Анықтамалар



бет10/13
Дата19.02.2023
өлшемі234,22 Kb.
#69261
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
1920–1941 жылдары туған «үнсіз ұрпақ». Бұл толқын Қазан төңкерісінен кейінгі әлеуметтік реформалар мен ұжымдастыруды, аштық пен соғыстың тақсіретін көрген, ауыр мәдени жарақат алған ұрпақ саналады. Содан да, басты құндылықтары – қатаң тәртіп, үнемдеу, қор жинау, балаларға орысша білім беру т.б.
1942–1963 жылдарда туған «бэби-бумерлер», яғни соғыстан кейінгі туу көрсеткішінің күрт өскен кезеңінде дүниеге келген ұрпақ. Бұл ұрпақ жеңіс рухымен өскен, өздерін ғарышты алғаш бағындырған супермемлекеттің тұрғыны санап, діни идеологиядан кем түспейтін коммунистік идеяларға шын беріліп, ұжымдық рухта тәрбиеленген буын. Сонымен бірге бұл – тұтыну қоғамын тудырған ұрпақ, себебі аштық пен жоқшылықтың азабын көрген ата-аналары бұл ұрпақтың кеңшілікте өмір сүруі үшін бар жағдай жасаған. Қазіргі әдебиеттегі тойымсыз, материалдық құндылықтарға ерекше берілген, барынша дүние жинап, баюдың жолына түскен кейіпкерлерге кез болсақ, олардың көбі осы буын өкілдері болып шығатыны даусыз.
1964–1985 жылдары туған Х буыны. Бұл буын өкілдері кейде өтпелі кезеңнің беймәлім буыны деп те аталады. Себебі аталмыш буын екі жүйені

  • социализм мен капитализмді қатар көрді. Социалистік жүйенің іріп-шіруі мен нарықтық қоғамның толық орнығып үлгермей, неше түрлі келеңсіз құбылыстарына куә болған ұрпақ осы. Ғалымдардың айтуынша, бұл буын үшін ең бастысы құндылық – білім. Әрі осы буын өкілдері барынша индивидуалдық құндылықтарға бейім. Қарап отырсақ, қазіргі әдебиеттегі индивидуалдық құндылықтары басым кейіпкерлер осы кезеңнен бастау алады екен. Х буыны өзгеруге бейім, кез келген іске тез бейімделіп кететін қасиетімен де ерекшеленеді.

1986–2007 жылдары дүниеге келгендердің У буыны. Желідегі ұрпақ немесе интернет-ұрпақ деп те аталып жүр. У буын шынайы өмірді виртуалды шындық аясында қабылдайды. Өтпелі кезеңнің құлдыраған
экономикасын, егемен елдің құндылықтарының қалыптасу кезеңін, сандық технологиялардың қарыштап дамуын көріп өскен ұрпақ болып саналады. Олардың басты құндылықтары материалдық құндылықтар емес, өздері сүйген іспен айналысу, құндылықтарына сай өмір сүру. Сондай-ақ олар үшін әлем алақандай көрінеді әрі өз қызметін әлемнің кез келген елінде атқара беруді артық көрмейді. Бүгінгі әдебиеттегі гибридті кейіпкерлердің дені осы кезеңде туған. Рухани-мәдени тұрғыдан олардың жандары қосамжарланған. Себебі «бүгінде ұрпақтар арасындағы дүниетанымдық айырмашылықтың тереңдей түсуіне технологиялық инновациялар, өзгерістер қарқыны үлкен ықпал жасап отыр» [63, 52]. Бүгінде тарихта тұңғыш рет төрт толқынның, төрт түрлі ұрпақтың өкілдері бір дәуірде өмір сүріп жатыр: дәстүршіл (traditionalists), бумер (boomer), ГенХ (GenX), милениал (Millenial). Бұл – қоғамдағы құндылықтар жүйесінің көп арналы екенінің көрсеткіші. Сондай-ақ, қазіргі әдебиеттегі, жалпы мәдени үдерістегі плюралистік көзқарастардың артуына сеп болып отырған факторлардың бірі. Біздің ойымызша, әртүрлі құндылықтар жүйесіне ие буын өкілдері бір қоғамда өмір сүрген кезде әдебиетте күрделі бейнелер туындайды. Ал ол өз кезегінде модернистік, тіпті постмодернистік туындылардың жазылуына түрткі болады. Әдебиеттегі кейіпкерлер жанының қосамжарлануы, олардың рухани-психологиялық тоқырауға ұшырауы, жалпы айтқанда, адам өміріндегі теңгерімнің бұзылғанының белгісі. Өйткені адам – мәдени-рухани, әлеуметтік, психологиялық және физиологиялық жаратылыс. Оның төрт – физикалық, менталдық, рухани және эмоциялық қырларының бірі кемшін түсіп жатса, адами қалпы теңгерімін жоғалтып, оның өмірінде шиеліскен жағдайлар көптеп орын алады деген сөз. Сонымен бірге, адам, әлеуметтік тұрғыдан, белгілі бір ұлттың өкілі һәм жалпы адамға тән қасиеттерге ие қоғамның мүшесі. Адамды адам етіп тұрған жалпыадамдық құндылықтарды бойына сіңірмесе, сондай-ақ басқа адамдардан (қоғамдардан, ұлттардан) айырып тұратын басты төл ұлттық даралық-бірегейліктеріне ие болмаса, ол өз бағытынан, табиғи құбыла-темірқазығынан адасып кетеді. Тәуелсіздіктің баянды болуы осы темірқазықтан алшақтамаған, қайта құндылықтық қазыққа нық бекіген тұлғаларға тікелей тәуелді. Жоғарыда аталғандай, қазіргі төрт түрлі санаттағы ұрпақтар толқынының бір дәуірде өмір сүруі өз кезегінде плюралистік көзқарастардың көбеюіне, сол арқылы сөз өнерінде де әртүрлі ағыстардың артуына түрткі болып отыр. Әдебиеттегі әртүрлі эксперименттердің көбеюінің бір факторы ретінде аталған құбылысты айтуға болатын сияқты. ХХ ғасырдың басында сөз өнерінің теориясын тасқа түсірген А.Байтұрсынұлы: «Еуропа әдебиетіндегі сөз түрлері бізге әлі түгенделіп жеткен жоқ», – деген болатын. Біздіңше, сөз өнері әлі де еуропалық әдеби ағысты бағдар тұтып, әртүрлі эксперименттерге баруды жалғастыратын секілді. Әдебиеттанушы А.Қалиева өзінің «Бүгінгі әдеби үдеріс» деп аталатын мақаласында: «...заманауи әдеби үдеріс идеялық
қайшылығы болғанымен, бір-бірін мүлде жоққа шығармай, дербес қалыптарында өмір кешетін, аракідік өзіндік үйлесім тауып жататын, әйтеуір әсіре келісімпаздық танытпаса да, үстемдікке, жолындағыны басып- жаншуға ұмтылмайтын көркемдік бағыттар негізінде жүзеге асуда», – деп жазды [64]. Ғалымның бұл пікірін бүгінгі қазақ прозасының даму бағытына берілген толымды баға деп санаймыз. Қазақ әдебиеті қазіргі мультимәдени жаһаннан өзінің төл даралығын, мәдени-тарихи һәм концептуалдық бірегейлігін іздеп жатыр десек, сол жолда әлемдік үрдістерге етене кірігіп, тәжірибе жинау мен толысудың жолында келеді.
Қорыта айтқанда, тәуелсіздік тұсындағы қазақ прозасында әңгіме жанрының қоғамдағы этикалық-моральдық және қоғамдық-әлеуметтік құндылықтарды танытудағы рөлі орасан екеніне көз жеткіздік. Эпикалық құлашы кең іргелі оқиғалар мен тарихтың ақтаңдақ беттері негізінен роман, повесть жанрларына арқау болса, қазіргі заман тынысы, бүгінгі қоғамдық түйткілдер көбінесе әңгіме жанрының арқауына айналды. Адамның рухани- этикалық тұрғыдан жұтаңдануы, ұлттық құндылықтардан алыстап, өзгенің мәдени ассимиляциясына түсуі т.б. мәселелердің бәрі де қазіргі әңгіме жанрында поэтикалық-аксиологиялық тұрғыдан сарапқа салынады. Сонымен бірге қазіргі әңгімеде құндылықтар жүйесі әртүрлі ракурста, әртүрлі әдеби-көркемдік арналар аясында ашылатынын ескеру керек. Себебі бүгінгі әдебиет көп салалы, сан арналы сипатымен ерекшеленеді. Кейіпкер жанының иірімдерін ашып, адам болмысының бірегейлігін танытуда жазушылардың әртүрлі әдеби ағымдар мен әдіс-тәсілдердің, формалық-идеялық жазу машықтарының мүмкіндіктеріне жүгінетіні байқалады. Сондықтан да қазіргі прозасында белгілі бір ағым көркемдік канон деңгейіне жете қойған жоқ. Мейлінше дүниетанымдық тұрғыдан түрленген ХХІ ғасырда ондай ұғымның қалыптасуы да неғайбіл деп ойлаймыз. Көркемдік сананың дара шығармашылық кезеңінде авторлық поэтика үстем болып, барынша түрленіп, плюралистік бағытқа түсуін заңдылық деп санаймыз.
Бүгінгі қазақ прозасында әртүрлі эксперименттер жасалып жатыр десек, оның көшін жас қаламгерлер бастап отыр. Қалыптасқан дәстүрлі әдеби соқпақтарға бүгінгі жастар шығармашылығы ұқсамай жатса, біз оны құндылықтарды қайта қараудан туындаған қадамдар деп санауға тиіспіз. Өйткені кез келген жаңашылдық, жаңа әдеби ағымдар мен тәсілдер қалыптасқан құндылықтық діңгекті бұзуға, оған қайта баға беруге деген талпыныстан туындайды. Осы орайда аға буын өкілдері бастаған өткен советтік дәуірде қалыптасқан құндылықтарды қайта бағамдау үрдісінің жастар шығармашылығы арқылы да жалғасын тауып жатқанын айтуға болады. Алайда жас қаламгерлердің көбі аталмыш миссияны батыстық әдеби ағымдар аясында ашуға талпынады. Сол жолда олардың соны форма табуды көздейтіні, сонымен бірге сюжеттен гөрі, идеялық концепцияға айрықша күш салатыны аңғарылады. Бұл өз кезегінде қазақ прозасының
интеллектуалдық тұрғыдан өсуіне сеп болып отыр. Аға буын өкілдері өткенге тарихи жанрды жаңғырту арқылы баға беруге ұмтылса, жас қаламгерлердің көпшілігі заманауи тақырыпта қалам тартып, орныққан құндылықтарға басқа қырынан қарауға күш салуда. Дегенмен жастар шығармашылығының стильдік-тілдік қыры кемшін түсіп отыр.
Құндылықтар жүйесінің өзгеруі, рухани-этикалық теңгерімнің бұзылуы қазақ прозасындағы жалғыздық, жатсыну құбылысын күшейтті.
Бұл өз кезегінде қажыр, қайрат, жігер, үміт құндылықтарына қарсы қойылады. Этикалық-моральдық құндылықтардан гөрі экономикалық- материалдық құндылықтардың үстем қойылуы мәдени деградация үдерісін күшейтіп, сөз өнерінде оның ізі қоғамнан ғана емес, өзінен жатсынған кейіпкерлер санының күрт өсуінен көрініс тапты. Соның себебіннен сыртқы факторлармен емес, өзімен-өзі арпалысқан, өзімен күрескен, ішкі құндылықтарымен қайшылыққа түскен жаңа тұрпатты кейіпкер болмысына кез болып отырмыз. Бұл үрдіс әдебиетте адам ішіндегі адам мәселесін алға шығарып, әдеби кеңістікте ішкі монологтің, басқа да психологизм элементтерінің барынша дамуына сеп болды.
Қазақ әдебиетінде екі түрлі тенденция айқын байқалды. Біріншіден, ұмыт болған тақырыптарды арқау еткен, ұлттық құндылықтардың табиғатын танытар көркем туындылар жиі жарық көрсе, екіншіден, әлемдік әдеби үрдістерге қол созған, дәстүрлі әдебиетке ұқсай бермейтін тың туындылар аз жазылған жоқ. Әсіресе, жаңалыққа ұмтылу жастар прозасында ерекше байқалады. Осындай көркемдік үрдістер өз кезегінде дәстүрлі-архаикалық және маргиналдық мәдени типтегі кейіпкерлердің тұлғасын қалыптасып үлгерді. Дәстүрлі-архаикалық типтегі кейіпкерлер әсіресе түркілік сарындағы поэтикалық туындыларда, тарихи жанрдағы шығармаларда көбірек кездессе, маргиналдық типтегі кейіпкерлерді біз әдетте заманауи тақырыптағы шығармалардан кезіктіреміз. Маргиналдық мәдени типтегі кейіпкердің қалыптасуына нарықтық қоғамдағы экономикалық құндылықтардың үстем болуы және консюмеризмнің, яғни материалдық һәм рухани-идеологиялық тұтыну мәдениетінің ықпалы орасан зор болды. Әсірісе екінші типтегі кейіпкердің болмысы күрделі. Оларды дәстүрлі әдебиеттегідей жағымды не жағымсыз деп кесіп айтуға келмейді. Өйткені жақсылық пен жамандық олардың бойында қатар көрініс табады. Содан да оларға үкім жүрмейді. Үкім берілсе, бір жақты, жадағай баға берілген болады. Өйткені олардың бойында жақсы адамда да, жаман адамда да бар қасиеттер мен қылықтар кездеседі. Бұл бүгінгі адам жанының күрделілігі ғана емес, қазіргі қоғамның мәдени бет-бейнесінің күрделілігін танытады. Өйткені әр адам өзі өмір сүріп отырған қоғамның жемісі.
Жалпыадамдық құндылықтар мен ұлттық құндылықтарды бөле жарауға болмайды деп есептейміз. Себебі ұлттық құндылықтар – жалпыадамдық құндылықтардың локальді түрлері. Халықтың тілі, сенімі мен ойлау жүйесі, өткен тарихы мен өмір сүрер ортасы сынды факторлар
жалпыадамдық құндылықтарға деген қатынасын қалыптастырады және ұлттың өзіне тән даралығы, мәдени атрибуттары тарихы мен әдебиетінен, өнері мен дәстүрінен шынайы көрінеді. Аталған ұғымдар жалпыадамдық құндылықтардың локальді сипатын танытатын бірліктер болып саналады. Мысалы, танымдық, экономикалық құндылықтарға қарағанда этикалық, әлеуметтік және эстетикалық құндылықтардың басым түсуін қазақ халқының өзіндік даралығын танытады деп есептейміз. Аталмыш құндылықтар индивидуалдық тұрғыдан емес, негізінен ұжымдық тұрғыдан танылады. Қазақ прозасында намыс, ар, ұят, еркіндік, батырлық, шешендік, мейірім, табиғат, дәстүр құндылықтары басым әрі бұлардың бәрі Отан, ел, жер, тәуелсіздік құндылықтары шеңберінде танылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет