Анықтамалар


Зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет3/13
Дата19.02.2023
өлшемі234,22 Kb.
#69261
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ әдебиеті – әлем әдебиетінің ажырамас бөлшегі. Жаңа дәуір прозасындағы жалпыадамдық құндылықтарды ғылыми тұрғыда талдау, біріншіден, әлемдік мәдени кеңістіктегі қазақ әдебиетінің өзіндік орнын анықтауға мүмкіндік берсе, екіншіден, ұлттың бірегейлігін, мәдени даралығын тану үшін де маңызды болып отыр. Қазақ әдебиеттану ғылымының көркем шығарманы
құндылықтық-аксиологиялық тұрғыдан қарастыру тәжірибесі аз. Бұл көркем мәтінді мәдениеттану, философия, әлеуметтану, психология ғылымдарымен ұштастыра отырып бағалау қажеттігін туғызады. Ғылыми интеграциялық үдерістер күшейген қазіргі тұста прозалық шығармаларға пәнаралық негізде талдау жасау жаңа арнамен дамып отырған қазақ әдебиетінің беталысын бағамдау үшін ғана емес, әдебиет тарихы туралы тұшымды тұжырымдар жасап, болашағын болжау үшін де маңызды.
Зерттеу нысаны ретінде 1991–2016 жылдар аралығында жарық көрген прозалық туындылар алынды. Прозаның барлық жанрларын түгел қамту мүмкін болмағандықтан, тек роман, повесть, әңгіме сынды сүйекті жанрлары таңдалды. Зерттеу жұмысында Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз», Б.Нұржекеұлының «Әй, дүние-ай» романдары, Т.Әбдікұлының «Парасат майданы» повесі мен М.Мағауиннің «Салахад-диннің үкімі», Т.Шапайдың «Айна сарай», Н.Ораздың «Қайыршының жұлдызы», Д.Рамазанның «Көш», М.Омарованың «Жол үстінде», А.Мырзахметтің «Жыртылған күнделік», А.Ментаеваның «Жауһар», Ә.Байболдың «Жиын» әңгімелері жан-жақты талданады және өзге де роман, повесть, әңгімелерге шолу жасалып, бүгінгі қазақ прозасының көркемдік-аксиологиялық сипатына баға берілді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері жаңа дәуір прозасындағы жалпыадамдық құндылықтарды жан-жақты талдап, жаңа әдеби-мәдени үрдістер аясында пайда болған тақырыптар мен идеялық-көркемдік мәселелерді зерделеу;
Аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:
жалпыадамдық құндылықтардың гуманитарлық ғылым салалары ішіндегі
рөлін айқындау;
- Жаңа дәуір прозасындағы жанрлық поэтикалық құндылықтардың
генезисін анықтау;
- Тәуелсіздік жылдарындағы жаңа заман прозасындағы көркемдік-
стетикалық
- Ізденістерге құндылықтық өзгерістердің ықпалын анықтау;
- Қазақ қаламгерлері шығармаларындағы жалпыадамдық
құндылықтардың
- Сипатталу ерекшеліктерін анықтау;
- Құндылықтық дағдарыстардың қазіргі қазақ әңгімелеріндегі көрінісін
зерделеу;

  • Жаңа заман прозасының даму үрдістерін аксиологиялық тұрғыдан ашып беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет