Андронов мәдениеті керамикасына жалпы сипаттама О. А. Андасов, студент, ғылыми жетекші: С. Қ. Сәкенов



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі225,05 Kb.
#6115

Андронов мәдениеті керамикасына жалпы сипаттама 

 

О.А.Андасов, студент, ғылыми жетекші: С. Қ. Сәкенов, аға оқытушы 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ. 

 

Біз  білетіндей  Андронов  мәдениеті  адамзат  тарихының  ең  маңызды 



кезеңдерінің  бірі  –  қола  дәуіріне  тән  мәдениет.  Адамзат  баласының  тас 

құралдардың  орнына  қоладан  жасалған  құрал-саймандарды  пайдалану 

заманы  –  қола  дәуірі  деп  аталады.  Андронов  мәдениеті  қола  дәуірінің  бір 

бөлігі  ретінде  Қазақстан  тарихында  өзіндік  маңызға  ие.  Бұл  мәдениеттің 

шекарасы,  шығысында  Енисей  өзені,  батысында  Орал  тауы,  солтүстікте 

Тайга, оңтүстікте Тянь  – Шань  тауларына дейінгі ұлан-ғайыр аумақты алып 

жатыр.  Оған  Қазақстан  территориясы  түгелімен  кіреді.  Бұл  мәдениеттің 

Андронов  деп  аталуы,  осы  мәдениетке  жататын  ең  бірінші  қорым  Оңтүстік 

Сібірдегі 

Ачинск 


қаласының 

жанындағы 

Андроново 

селосынан 

табылғандығына  байланысты.  Бұл  ескерткіштерді  1913  жылы  Б.В.Адрианов 

ашып, зерттеу жұмыстарын  жүргізді.  Андронов мәдениеті шартты түрде үш 

кезеңге бөлінеді. Ерте қола – б.з.б 18-16 ғғ, орта қола б.з.б. 15-12 ғғ, кейінгі 

қола б.з.б. 12-8 ғғ. Андронов мәдениеті 8-9 ғасырға созылады. Ендігі кезекте 

Андронов  мәдениетін жан-жақты  сипаттап  беретін,  бұл  мәдениетте  тіршілік 

еткен  тайпалардың  өмірін,  діни  наным-сенімдерін,  әлеуметтік  жағдайын 

айқындап  беретін  қыш(керамика)  ыдыстарына  тоқталып  кетсек.  Құнды 

тарихи  деректеме  болып  табылатын  қыш  археологиялық  ескерткіштерден 

алынған жәдігерлердің негізгі категориясын түзеді. Қыш ыдыстарды зерттей 

отырып,  ертедегі  тұрғындардың  түрлі  топтарының  өзара  қатынасын, 

шаруашылық  әрекеттерінің  ерекшеліктерін,  дүниетанымдарының  кейбір 

қырларын,  археологиялық  мәдениеттерінің  туыстастығы  мен  олардың  шығу 

тегін баяндайды.[1,31-35 б]  

Қоныстарды  мекендеушілерде  қыш  ыдыстарын  жасау  ісі  едәуір  орын 

алған.  Оның  бәрі  шаруашылық  пен  тұрмыста  пайдалануға  арналды.  Қола 

дәуірінде  құмыра  жасау  ісімен  әйелдер  айналысқан.  Құмыраларға  салынған 

өрнектер  негізінен  алғанда  штрихталған  үшбұрыштар,  зигзагтар,  шырша, 

дөңгелек батырып салған оюлар, сызықшалардан тұрды.  

Ыдыс-аяққа  қарап,  олардың  жасалу  техникасы  туралы  сөз  етуге 

болады.  Балшық  өте  мұқият  таңдап  алынды,  кейде  ол  бірнеше  шақырым 

жерден  әкелінетін  болған.  Кейін  барып  ұқсатылатын,  атап  айтқанда: 

мұздатылатын  немесе  жаз  бойы  әр  түрлі  арнайы  қоспалар  қосылып  иі 

қандырылып, одан кейін иленетін болды.  

Ыдыстардың  пішінін,  жасалу  техникасын  және  өрнегін  салыстыра 

зерттеу  қола  дәуіріндегі  мәдениеттің  әрбір  кезеңіне  ыдыстардың  белгілі  бір 

пішіні тән екенін анықтауға мүмкіндік береді. [2,96-98 б] 

Ерте қола дәуірінде бүйірі тікше немесе біраз шығыңқы, мойыны ішке 

қайрылған,  түбі жайпақ  ыдыстар  басым  болды.  Тісті немесе  тегіс  қалыппен 

түсірілген  шырша  өрнектері,  шаршы,  үш  бұрышты,  сопақша  ойықтар, 

қисайта  батырылған  түтікшемен  түсірілген  «орақ  тәрізді»  ойықтар, 



тырнақпен  түсірілген  өрнектер  көп  таралды.  Ыдыстардың  бүйірі  мен  түбі 

түгел  өрнектеледі.  Кейде  өрнек  тіке,  көлденең,  ирек  сызықтардың,  тік 

ирекшелердің, сызықшалармен толтырылған үш бұрыштардың қиюласуынан 

құрылады.  

Орта  қола  дәуіріне  тән  құмыралардың  түбі  жайпақ  келеді,  иіні 

дөңгелетіліп  немесе  мойыны  мен  бүйірінің  арасы  ойықталып  жасалады. 

Өрнек  тегіс  немесе  ұсақ  тісті  қалыппен  түсіріледі.  Бұл  дәуірдегі  ең  көп 

кездесетіні  геометриялық  өрнек  –  үшбұрыш,  меандр,  сынық,  ирек  сызық 

және  осылардың  әртүрлі  қиюласуы.  Тұрқы  дөңгелетіле  жасалған 

құмыралардың  көбінесе  ернеуі,  мойны,  үстіңгі  жағы  өрнектеледі,  ал  иіні 

ойық  көзелерде  сурет  үш  жерге  –  мойнына,  ортасынан  жоғарырақ  бөлігіне, 

түбіне жақындау жерге салынады. Кейде ыдыстың түбі өрнектеледі. 

Н.К. Рерих өзінің «Керамика тарихи дереккөзі ретінде» деген еңбегінде 

негізінен қыш ыдыстардың ою өрнектеріне тоқталып өтеді. Ою өрнектің екі 

негізі-  шұңқыр  және  оның  қыры.  Осы  екуінің  қосылуы  негізінде  әр  түрлі 

фигуралар  келіп  шығады;  өрнектің  сипаты  олардың  сапасына  өте  тәуелді 

болып келеді. Керамика жасау өнері әр дәуірде өзгеріске ұшырап отырғанын 

атап өтеді [3, 3 б.].  

Соңғы  қола  дәуіріндегі  құмыралардың  дені  иіні  дөңгелек,  бүйірі 

шығыңқы  болып  жасалады.  Олардың  ернеуіне  қиғаш  және  айқыш-ұйқыш 

кертпелері  бар  балшық  таспа  жапсырылады.  Кейде  иініне  өрнектің  басқа 

түрлерімен  қатар  ирек  сызық,  қисық  ойық,  шырша,  «меруерттер»  түрінде 

сурет  салынады.  Оқта-текте  үстіңгі  жағы  сопақша  ойықтармен  өрнектелген 

немесе ешбір өрнексіз құмыралар да кездесіп қалады.[4,84 б]  

Андронов  шеберлері  қыш  ыдыс  өндірісінде  қалыптарды  қолданған. 

Көп  жағдайда  жұмсақ  иі  қанған  балшық  қалыптың  ішіне  салынуы  мүмкін  ( 

ыдыс  жасалынатын  масса  жабысып  қалмас  үшін).  Қыш  дайындауда 

қалыптың  қолданғаны  мынадан  байқалады:  көптеген  ыдыстардың  астыңғы 

жақтары  іштен  қатты  сығымдалып  жасалған,  бұл  тек  сыртта  тіреп  тұрған 

қатты  қалып  болғанда  ғана  мүмкін  нәрсе.  Жұмсақ  үлгілердің  көлемінен 

тәуелсіз балшықтың қалыңдығы – 4 – 6 мм аралығында. 

Археологиялық мәдениетті бөлген кезде ғалымдар тек формасына ғана 

емес  қыштың  өрнектелуіне  де  назар  аударады.  Бұл  ежелгі  адамдардың 

ыдыстағы  өрнектері  мен  киімдегі  оюлары,  әшекейлері  мен  денеге  салған 

белгілері  арқылы  өз  халқын  басқалардан  ажырататындығына  байланысты 

туындаған.  Сондықтан,  қыштағы  өрнекті  де  этностың  айырмашылығын 

білдіретін көрсеткіш ретінде тануға болады. Зерттеген кезде оның құрылысы 

мен  элементтерін  ғана  емес,  өрнектегі  этникалық  көрсеткіш  болатын  әрбір 

өрнек жүйесінің салыну ережесін де анықтау маңызды.  

Ұзақ уақыт бойы алакөл мен федоровтық өрнектерде ұқсастық бар деп 

есептелді.  Оған  негіз  -  геометриялық  тікбұрышты  фигуралардан  құралған 

өрнектер  белдеуінің  салынуы  еді.  Бір  қарағанда,  осынау  абстрактілі 

фигуралар  андрондықтар  үшін  белгілі  мағына  бергені  мәлім,  олардың 

кейбіреулерінің  мәнін  көптеген  тарихи  және  этнографиялық  мәліметтермен 

жобалауға болады. Үшбұрыштар көптеген мәдениеттерде аналық бастаудың, 


жер-ана  өсімталдығының,  өсіп-өнудің  символы  болып  саналды.  Ромбылар 

тізбегі  өмір  ағашы  —бәйтеректі,  ирек  сызық  суды  бейнеледі.  Андрон 

көзелерінің  иықшалары  негізінен  қас  таңба  (свастика,  қолөнерде  "шыраш" 

деп  те  аталады)  элементтерінен  құралған  әртүрлі  композициялармен 

әшекейленеді. Қас таңбасы еркек жынысына қатысы бар өте көне белгілердің 

бірі. Ол күн мен өмір күшін білдіреді.  Оның бейнесі ыдыс ішіндегіні зұлым 

күштерден  сақтайды.  Қас  таңба  бейнеленген  ыдыстар  еркектердің  тектік 

символын білдіреді деп есептеліп, ерлер жерленген зираттардан басқа күйеуі 

бар әйелдердің зиратына да қоятын болған. [5, 87,117,162 б] 

Белгілі  жағдайларда  өрнек  күнтізбелік  мәліметтерді  де  берді.  Өйткені, 

балшық ыдыс бағзы дәуір адамдарының мифологиялық санасында әлем және 

оның  ерекше  бір  жазу  түріндегі  бедерін  бейнеледі,  коршаған  орта  туралы, 

аспан,  ғарыш  әлемі  мен  табиғат  құбылыстары  жөніндегі  түсінігінің  айнасы 

іспеттес болды.  

Қола  дәуірінің  соңғы  кезеңінде  шаруашылықтың  жаңа  формасының  – 

көшпелі  мал  шаруашылығының  дамуына  байланысты  қыш  ыдыстарды 

«мүйіз»,  «қошқар  мүйіз»,  «қос  мүйіз»,  «сынық  мүйіз»,  «тік  мүйіз»,  «ит 

құйрық»,  «табан»  секілді  өрнектермен  әсемдеп  отырған.  «Қошқар  мүйіз» 

өрнегі  мыңдаған  жылдар  бөліп  тұрған  халықтардың  мәдениеттерін 

байланыстыра ортақ белгілерін айқын көрсетеді.  

«Қошқар  мүйіз»  өрнегі  ежелгі  қола  дәуірі  тайпалары  бұл  өрнекпен 

ыдыс-аяқ  бетін  әшекейлесе,  қазақтар  әр  түрлі  бұйымдарды  безендірген. 

«Қошқармүйіз» өрнегі кілем, түскиіз, текеметтер, сандықтар, ағаш төсектерді 

өрнектегенде пайдаланылған. Әшекей өрнек өнерінің осындай бір мәнерінің 

өзі де араларын мыңдаған жылдар бөліп тұрған  халықтардың мәдениеттерін 

байланыстыратын ортақ белгілерін айқын көрсетеді. 

Беғазы-Дәндібай  мәдениетінің  ерекшеліктерінің  бірі  керамика  болып 

табылады.  Ол  «белдеулі  керамика»  деген  атау  алған.  Белдеу  қыш  ыдысқа 

балшықтан жапсырылған сәл дөңестеу жолақ түрінде болады және ыдыстың 

мойын тұсын сәндейді.  Белдеулі  қыш Беғазы-Дәндібай мәдениетінің барлық 

жерлеу орындарынан және қоныстарынан табылған ыдыстар тырнақ бедерлі, 

шырша,  ирек,  саусақ  ізі,  тор  үшбұрыштармен  әшекейленген.  Ою  ыдыстың 

жоғарғы жағында салынған. Қола дәуірінің көркем туындылары, сол кездегі 

қолөнердің 

жоғары 

деңгейде 



дамығандығын 

көресетеді. 

Қыш 

бұйымдарындағы  геометриялық  ою-өрнектер  әмбебап  таңбалар  кешені 



ретінде түсіндіріледі. [6,126 б] 

Қорыта  айтқанда,  қола  дәуірінің  ең  өзекті  мәселесі  хронологиясын 

жүйелеуде  қыш  ыдыстары  негізгі  аспекті  ретінде  қарастырылады.  Қыш 

ыдыстары қола дәуірінде өмір сүрген тайпаларды барлық қырынан танытады. 

Қола дәуірін зерттеудің өзекті мәселелерінің ішінде – қыш (керамика) өңдеу 

ісін  зерттеу  ерекше  орын  алады.  Негізгі  ою-өрнек  мәнерлері  –  тең  бүйірлі 

шимақталған  үш  бұрыштар,  неғұрлым  ұсақ  суреттерді  көмкере  салынатын 

үш  бұрышты  ірі фестондар  және  т.б.  Ежелгі дүние  тұрғындары  арасындағы 

мәдени  байланыстарды  анықтау,  қола  дәуірінің  кейінгі  кезеңдермен 

этномәдени сабақтастығын  зерделеу  қыш  өнеріне  тікелей  байланысты.  Қола 



дәуірінің  жерлеу  орындары  мен  қоныстарында  жиі  кездесетін қыш  ыдыстар 

және  оларға  салынған  өрнектер  ежелгі  дүние  тұрғындарының  өнері  мен 

шаруашылық түрінен хабар береді.  

Қыш  құмыраларды  зерттей  келе  мен  мынадай  ой  түйдім:  Андронов 

мәдениетіне  тән  қыш  ыдыстар  сол  дәуір  адамдарының  мәдениетін,  өнерін, 

тұрмыс-тіршілігін,  әлеуметтік  жағдайын,  басқа  мәдениеттерден  ерекшелігін, 

діни  көзқарастарын,  тіпті  психологиясынан  да  белгілі  бір  дәрежеде  мәлімет 

береді.  Бұл  мәдениеттің  ашылып,  зерттелгеніне  бір  ғасыр  болса  да,  оның 

зерттелмеген  қырлары,  бір  жүйеге  келтірілмеген  хронологиясы  әлі  де  болса 

ғалымдарды өзіне тартады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының өзекті объектісі 

болып қала бермек. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.  К.М.  Байпақов,  Ж.К.  Таймағамбетов,  Т.  Жұмағанбетов.  Қазақстан 

археологиясы. Алматы. Қазақ университеті, 2006.-72,83 б.  

2.  Талеев  Д.А.  Археология:  Тарих,  археология  және  этнология 

мамандықтарына  арналған  оқулық.-Астана:  Л.Н.Гумилев  атындағы  ЕҰУ, 

2010.-96,98 б.  

3.  Керамика  как  исторический  источник.  –  Новосибирск.  «Наука»  Сібір 

бөлімі, 1989. -54,70 б.  

4.  Хабдулина  М.К.  Гаврилов  Д.А.  Свиридов  А.Н.  Археология  северного  и 

центрального  Казахстана.  Библиографиялық сілтеме.  (1764-2012гг.).  Астана, 

2013.  


5.  Кузмина  Е.Е.  Классификация  и  периодизация  памятников  Андроновской 

культурной общности: монография. – Ақтобе: ПринтА, 2008. – 87,117,162 б.  

6.  Бейсенов  А.З.,  Варфоломеев  В.В.  Беғазықорымы.  Орталық  Қазақстан 

беғазы-дәндібай дәуірінде. Алматы: 2008.- 126б.  



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет