонда ұстазымыз әр Сөзді әуеге аялай көтеріп, әлпештеп тұрғандай әсер қалдыратын.
Айтқанының бәрін аузымыздың суы құрып тыңдайтынбыз. Бір қызығы, Қайым Аға студентке
ешқашан нашар баға қоймайтын. Барлығымыз кілең төрт пен бес алатынбыз. «Сендерді өмір өзі
бағалайды, бағасын өзі қояды, айналайындар!»,-дейтін, сынақ кітапшамызға әдемілеп қол қойып
жатып.
Ұлтының рухани дүниесін түгендеуде ұшан-теңіз білімін, барша қабілетін сарқа жұмсаған Қайым
ағаның ғұламалығы, ұлтын өлердей сүюі дос тұрмақ, дұшпанға да өнеге боларлықтай еді. «Біздің
қазақтың әдебиеті қазыналы... Заман жақсарады, әлі талай дүниені ашық айтар кез туады, – дейтін
ол, күрсіне тұрып. Ондайда көмекейі бүлкілдеп, көзі жасаурап, сөзден сәл кідірістеп қалатын.
Тарихымыздың ақтаңдақ кезеңдерін, әдебиетіміздің небір «ақтабан шұбырындысын» қабат-қабат
125
ішкі мұң-шерімен солайша ишаралап меңзейтінін біз ол кезде қайдан білейік! Қайран Қайым Аға!!!
Уақыт деген жүйрік қой; ғылым сырына үңілдірген, сыны мен мұңы, қиындығы мен қызығы
алмаса тасқындап жататын студенттік төрт жылғы дәурен де бір күндегідей болмай өте шықты.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары Қ. Мұхаметханов, А.С. Еспенбетов, Қ.Ш.
Шаяхметов, Қ.Ф. Мәшһүр-Жүсіпов, Т.Қ. Жұмажанова, Б.С. Сайлаубаева, Ж. Сарбалаев. М. Н.
Рахманова сынды белгілі ғалым–ұстаздардың дәрісін тыңдап, тәлімін алу бақыты бұйырған біздерге
бүгіндері сол төрт жыл оқыған ғимаратымыз да, жатақханамыз да ерекше ыстық көрініп, қимастық
сезімді әрдайым күшейте түседі. Артық айтқандық емес, жүрек шіркін сондайда сол баяғы албырт
та аяулы шағымызбен демде қайта қауыштырардай алабөтен шымырлап; өзге түгіл өзіңді де
аяғандағыдай, кәдімгідей көңілің босайды...
Worship
Sh.A. Zhanaeva
The article deals with meeting with the alumni of the pedagogical institute named after N. Krupskaya
S. Z. Zanaeva, with the staff of the chair of Kazakh language and literature K. Mukhamedkhanov, K.
Shayakhmetuly, a. Espenbetov, K. Mashkhur-Zhusipov.
Поклон
Ш.А. Жанаева
Статья является неким воспоминанием выпускницы кафедры казахского языка и литературы
Семипалатинского педагогического института им. Н.К. Крупской Ш.А. Жанаевой о студенческой
жизни и учебе в вузе.
УДК:378
Достарыңызбен бөлісу: |