Анықтамалар



бет2/13
Дата19.02.2023
өлшемі234,22 Kb.
#69261
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

КІРІСПЕ




Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әр дәуірдің өзіндік үстем құндылықтары болады. Әсіресе, ірі тарихи оқиғалардың қоғамдағы құндылықтар жүйесін өзгертіп, жаңа мәдени бағдарлар ұсынатыны белгілі. Ширек ғасыр бұрын егемендігін алған еліміздің руханиятында да аталмыш үрдістер айқын аңғарылады. Соңғы ширек ғасырда әдеби-мәдени құндылықтарға деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, заманауи ұлттық парадигма қалыптасып үлгерді. Тәуелсіздік алғаннан кейін жүзеге асқан аталмыш тарихи-әлеуметтік өзгерістер қаламгерлеріміздің дүниетанымына әсер етіп, замандастың көркем образы арқылы бейнелене бастады. Әдебиетімізге жаңа көркемдік арналар қосылып, әлемдік үрдістердің белгілері көбейе түсті. Қоғам, сана өзгерген тұста әдебиет те, оларға қойылар талап та, оны таныту шаралары да жаңартылуы заңдылық. Ал мұның бәрі қазіргі әдебиеттегі құндылықтар жүйесін ғылыми тұрғыдан сараптау қажеттілігін көрсетеді.
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ прозасы қазіргі қоғамның шынайы келбетін, замандастарымыздың болмыс-бітімін дәл таныта алуымен ғана емес, өткен тарихқа ұлттық мүдде тұрғысынан әділ баға бере алуымен де құнды. Тоталитарлық жүйе тұсында айтылмай келген ақиқаттар әдебиеттің нысанына айналып, халықтың өзіне тән даралығы көркемдік санада қайта жаңғырды.
Сондай-ақ бүгінгі прозада әлемдік әдеби-мәдени үрдістердің белгілері байқалып отыр, қаламгерлер батыл эксперименттерге баруда. Белгілі бір шеңбердің аясында ғана ойлайтын әрі бүтін бітімі толыққанды ашыла қоймайтын кейіпкерлердің орнына ендігі ретте жан дүниесі мейлінше күрделі әрі басқаға ұқсай бермейтін өзгеше тұрпатты кейіпкер тұлғасы қалыптасты. Бұл сөз өнерінің аксиологиялық сипатының өзгергенін білдіреді. Қазіргі проза өткенді бағамдап, жаңаны сараптау жолымен дамып келеді әрі оның өзегінде тәуелсіздік, ел құндылықтары тұр деуге болады.
Зерттеу жұмыста аталмыш мәселелер арнайы зерделеніп, көркем туындылардағы жалпыадамдық құндылықтар талдау нысанына алынды. Көркем мәтінді аксиологиялық тұрғыдан талдау, қазақ прозасындағы жалпыадамдық құндылықтардың өзіндік даралығын айқындау зерттеу жұмысының басты мақсаттарының бірі болды. Сонымен бірге мәселеге объективті түрде баға беру үшін тақырыптық-идеялық тұрғыдан да шығармалардың әртүрлі болуына назар аударылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет