Анықтамалар


ТҮЙІН Диссертация жұмысының тақырыбы



бет13/13
Дата19.02.2023
өлшемі234,22 Kb.
#69261
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
ТҮЙІН
Диссертация жұмысының тақырыбы: Жаңа дәуір прозасындағы жанрлық поэтикалық ізденістер
Зерттеу жұмысының көлемі: 89
Зерттеудің мақсаты: қазіргі қазақ прозасындағы жалпыадамдық құндылықтарды жан-жақты талдап, жаңа әдеби-мәдени үрдістер аясында пайда болған тақырыптар мен идеялық-көркемдік мәселелерді зерделеу
Зерттеудің нысаны: ретінде 1991–2016 жылдар аралығында жарық көрген прозалық туындылар алынды. Прозаның барлық жанрларын түгел қамту мүмкін болмағандықтан, тек роман, повесть, әңгіме сынды сүйекті жанрлары таңдалды. Зерттеу жұмысында Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз», Б.Нұржекеұлының «Әй, дүние-ай» романдары, Т.Әбдікұлының «Парасат майданы» повесі мен М.Мағауиннің «Салахад-диннің үкімі», Т.Шапайдың «Айна сарай», Н.Ораздың «Қайыршының жұлдызы», Д.Рамазанның «Көш», М.Омарованың «Жол үстінде», А.Мырзахметтің «Жыртылған күнделік», А.Ментаеваның «Жауһар», Ә.Байболдың «Жиын» әңгімелері жан-жақты талданады және өзге де роман, повесть, әңгімелерге шолу жасалып, бүгінгі қазақ прозасының көркемдік-аксиологиялық сипатына баға берілді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы:
Зерттеу жұмысында қазіргі жаңа дәуір прозасындағы жанрлық поэтикалық ізденістер қарастырыла отырып жалпы адамзаттық құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері жөнінде маңызды пікірлер бір жүйеге топтастырылды. Жалпы жаңа дәуір прозасындағы қазақ жазушылары мен жас жазушылардың қаламыннан туған дүниелердің тақырып ауқымы, уақыт пен кеңістік мәселесі қарастырлыды. Соның нәтижесінде бүгінгі әдебиеттің беталысы бағамдалып, қазақ ұлтының өзіндік даралығын танытатын құндылықтар жүйесі айқындалды. Зерттеу жұмысы жаңа дәуір прозасындағы тақырып пен форма өзгерісіне енген поэтикалық ізденістерді қарастыруымен бағалы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет