Ќанипа Бітібаева


ИНСЦЕНИРОВКА, КИНОСЦЕНАРИЙЛЕР ҚҰРАСТЫРУ



Pdf көрінісі
бет14/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   182
Байланысты:
Қ. Бітібаева. Әд.оқыт.иннов.әдіст.техн.

ИНСЦЕНИРОВКА, КИНОСЦЕНАРИЙЛЕР ҚҰРАСТЫРУ 
Киносценарий, инсценировкалар құрастырту  ‒ әдеби талдаудың тиімді тәсілдерінің 
бірі.  Бұл  жұмыстар  оқушылардың  көркем  мәтінді  терең  әрі  шығармашылық  жолмен 
түсінуіне игі ықпалын тигізеді. Сонымен қатар кино, сахна өнерлеріне деген қызығушылығын 
да  арттырады.  Оны  төменгі  және  жоғары  сыныптарда  да  орындатуға  болады.  Сынып 
ерекшелігіне байланысты орындалатын жұмыс  мазмұны да түрлі дәрежеде болып келеді. 
Мысалы,  5-сыныпта  М.Шахановтың  «Отырар  дастаны»  бойынша  киносценарий  де, 
инсценировка да құрастыруға болады. Төменгі сыныптарда мұғалім ондай жұмыстарды қалай 
орындаудың үлгісін өзі көрсетеді. Тіпті бір кинодан үзінді көрсетіп жіберудің маңызы зор. 
Киносценарий, инсценировкалар жасату сондай-ақ көркем мәтінді ыждағатпен, оймен оқуға, 
көркем  мәтінді  көз  алдына  келтіріп,  бейнелі  түрде  қабылдауларына  да  әсерін  тигізеді. 
Киносценарий  құрастыру  үшін,  бір  оқиға,  бір  көріністі  ғана  таңдап  алуға  болады  (шағын 
шығармаларды  тұтастай  алуға  да  болады.)  Мысалы,  «Отырар  дастаны»  бойынша 
төмендегідей киносценарий жасауға болады: 
 
 көрініс:  Отырардағы  соғыс.  Қамал  жаумен  қоршалған.  Жау  өрмелеп  қамалға 
шықпақшы болады. 
Бірақ  төбеден  жауған  тас,  лақтырған  әртүрлі  заттар  бет  қаратпайды.  Қамалды 
әрбір тұсынан өртеп қойған. «Беріліңдер!»  деген сөз жиі естіледі, Азалы саз үні. 


 
20 
II көрініс: Хан сарайы. Алтын тақ үстінде асқақтай отырған Шыңғыс хан. Қабағы 
қатулы,  қолы  қылышында.  Айналасындағы  нөкерлер  басын  төмен  иіп  тұр.  Ұлы  Шағатай 
екпіндей кіріп, хан алдына сылқ етіп отыра кетеді. 
Ш ы ң ғ ы с: 
‒ Даңқың қайда төске өрлеген? 
Екі жүз мың әскерменен, алты ай бойы кіп-кішкентай 
Отырарды ала алмау, 
Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау ‒ 
Ойы ‒ дауыл, 
Сезімі ‒ аспан, 
Тек жеңіспен көзін ашқан 
Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба. 
Намысыма сызат түсті мына сенің арқаңда, ‒ деп, ‒ 
Шыңғыс хан Шағатайға оқты көзін қадады. 
Ш а ғ а т а й :  
‒ 
Осы  өкініш мені де өртеп барады, 
Отырардың бақытына орнаған 
Болар, бәлкім, 
Алдырмай тұр зор қамал.  
Бірақ, әке, жүргенім жоқ аянып,  
Қанша үмітім желге ұшты,  
Қанша әскерім жер құшты.  
Дала жатыр қызыл қанға боялып. 
Егер бүкпей баяндасам шындықты, 
Рухы ‒ өр, Тәні – бекем,  
Бұл бір қайсар халық екен  
    Тірліктен де артық қойған бірлікті! 
Ш ы ң ғ ы с: 
‒ 
Шалалаусың, 
...Қай кезде де айла кескен нарықты 
Жақын барып үңілместен жауыңа, 
Шығам деме, ұлым, жеңіс тауына, 
Адам аз ба күшке сеніп адасқан? 
Жауың мықты, 
Бұған, сірә, таласпан. 
Әр мықтының осал жері болмай ма? 
Болса қайсы? 
Оған бастар жол қайда? 
Ал бұл сұрақ бар кезде сенің жүру керек басыңда, 
Менің күллі жеңісімнің құпиясы осында. 
Көңілінен күрт серпіліп наласы, 
‒ Ұқтым, әке! ‒ деп жымиды баласы. 
I I I  көрініс Жасырын қақпа ашылады. Жау қамалға лап қояды. Қара жамылған 
сатқын бетін бүркеп, шегіне береді. Жаудың масайраған даусы. Қамалдағылардың 
қарғысы. У- шу.., 
I V  көрініс. Тағы да Шыңғыс хан сарайы. Оны қоршағандар, Шағатайлар жүзінде 
қуаныш, асқақтай қарайды. 
 



 
21 
Шыңғыс  алдында  қанға  боялып,  азапталған  Отырар  ханы,  халық  батыры   
Қайыр хан. Денесі жеңілсе де, рухы жеңілмеген. Еңсесін түсірмей, тік тұр. Шыңғысқа 
оқты көзімен тура қарайды. Оның жанында бүк түсіп, Қарашоқы отыр. Жүзін көтере 
алмайды. 
Шыңғыс: 
‒ Иә, Қайыр хан, ‒ деді сосын жай ғана ‒ 
Рух елдің өзегі ғой қайда да, 
Ең әрісі 
Жеңілістің өзін де 
Шешкің келіп тұр өзіңнің пайдаңа. 
Жігіттерім рухыңа қармақты 
Салмақ болып, тәніңді әбден қорлапты. 
Қорлапты әбден 
Құлағыңды құнтитып, 
Мұрныңды да кесіп апты шұнтитып, 
Батырлықтан бағың бірақ жанған, ә. 
Маған қарап күліп тұрсың сонда да. 
Олар сенің жеңгенімен тәніңді, 
Амал нешік, 
Жеңе алмапты жаныңды. 
Мысқыл күлкің салды маған қаншама ой! 
Шіркін, сендей бес қолбасшым болса ғой, 
Қалың қолым ұқсап дүлей тасқынға, 
Бөлеп дарқан күйге мені, 
Бүкіл әлем билер еді 
Аяғымның астында! 
Ха-ха-ха! Ал мына бір сатқынды 
Құдай саған қайдан ғана тап кылды? 
Ха-ха-ха-ха-ха! 
Қайғылы әрі күлкілі, 
Қайран аңқау, дара тұлға, 
Аңғармапсың қанатыңа жасырынған түлкіні. 
Өрлігіңе осы болсын сыйлығым, 
Саған қидым бұл сатқынның билігін. 
Қ а р а ш о қ ы :  
‒ Ұлы ханым, Әділдік пе, мұныңыз? 
Өле-өлгенше 
боп өтейін құлыңыз. 
Отырарды 
Мен қол ұшын бермесем, 
Оңай жаулап алар ма еді ұлыңыз? 
 
               Ш ы ң ғ ы с: 
‒ 
Оған дау жоқ, 
Сенен асқан бар ма бірақ тірі өлік? 
Қастерлінің бәрін жыққан табанға 
Азған сен бе, 
Әлде мына заман ба? 
Тым құрыса 
Қасиетті бір сезім 


 
22 
Қалу керек емес пе әрбір адамда?.. 
Опасыздық жасадың ба еліңе, 
Ертең саған мені сату түк емес!.. 
Кәне, қылыш ұстатыңдар 
Қайсар батыр Қайыр ханның қолына! 
Қ а й ы р   х а н: 
‒ 
Тоқта, Шыңғыс! 
Бұл баланың әкесі бір нар текті  
Адам еді елге сыйлы, зиялы,  
Адам еді адал, ұшқыр қиялы. 
 Әкесі үшін перзентіне сеніп ем,  
Сатқын болып шықты мына тұяғы.  
Оны ойласам, от жүрегім қан болар,  
Сеніміме содан түскен таңба бар. 
Мақұл көрсең,  
Әкесін бұл сатқынның  
Осы араға алдырғаның жөн болар. 
Қ а р и я: 
 
‒  Сыйлы басым қуарды, 
Жария етіп жалғанымды, 
Менің қыран болғанымды 
Заман бүгін өтірікке шығарды... 
Қағу үшін сенің қайсар басыңды, 
Асығып тұр мынау залым Шыңғыс та! 
Ш ы ң ғ ы с: 
‒  Өкінгенмен  болмайды, 
Ешкімге де берілмейді бас сауға, 
Бұйрық еттім түгел қырып тастауға, 
Отырарда еркек кіндік қалмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет