Анықтамалар


Зерттеу жұмысының материалдары



бет4/13
Дата19.02.2023
өлшемі234,22 Kb.
#69261
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Зерттеу жұмысының материалдары. Зерттеу жұмысымызға
Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз», Б.Нұржекеұлының «Әй, дүние-ай»
романдары, Т.Әбдікұлының «Парасат майданы» повесі мен М.Мағауиннің
«Салахад-диннің үкімі», Т.Шапайдың «Айна сарай», Н.Ораздың
«Қайыршының жұлдызы», Д.Рамазанның «Көш», М.Омарованың «Жол
үстінде», А.Мырзахметтің «Жыртылған күнделік», А.Ментаеваның «Жауһар»,
Ә.Байболдың «Жиын» әңгіме, повесть, романдары пайдаланылды.
Зерттеу әдіс-тәсілдері. Ғылыми-зерттеу жұмыстың мақсат-
міндеттеріне сәйкес, тарихи функционалдық, тарихи салыстырмалы,
кешенді әдіс, герменевтикалық, рецептивті әдістер қолданылды.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері. Жұмысты жазу барысында қазақ әдебиеттану ғылымы мен философия, мәдениеттану ғылымдарында маңызды зерттеулер жүргізген ғалымдардың теориялық еңбектері басшылыққа алынды. Соның ішінде, атап айтсақ, Ш.Елеукенов, Р.Нұрғали, Б.Майтанов, Г.Пірәлі, Г.Орда, Ә.Нысанбаев, Т.Ғабитов, З.Сәрсенбаева, С.Нұрмұратов, сынды ғалымдардың теориялық ой-пікірлері мен негізгі тұжырымдамалары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: жаңа дәуір прозасындағы
жалпыадамдық құндылықтар тұңғыш рет пәнаралық негізде, мәдени-
аксиологиялық және әдеби-эстетикалық аспектілерде қарастырылды;

  • Жаңа дәуір прозасындағы жалпыадамдық құндылықтардың генезисі айқындалды;

  • Жаңа дәуір прозасындағы жалпыадамдық құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері анықталды; бұл өз кезегінде қазақ ұлтының бірегейлігін тануға жол ашады;

  • Ұлттық құндылықтар мен жалпыадамдық құндылықтардың арақатынасы ғылыми тұрғыдан зерделенді.

Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы.
Зерттеу жұмысында қазіргі жаңа дәуір прозасындағы жанрлық поэтикалық ізденістер қарастырыла отырып жалпыадамзаттық құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері жөнінде маңызды пікірлер бір жүйеге топтастырылды. Жалпы жаңа дәуір прозасындағы қазақ жазушылары мен жас жазушылардың қаламыннан туған дүниелердің тақырып ауқымы, уақыт пен кеңістік мәселесі қарастырлыды. Соның нәтижесінде бүгінгі әдебиеттің беталысы бағамдалып, қазақ ұлтының өзіндік даралығын танытатын құндылықтар жүйесі айқындалды. Зерттеу жұмысы жаңа дәуір прозасындағы тақырып пен форма өзгерісіне енген поэтикалық ізденістерді қарастыруымен бағалы.
Жұмыстың жариялануы. Белгілі түріктанушы ғалым, Парасат орденінің иегері, профессор Ә.Құрысжановтың еңбектерін зерттеу, насихаттау, мақсатында рухани жаңғыру аясында «ХІ Құрысжанов оқулары» дәстүрлі халықаралық ғылыми теориялық және тәжірибелік конференциясына,




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет