Анықтамалар


Жастар прозасындағы құндылықтардың көркемдік



бет8/13
Дата19.02.2023
өлшемі234,22 Kb.
#69261
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
2.2.Жастар прозасындағы құндылықтардың көркемдік трансформациялануы

Құндылықтар жүйесінің өзгеруіне қоғамдық-саяси факторлар айрықша әсер етеді. Қазақстанның тәуелсіздік алуының қоғамның аксиологиялық бет-бейнесінің құбылуына түрткі болғаны шындық. Өйткені өндіріске негізделген экономикалық жүйе де, оның түпқазығы саналатын маркстік идеология да ендігі ретте мәнінен айырылып, олардың орнын жаңа әрі тосын дүниелер басты.


Құндылықтар жүйесінің түрленуі өз кезегінде әдебиетке әсер етпей қоймады. Көркем өнердің мазмұны ғана емес, формасы да айтарлықтай трансформацияға ұшырады. Қазақ әдебиетінде екі түрлі тенденция айқын байқалды. Біріншіден, ұмыт болған тақырыптарды арқау еткен, ұлттық құндылықтардың табиғатын танытар көркем туындылар жиі жарық көрсе, екіншіден, әлемдік әдеби үрдістерге қол созған, дәстүрлі әдебиетке ұқсай бермейтін тың туындылар аз жазылған жоқ. Дегенмен аталмыш екі үрдістің де нысаны – қазақ қоғамы; ондағы адамдардың тағдыры, жан әлемі. Аталған үрдістерді қазақ қоғамындағы құндылықтар жүйесіне қайта баға беруге деген талпыныстың жемісіне балауға болады. Себебі тәуелсіздік ұғымының саяси-территориялық мәні өз алдына, оның рухани-менталдық қырының да бар екенін ескерсек, мұнда әсіресе әдебиет пен өнердің, оның ішінде сөз өнерінің миссиясы айрықша үлкен. Ресми тәуелсіздік атаулы бір күнде жария етілгенімен, қоғамдық санадағы бұрыннан қалыптасып қалған стереотиптер, комплекстер мен нормалар ширек ғасырға дейін түп тамырымен жойыла қойған жоқ. Осы орайда, сөз өнері бүгінгі қоғамның сыртқы һәм ішкі бітімін әртүрлі формада терең таныта алуымен құнды.
Әдетте, жаңа үрдістер әдебиетке жастар қаламының қуатымен енеді. Қазіргі прозадағы жаңа тенденциялар жөнінде сөз еткенде, оларды жас жазушылардың шығармашылығы мысалында ашуға талпынғанымыз содан. Өйткені әдеби эксперименттерге баратын қаламгерлер қатарында жастардың қарасы қашанда көп. Сондай-ақ, тәуелсіздіктің санадағы құбылысқа қатысы барын ескерсек, советтік идеалдар мен нормаларды бойына дарыта қоймаған, дүниетанымдық қазығы бөлек ұрпақтың айтары басқа болатыны түсінікті жайт. Олардың өмірді қабылдауы да, соған сай көркемдік тұрғыдан баға беруі де ерек. Ал бұл – алдыңғы толқын мен кейінгі буын өкілдерінің шығармашылығында формалық-стильдік қана емес, мазмұндық-идеялық айырмашылықтың да тууына түрткі болатын фактор. Жас қаламгерлердің шығармаларынан жалпыадамдық құндылықтарды іздеуді артық көретіндер табылуы кәдік. Алайда өмірдің бір ауық шындығы мен шырғалаңын шығарма арқауына айналдырған соң, онда жалпыадамдық құндылықтардың болмауы мүмкін емес. Әрине, жастар тырнақалды туындысымен-ақ жалпы адамзатқа ортақ түйткілді мәселелерді көтермеуі, көтерсе де, онысы нанымсыздау шығуы мүмкін.
Бірақ автор жалпыадамдық құндылықтарды айналып өте алмайды. Қайта біз осындай туындыларды талдау нысанына алу арқылы құндылықтардың көркемдік трансформациясын бағамдап, соның негізінде қоғамның бүгінгі бет-бейнесін айқынырақ тануға мүмкіндік аламыз.
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ прозасына елеулі үлес қосып жүрген жас қаламгерлер жөнінде айтқанда, ең әуелі тілге тиек етілетін жазушылардың санатында Мәдина Омарова бар. Ол – әртүрлі эксперименттерге бара білетін, қарасөзбен лирикалық нәзік иірімдер жасай білетін жазушы. Оның шығармашылығында «қатал реализм мен жылы лирика, гуманистік сарын кірігіп жүретін де, әрқайсы
жеке тұрып әңгіменің негізгі қырына айналатын жерлері де бар»
[11] екенін көрнекті әдебиеттанушы Р.Әбдіғұлов жазған болатын.
Мысалы, жазушының «Жол үстінде» деп аталатын әңгімесі оның қаламгерлік әлеуетінің мол екендігін көрсетеді. Шағын әңгіменің қысқаша фабуласы мынадай: түннің суық ауасында жолаушылап келе жатқан қыз алдынан қарауытып кетіп бара жатқан жігітке тіл қатады. Ауылдасы – ит асырайтын Алмабектің баласы екен. Бірақ жүзін көрсетпейтін әрі сақауланып сөйлейтін ауылдасын танымайды. Ол шұғыл шаруамен келе жатқанын айтып, қызға жеткізбей жүреді. Қыз барынша жақындай түсіп, реті келсе, жақынырақ танысып, тіпті құрығанда қалтасына қолын салып жылынып алуды ойлады. Бірақ түсінісе алмай, оны жынды екен деп топшылайды. Сол арада ауылға жетіп, жігіт өз үйіне, қыз өз үйіне бұрылып кетеді. Алдынан шыққан әжесіне Алмабектің баласымен бірге жаяу келгенін айтқанда, есін айырылып қала жаздаған қарт ана оның он жыл бұрын жол апатынан қаза тапқанын айтып, сасып қалады. «Ертеңінде ұлыған иттердің дауысы астында қалған ауыл Алмабектің қазасын естіді» [11, 161].
Әңгіме қысқа болғанмен, мұнда салмақты әрі күрделі ғылыми пайымдарға жүк боларлық детальдар аз емес. Поэтикалық тұрғыдан алып қарағанда, пейзаж (түн, ызғар, ирелеңдеген жол, жарық т.б.), диалог (қыз бен апасының, қыз бен «о дүниеден келген жігіттің» арасында өрбиді), монолог (қыздың жол үстінде жігіттен мардымды жауап ала алмай келе жатқандағы неше алуан ойлары) сынды көркемдік бірліктердің орны үлкен. Шығарманы оқып отырған оқырман басында қалыпты әрі шынайы эпизодтар деп қабылдағанымен, түйініндегі апасының бір ауыз сөзін оқығанда, әңгіме шешімінің мүлдем басқа арнаға ауыстырып жібергеніне куә болады. Өйткені мұнда иррационалистік құбылыстар басты назарда ұсталады. Біз өмір сүріп отырған қоғамда ғылым қарыштап дамыды дегенімізбен, дүниенің сырына жеткен ешкім жоқ деген ой оқырман санасын билеп алады. Әрі-беріден соң, бұл фольклордағы мистикалық сарындарға, халықтың ғасырлар бойы жинақтаған нанымдық тәжірибелеріне жол сілтейтінін ескеру керек.
Дәстүр мен жаңашылдық демекші, жаңаның жақсысын алып, ескіден қол үзбеуге тырысатын, қарапайым дүниені елең еткізер детальдармен айшықтап беруге ұмтылатын жазушының бірі – Әлібек Байбол. Жазушы- драматургтің шығармалары көпке кеңінен мәлім, пьесалары республикалық тетарларда қойылып жүр. Ә.Байболдың күнделікті тұрмыс- тынысымыздағы біз ескере бермейтін ұсақ-түйек бірліктерінің өзінен көркемдік іздейтіні оның әлеуметтік тақырыптағы әңгімелерінен аңғарылады. Жазушының «Ормандағы жиын», «Айдаһар, аю һәм барыс»,
«Жиын», «қажыр мен Қайрат», «Бас» сынды әңгімелері оқырман көңілінен шығып та үлгерді. Осылардың ішінде Әлібек Байболдың «Жиын» әңгімесінің жөні бөлек. Белгілі ертегідегі жыл басы болуға таласатын жануарлар секілді, мұнда әдебиеттегі белгілі ағымдардың таласы әңгіме арқауына айналған. Бірақ басты мәселе – әдеби ағымдардың татулығы. Кексе, шау тартқан социалистік реализм көптің алдында сөйлейді, ал оның сөзін бұзып, қайта-қайта жаратпай отырғандар қатарында жас жігіт бейнесіндегі постмодерн және модернизм сынды бірқатар ағымдар отыр. Сатира бәрін тілімен осып, шаншып отыр. Оқырманды бірден баурап алатыны оның әдеби ағымдарды бір-бір образға айналдырып, олардың әрқайсысына тән ерекшеліктерін дау-дамай арқылы ашып беруі дер едік.
«Ниеті ағылшын әдебиетіндей ақ, иі жапон әдебиетіндей жұмсақ, фәлсәфасы француз әдебиетіндей терең, идеялары орыс әдебиетіндей орнықты, сюжеттері итальян, испан әдебиеттеріндей иірімді, шығармалары шығыс әдебиетіндей шыншыл» [23, 91] СР (социалистік реализм – Н.Қ.) қарттың айтпағы – татулықты сақтау; қалай болғанда да, қазақ мүддесі үшін
қызмет ету. Алайда, оның әр сөзін жаратпай, барынша қарсыласып баққандар саны көп болды. Әңгімеде социалистік реализммен бірге, неореализм, постмодернизм, мистика, сатира, модернизм, фантастика, детектив, абсурд, сюрреализм, футуризм, акмеизм сынды ағымдардың үні естіледі. Аталған ағымдардың бәрі де жиынға қатысып отыр. Жалпы, Ә.Байболдың аталмыш әңгімесі көркемдік-поэтикалық тұрғыдан аса сәтті шыққан туынды дей алмаймыз. Өйткені динамика жоқ. Оқырманды басынан-ақ баурап алған туынды көп өтпей-ақ жалықтыра бастайды. Себебі тартыс тым әлсіз. Шиеленіс шыңына жетпей, кульминация бұлыңғыр қалған. Оның үстіне тілі жұтаң. Бірақ біздің назарымызды аударған – оның аксиологиялық қуатының молдығы. Мұндағы ағымдар арасындағы тартыс, шындап келгенде, құндылықтардың арасындағы тартыс дер едік. Себебі әр ағым әдебиет сахнасына шыққанда, өзіне дейінгі ағымның негізгі бағдарына қарсы шығып, я болмаса оны толықтыруға деген талпыныстан туады. Өткенге қайта баға беріп, ендігі ретте құндылықтарға жаңаша сарап жүргізуден пайда болады. Осы тұста айта кететін мәселе, әдеби ағымдардың құндылықтарды танытудағы өзіндік ерекшеліктері аз емес. Мысалы, шындық құндылығын танытудағы ағымдардың өзіндік ерекшеліктері туралы айтайық. Реализм де, модернизм де, постмодернизм де аталған шындық құндылығын арқау етеді. Алайда шындықты жеткізу тәсілдері әрқайсысында әркелкі. Реализм шындықты қаз-қалпында суреттеп, объективті шындықты боямасыз беруге күш салса, модернизм объективті шындықтан гөрі субъективті шындыққа көбірек назар аударады. Ол адам санасындағы, бейсанасындағы шындықты әдеттегі шындықтан әлдеқайда шынайы шындық деп санайды. Ал постмодерннің шындығы өзінше бөлек. Постмодернизм үшін вритуалды шындық маңызды. Мистика шындықты жеткізу үшін тылсымға жүгінсе, сатира ащы тілге, фантастика қиялға жүгінеді екен. Яғни әдеби ағымдардың да аксиологиялық қызметі әрқилы болмақ. Дегенмен бәрінің түпкі миссиясы – шындықты көркемдік аясында жеткізу. Қазіргі қазақ прозасында аталған ағымдардың бәріне дерлік қол созып, әртүрлі эксперименттерге барып жатқан жазушылар бар. Солардың дені – жастар. Өйткені бір нәрсе айқын: қазір құндылықтар жүйесі өзгеріп, өткенге қайта баға беру үдерісі жүріп жатыр. Аға буын өкілдері өткенге тарихи жанрды жаңғырту арқылы баға беруге ұмтылса, жас қаламгерлердің көпшілігі заманауи тақырыпта қалам тартып, орныққан құндылықтарға басқа қырынан қарауға күш салуда. Яғни қазіргі жастар прозасының басты ерекшеліктерінің бірі – құндылықтарға қайта баға беруге деген талпыныстың айрықша күшті екендігі. Олар бұған дейінгі қалыптасып қалған ұғым-түсініктерді толық мәнінде қабылдай бермейді, тіпті көбіне қарсы шығады да.
Бір ерекшелігі, жастар көлемді жанрларға жуи бермейді. А.Әлменбеттен өзге роман жанрында қалам тартқан жас жазушылар жоқтың қасы. Қ.Тілеуханның «Жаназа» повесі жарық көрді. Дегенмен,
қазіргі роман деп айдар тағылып жүрген шығармалардың дені қысқа. Жастар әңгіме, микроәңгіме, миниатура, этюд, суреттеме, эссе сынды жанрларға бейіл. Бұрын әңгіме ең қиын жанр ретінде аталып, содан именген Ә.Нұрпейісов бастаған жазушылар бірден роман жазудан бастаған делінеді. Алайда бүгінгі жастар үшін қысқа жанр жақын. Жоғарыда шығармалары талдау нысанына алынған қаламгерлерден бөлек, бүгінде Ы.Дәбей, Ә.Қоспағарова, Б.Сарыбай, Қ.Әбілқайыр, Ө.Әбдіхалықұлы, А.Елгезек, Д.Бейсенбек, М.Мәлік, А.Нүсіп, Д.Жылқыбаев, Т.Башар, Т.Қылышбек сынды жас қаламгерлер қалам тартып жүр. Тіпті есімі аталғандардың бірқатары жас қаламгерлер санатынан шығудың алдында тұр. Бір қызығы, жастар тарихи тақырыпқа бара бермейді. Аға буын өкілдері тарихи тақырыпты қаузап, ұлттық құндылықтарымызды қайта қопаруға қызмет етіп жүрсе, жас қаламгерлер шығармашылығында постсоциалистік трансформациялар боямасыз көрінеді. Жалпы, аға буын өкілдері мен кейінгі буын қаламгерлер арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Оны біз мынадай кесте түрінде көрсеттік:

2-кесте.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет