11.1.10 - сфера, шардың анықтамаларын білу; оларды жазықтықта кескіндей алу;
11.2.2 - сфера мен жазықтықтың өзара орналасуын білу;
11.3.4 - айналу денелерінің ( цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер
шығару;
Сфера бетінің ауданы
11.3.8 - сфера бетінің ауданын табуға есептер шығару;
Айналу денелерінің жазықтықпен қималары
11.2.1 - цилиндрдің, конустың және шардың жазықтықпен қималарын кескіндеу;
4-тоқсан
Денелер көлемдері
Денелер көлемдерінің жалпы қасиеттері
11.3.9 - кеңістік денелерінің көлемдерінің қасиеттерін білу және қолдану;
Призма көлемі
11.3.10 - призма көлемін табу формуласын қолдану;
Пирамида және қиық пирамида көлемдері
11.3.11 - пирамида және қиық пирамида көлемдерін табу формулаларын қолдану;
Цилиндр көлемі
11.3.12 - цилиндр көлемін табу формуласын қолдану;
Конус және қиық конус көлемдері
11.3.13 - конус және қиық конус көлемдерін табу формулаларын қолдану;
Шар көлемі
11.3.14 - шар көлемін табу формуласын қолдану;
10-11-сыныптардағы геометрия курсын қайталау
Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 399 бұйрығына 108-қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Информатика" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер
Оқу бағдарламасы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарда "Информатика" оқу пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету саласында терең біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін деректерді, ақпараттық процестер мен жүйелерді ұсыну, ақпараттық объектілерді, Компьютерлік желілер мен ақпараттық қауіпсіздікті құру және қайта құру болып табылады.
Негізгі міндеттері:
білім алушылардың ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлі жайлы, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективалары туралы түсінігін қалыптастыру;
білім алушыларға жүйені талдау, шешім ұсыну, бағдарламалық қосымшалар жасау, оларды дамытып жетілдіру, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында компьютердің жұмыс істеуінің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;
талдау, абстракция, үлгілеу мен программалау арқылы білім алушыларға әртүрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;
білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ, жалпылау және үйлестік тапсырмаларды құрамдас бөліктерге бөлу және ортақ заңдылықтарды табу, қойылған міндеттерді орындауға қажетті тиімді және рационалды тәсілдер табу сияқты қамтитын есептік ойлау қабілетін дамыту;
білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл Қазақстандық қауымның мүддесінде әрекет ету;
білім алушылардың пән аясында академиялық тілді меңгеруіне және терминологиялық лексиканы байытуға жағдай жасау;
есептеуіш платформалар негізінде басқарылатын электрондық құрылғыларды құру, құру, программалаудың тәсілдері және қағидаттарымен білім алушыларды таныстыру;
қазіргі таңдағы программалау ортасында программалау дағдыларын дамыту;
тәжірибеде қолдану арқылы білімді тереңдету және оқуға деген ынтаны арттыру;
әртүрлі білім саласында (математика, физика, информатика) алған білімдерін кіріктіріп қолдану;
ғылыми-техникалық әзірлемелерге деген қызығушылықтарын дамыту;
білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
2-тарау. "Информатика" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 1-параграф. "Информатика" пәнінің мазмұны
"Информатика" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
10-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;
11-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
Оқу пәнінің мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады. Бөлімшелер күтілетін нәтижелер: дағды немесе білік, білім немесе түсінік түрінде сыныптар бойынша оқыту мақсаттарын қамтитын әр бөлім бөлімшелерге бөлінген.
Жаратылыстану-математика бағытындағы "Информатика" оқу пәнінің базалық мазмұны 6 бөлімді қамтиды:
аппараттық және программалық қамтамасыз ету;
деректерді ұсыну;
ақпараттық процестер мен жүйелер;
ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру;
қосымшаларды әзірлеу;
компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік
"Аппараттық және программалық қамтамасыз ету" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
аппараттық қамтамасыз ету;
программалық қамтамасыз ету.
"Деректерді ұсыну" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
есептеу жүйелері;
компьютердің логикалық негіздері;
ақпаратты кодтау.
"Ақпараттық процестер мен жүйелер" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
реляциялық деректер қоры;
мәліметтер қорын құру;
құрылымдалған сұраныстар;
ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы процестер.
"Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
3D – модельдеу;
web (веб)-жобалау.
"Қосымшаларды әзірлеу" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
алгоритмдер және программалар;
мобильдік қосымшалар;
IT Startup (ай-ти стартап).
"Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
компьютерлік желілерді ұйымдастыру;
желіде жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
10-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық мазмұны:
Аппараттық және программалық қамтамасыз ету: басқару құрылғысының (бұдан әрі - БҚ), арифметика- логикалық құрылғының (бұдан әрі - АЛҚ) және жад регистрінің процессордың бір бөлігі ретінде функциясын сипаттау.
Деректерді ұсыну: есептеу жүйелері: ондық жүйедегі бүтін сандарды екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесіне аудару және кері аудару. Компьютердің логикалық негіздері: логикалық операциялар (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия); логикалық өрнектер; ақиқат кестесі; Компьютердің логикалық элементтері (конъюнктор, дизъюнктор, инвертор); логикалық сызбалар. Ақпаратты кодтау: Unicode (юникод) және ASCII (аск(и)и) символдарын кодтау кестелері.
Ақпараттық процестер мен жүйелер: реляциондық деректер қоры: жол, жазба, индекс, бірінші кілт; Bigdata (бигдейта) (үлкен деректер). Деректер қорын "structured query language" (стракчуред куери лангуйдж) ("құрылымдалған сұраныстар тілі") ( бұдан әрі SQL (эс кю эль)) әзірлеу: деректер қорын, мәліметтер типін, біркестелі және көпкестелі деректер қоры; формалар; есептер; сұраныстар. Құрылымдық сұраныстар: конструктор режимінде іріктеуге сұраныстар жасау, SQL (эс кю эль), конструктордың және (SQL) (эс кю эль) көмегімен іріктеуге бағытталған сұраныстарды жасау; web (веб)
-беттердің деректер қорымен байланысы.
Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру: web-жобалау: HTML (аш ти эм эл) (Hyper Text Markup Language — (хайпер текст маркап лангуйдж) "гипермәтіндік белгілеу тілі"), CSS (си эс эс) (Cascading Style Sheets — (каскадинг стайл шит) каскадты кестелер стилі); скрипттерді пайдалану, web (веб)-парақшаға мультимедиа нысандарын енгізу.
Қосымшаларды әзірлеу: алгоритмдер мен программалар: пайдаланушы функциялары және процедуралары, жолдармен жұмыс жасау, файлдармен жұмыс жасау, сұрыптау әдістері; графтардағы іздеу алгоритмдері.
Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік: компьютерлік желілерді ұйымдастыру: желілік компоненттер (тораптар, маршрутизаторлар, коммутаторлар); IP (ай-пи)-мекен-жайы; DNS (ди эн эс) (Domain Name System (домейн нейм систем) — домендік атаулар жүйесі); жеке виртуалды желілер. Ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттық қауіпсіздік, құпиялық, тұтастық және қол жетімділік; деректерді шифрлау; пайдаланушы деректерінің қауіпсіздік шаралары - құпиясөздер, есеп жазбалары, сәйкестендіру, биометриялық сәйкестендіру.
11-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық мазмұны:
аппараттық және программалық қамтамасыз ету: мобильдік құрылғылар сипаттамасы. Программалық қамтамасыз ету: Виртуалды машиналар; аппараттық және программалық қамтамасыз етудің даму заңдылықтары;
ақпараттық процестер мен жүйелер: ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы процестер: машина оқыту қағидаттары, нейрондық желілер; жасанды интеллект; нейрондық желілерді жобалау; "мұғаліммен оқыту" әдісі; Blockchain технологиясы; Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістері; электрондық үкімет порталы; "заттар интернеті";
ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру: 3D – модельдеу: виртуалды және кеңейтілген шындық; олардың адам денсаулығына әсері; бірінші тұлға көрінісімен 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау;
; мобильді қосымшаларды әзірлеу және орнату; ақылды үй, ақылды үй құрылғысымен басқару үшін программаларды әзірлеу. IT Startup (ай-ти стартап): Crowdfunding ( краудфандинг) платформаларының жұмыс қағидалары; маркетингтік жарнама, өнімді өткізу және сату жолдары;
компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттарды және зияткерлік меншікті қорғау; электрондық цифрлық қолтаңба, сипаттау, пайдалану алгоритмі.
2-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі
Бағдарламада "оқыту мақсаттары" кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында " 10" – сынып, "2.1" – екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, "4" – оқу мақсатының реттік саны.
Білім алушыларға қойылатын мақсаттар:
Аппараттық және программалық қамтамасыз ету
Білім алушылар міндетті:
Бөлімше
10-сынып
11-сынып
1. Аппараттық қамтамасыз ету
10.1.1.1 басқару құрылғысының ( БҚ), арифметика- логикалық құрылғының (АЛҚ) және жад регистрінің процессордың бір бөлігі ретінде функциясын сипаттау
11.1.1.1 ұялы құрылғылардың негізгі құрауыштарының сипаттамасын салыстыру: планшеттер, телефондар
2. Программалық қамтамасыз ету
виртуалды машиналардың қызметін сипаттау;
аппараттық және программалық қамтамасыз етуде
даму заңдылықтарын сипаттайтын мысалдар келтіру.
Деректерді ұсыну
Бөлімше
10-сынып
11-сынып
1. Есептеу жүйелері
10.2.1.1 ондық жүйедегі бүтін сандарды екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесіне аудару және кері аудару
2. Компьютердің логикалық негіздері
логикалық операцияларды қолдану (дизъюнкция, конъюнкция, инверсия);
берілген логикалық элементтер үшін ақиқат кестесін құру;
1 негізгі логикалық элементтердің нысаналы мақсатын түсіндіру: конъюнктор, дизъюнктор, инвертор;
логикалық өрнектерді логикалық сызбаға және керісінше
ауыстыру
3. Ақпаратты кодтау
10.2.3.1 Unicode және ASCII символдарын кодтау кестесін салыстыру
Ақпараттық процестер мен жүйелер
Бөлімше
10-сынып
11-сынып
1. Реляциондық деректер қоры
"реляциондық деректер қоры" ұғымын түсіндіру
жол, жазба, индекс терминдерінің анықтамасын құрастыру
деректер қорында бірінші кілтті анықтау
Bigdata оң және теріс
әсерлерін бағалау
2. Мәліметтер қорын жасау
деректер қорында мәліметтер типін анықтау (SQL);
біркестелі деректер қорын құру (SQL);
көпкестелі деректер қорын құру (SQL);
деректерді енгізуге арналған форма жасау (SQL);
алынған мәліметтерді қолдана отырып, есептерді жасау (
SQL);
3. Құрылымдалған сұраныстар
10.3.3.1 конструктордың көмегімен іріктеуге бағытталған сұраныстарды жасау (SQL (эс кю эль));
10.3.3.2 web –парақша мен деректер қорынның байланысын орнату
4. Ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы үрдістер
машиналық оқыту принциптерін, нейрондық желілерді (нейрондық және синапстар) түсіндіру;
өнеркәсіпте, білім беруде, ойын индустриясында, қоғамда жасанды интеллект қолдану саласын сипаттау;
дайын алгоритмдермен математикалық модельдеудің электрондық кестелеріндегі/ бағдарламаларындағы нейрондық желілерді жобалау;
жасанды интеллектіні әзірлеуде "мұғаліммен оқыту" әдісін қолдану ауқымын сипаттау; 11.3.4.5 Blockchain технологиясының мақсаты мен жұмысын түсіндіру;
Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістерін талдау;
2 электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау;
"заттар интернетінің" жұмыс қағидаларын сипаттау;
"заттар интернетінің" перспективасы туралы айту
Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру
1. 3D - модельдеу
виртуалды және кеңейтілген шындықтың мақсатын түсіндіру;
адамның психикалық және физикалық денсаулығына виртуалды және кеңейтілген шындықтың әсері туралы айту
бірінші тұлға көрінісімен 3D панорама (виртуалды саяхат)
жасау;
2. Web (веб)-жобалау
web (веб)-парақшаларды жасауда HTML (аш ти эм эл)- тегтерін қолдану
web-парақшаларды жасауда CSS (си эс эс) қолдану
web (веб)-парақшаларды жасауда дайын скриптілерді қолдану
10.4.2.4 Web (Веб)-бетке мультимедиа нысандарын кірістіру үшін HTML (аш ти эм эл
) тегтерін қолдану
Қосымшалар әзірлеу
Бөлімше
10-сынып
11-сынып
1. Алгоритмдер және программалар
Функциялар мен процедураларды пайдаланып бағдарламалау тілінде кодты жазу;
жолдарды өңдеу үшін процедуралар мен функцияларды пайдалану;
ақпаратты оқу және жазу үшін файлдарды пайдалану;
практикалық есептерді шешу үшін сұрыптау алгоритмдерін іске асыру;
практикалық есептерді шешу үшін іздеу алгоритмдерін іске асыру
разрабатывать мобильное приложение, используя блоки кода с условиями и циклами;
әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру
ақылды үй датчиктерінен деректер жіберуді ұйымдастыру;
ақылды үй датчиктерінен алынған деректерді шығару бағдарламаларын өңдеу;
ақылды үй құрылғысын басқару үшін бағдарлама әзірлеу
3. IT Startup (ай-ти стартап)
Startup (стартап) түсінігін баяндау;
Crowdfunding ( к р а у д ф а н д и н г ) платформаларының жұмыс істеу қағидаларын сипаттау;
өнімді насихаттау және сату жолдарын сипаттау;
маркетингтік жарнама
жасау (инфографика, бейне)
Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік
Бөлімше
10-сынып
11-сынып
10.6.1.1 желілік компоненттердің қызметін сипаттау (желілік
1. Компьютерлік желілерді ұйымдастыру
түйіндер, бағдарлауыш, коммутатор)
IP (ай пи)–адрестің жазылуы мен қызметтерін, ұсынылуын түсіндіре алу
(DNS (ди эн эс)) домен аттар жүйесінің қызметтерін сипаттау
жеке виртуалды желінің мақсатын түсіндіру
2. Ақпараттық қауіпсіздік
"Ақпараттық қауіпсіздік", "құпиялық", "тұтастық" және " қолжетімділік" терминдерінің мағынасын түсіндіру;
Деректерді шифрлау қажеттілігін бағалау;
қолданушының мәліметтеріне қатысты қауіпсіздік шаралардың қолданылуын түсіндіру: құпиясөз, тіркелу жазулары, аутентификация,
биометриялық аутентификация
ақпараттарды немесе зияткерлік меншікті қорғау қажеттіліктерін дәлелдеу (1996 жылғы 10 маусымдағы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", 2015 жылғы 16 қарашадағы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы", 2003 жылғы 7 қаңтарғы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары);
электронды сандық қолтаңба және сертификаттың қолданылуын сипаттау;
11.6.2.3 электронды сандық қолтаңба қолдану алгоритмін сипаттау
Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
Осы оқу бағдарламасы Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Информатика " оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру бойынша қосымшада берілген ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Параграф 3. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10
-11 сыныптарына арналған "Информатика" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар
10-сынып
кодтың блоктарымен және циклдарымен мобильді қосымшаны жасау;
әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру;
Ақылды үй
ақылды үй датчиктерінен алынған деректерді шығаруды ұйымдастыру;
ақылды үй датчиктерінен алынған деректерді шығару бағдарламаларын әзірлеу;
Ақылды үй жобасын әзірлеу
11.5.2.6 ақылды үй құрылғысын басқару үшін бағдарлама әзірлеу;
11.3В IT Startup (ай-ти стартап)
Startup (стартап)-ты іске қалай қосады?
Startup (стартап) түсінігін баяндау
Crowdfunding ( краудфандинг) платформасының жұмыс принциптерін сипаттау;
Жобаны алға жылжыту
11.5.3.3 өнімді нарықта алға жылжыту және сату жолдарын сипаттау;
IT Startup (ай-ти стартап) және жарнама
11.5.3.4 маркетингтік жарнама құру (инфографика, видео);
4-тоқсан
Қазақстандағы цифрландыру
11.3.4.6 Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістерін талдау;
Blockchain (блокчейн) технологиясы
11.3.4.5 Blockchain (блокчейн) технологиясының мақсаты мен жұмыс істеу қағидатын түсіндіру;
Ақпараттарды құқылы қорғау
11.6.2.1 ақпараттарды және зияткерлік меншікті (1996 жылғы 10 маусымдағы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", 2015 жылғы 16 қарашадағы " Ақпаратқа қол жеткізу туралы", 2003 жылғы 7 қаңтарғы "
11.4А Сандық сауаттылық
Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары) қорғаудың қажеттілігін негіздеу;
Электронды цифрлық қолтаңба және сертификат
описывать назначение электронной цифровой подписи и сертификата
Электрондық үкімет порталында электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану
Электронды үкімет
11.3.4.7 электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау
Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 399 бұйрығына 109-қосымша
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Информатика" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер
Оқу бағдарламасы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
"Информатика" оқу пәнін оқыту мақсаты білім алушыларды негізгі біліммен, тиімді пайдалануға арналған заманауи ақпараттық технологиялармен жүретін жұмыс дағдылары және қабілеттерімен қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі міндеттері:
білім алушылардың ақпараттық процестердің қоғамдағы түсінігін, ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларында пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын қалыптастыру;
білім алушылардың ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және одан әрі жұмысында тиімді пайдалана алу мүмкіндігін қалыптастыру;
білім алушыларға жүйені талдау, шешімдерді әзірлеу, программалық қосымшалар жасау, өздерінің өнімдерін бағалау үшін, олардың компьютермен жұмыс істеудің базалық қағидаларды түсіну түсініктерін дамыту;
талдау, абстракция, модельдеу мен программалау арқылы білім аушыларға әр түрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;
білім алушыларда логикалық, алгоритмдік, сонымен қатар, жалпылау мен үйлестік, тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған тапсырмаларды шешуге тиімді және рационалды тәсілдер табу мүмкіндіктерін қосатын есептік ойлауды дамыту;
білім алушыларда ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеу;
жасанды интеллект, Blockchain, Startup, Crowdfunding терминдерін түсіну;
білім алушылардың академиалық тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуға септік жасау.
2-тарау. "Информатика" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 1-параграф. "Информатика" оқу пәнінің мазмұны
"Информатика" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;
11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
Оқу пәнінің мазмұны бағдарламаның пән бойынша оқыту бөлімдерінен тұрады. Әр бөлім бөлімшелерге бөлінген. Бөлімшелер күтілетін нәтиже, дағды немесе білік, білім немесе түсінік түрінде оқыту мақсаттарын қамтиды.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы "Информатика" оқу пәнінің базалық мазмұны 4 бөлімді қамтиды:
компьютерлік жүйелер;
ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру;
ақпараттық процестер және жүйелер;
қосымшаны құру;
"Компьютерлік жүйелер" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
бұлттық технологиялар;
ақпараттық қауіпсіздік.
"Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
дизайн теориясы;
видео контент құру;
веб-жобалау;
3D – модельдеу.
"Ақпараттық процестер мен жүйелер" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды: ақпараттық технологияларды дамытудың заманауи үрдістері.
"Қосымшаларды әзірлеу" бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
мобильдік қосымшалар;
IT STARTUP (ай-ти стартап).
10-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық мазмұны:
"Компьютерлік жүйелер"
Ақпараттық қауіпсіздік: "ақпараттық қауіпсіздік", деректер "құпиялылығы" және " тұтастығы"; қауіпсіздік шаралары - деректерді резервтік көшіру және шифрлау; жеке тұлғаны сәйкестендіру әдістері;
"Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру"
Дизайн теориясы: "дизайн", "қолданылуы", визуалды дизайнның классификациясы; Ақпаратты қабылдау принциптері; "жақсы дизайн" қағидаттары (ыңғайлылық, қарапайымдылық); графикалық файл пішімдері; графикалық файлдарды түрлендіру; сайттың дизайн-макетін әзірлеу.
Бейне контентін құру: видео түсірілімнің негізгі қағидалары және бейнелерді өңдеу; бейнемен жұмыс істеу бағдарламалары; бейне клиптерді өңдеу.
Веб-жобалау: сайттар конструкторы; веб-беттегі мультимедиа; сайтты алға жылжыту әдістері; сайтты жариялау.
"Ақпараттық процестер мен жүйелер"
Ақпараттық технологияларды дамытудың қазіргі заманғы үрдістері: машиналық оқытудың принциптері, нейрондық желілер; жасанды интеллект қолдану салалары; Blockchain (блокчейн) технологиясының мақсаты мен жұмыс принципі.
11-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық мазмұны:
"Компьютерлік жүйелер"
Бұлттық технологиялар: файлдарды ортақ пайдалану.
Ақпараттық қауіпсіздік: ақпаратты және зияткерлік меншікті қорғау; электрондық цифрлық қолтаңба, мақсат, қолдану алгоритмі.
"Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру"
3D – модельдеу: виртуалды және кеңейтілген шындық; олардың адам денсаулығына әсері; бірінші тұлға көрінісімен 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау.
"Ақпараттық процестер мен жүйелер"
Ақпараттық технологияларды дамытудағы заманауи үрдістер: Қазақстанда цифрландыру процесінің қазіргі заманғы үрдістері; электрондық үкімет порталы.
"Қосымшаларды әзірлеу"
Мобильді қосымшалар: мобильді қосымшалар интерфейсі; мобильді қосымшаларды әзірлеу және орнату.
IT Startup (ай-ти стартап): Crowdfunding (краудфандинг) платформаларының жұмыс қағидалары; маркетингтік жарнама, өнімді өткізу және сату жолдары.
параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі
Бағдарламада оқыту мақсаттары кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.1.2.1. кодында " 10" – сынып, "1.2" – бірінші бөлімнің екінші бөлімшесі, "1" – оқу мақсатының реттік саны.
Білім алушыларға қойылатын мақсаттар:
Компьютерлік жүйелер
Білім алушылар міндетті
Бөлімше
10-сынып
11-сынып
1. Бұлттық технологиялар
11. 1. 1. 1 бұлтты технологияның не екенін түсіндіру
11 . 1 . 1 . 2 жалпыға қолжетімділікке арналған файлдарды (мәтіндік құжаттар, күнтізбелер, презентациялар, кестелер) қолдану, қашықтан және бірлесіп өңдеу
2. Ақпараттық қауіпсіздік
"ақпараттық қауіпсіздігі", "құпиялылық" және "тұтастық" терминдерінің мағынасын түсіндіру
қауіпсіздік шараларын, оның ішінде түсініктерді сипаттаңыз: деректерді резервтік
көшіру және шифрлау
11.1.2.1 ақпараттарды және зияткерлік меншікті (1996 жылғы 10 маусымдағы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", 2015 жылғы 16 қарашадағы " Ақпаратқа қол жеткізу туралы", 2003 жылғы 7 қаңтарғы " Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары)
қорғаудың қажеттілігін негіздеу
10.1.2.3 әртүрлі сәйкестендіру әдістерін қолдануды дәйектеу
11.1.2.2 электрондық цифрлық қолтаңбаның және сертификаттың
мақсатын сипаттау
11.1.2.3 электрондық үкімет порталында электрондық цифрлық
қолтаңбаны қолдану
Ақпараттық нысандарды құру және түрлендіру
Бөлімше
10-сынып
11-сынып
"дизайн", "қолдану" ұғымдарын түсіндіру
түрлер бойынша көрнекі дизайнды жіктеу
1. Дизайн теориясы
ақпараттарды қабылдау принциптері жобада қалай іске асырылатынын түсіндіру
"жақсы дизайн" қағидаттарын іске асыру ( ыңғайлылық, қарапайымдылық және т.б.)
сурет файл форматтары арасындағы айырмашылықты түсіндіру
Веб-эргономиканың ерекшеліктерін ескере отырып, графикалық редактор арқылы
сайттың дизайн-макетін жасау
2. Бейне контенттер құру
бейнемонтаж және бейнежазбаның негізгі қағидаларын қадағалау
бейне клиптерді өз сценарийіңізге сәйкес өңдеп, дыбыстарды, суреттерді, әсерлерді
, өтулерді және мәтінді қосу
бейнемен жұмыс істеу үшін бағдарламалардың мүмкіндіктерін салыстыру
3. Веб-жобалау
сайттар конструкторын қолданып веб-сайт жасау
мультимедианы веб-бетте орналастыру (дыбыс және бейне)
веб-сайтты насихаттау әдістерін сипаттау
сайтты жариялау үшін файлды алмастырғышты пайдалану
4.3D - модельдеу
виртуалды және кеңейтілген шындықтың мақсатын түсіндіру
адамның психикалық және физикалық денсаулығына виртуалды және кеңейтілген шындықтың әсері туралы айту
бірінші тұлға көрінісімен 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау
Ақпараттық процестер және жүйелер
Бөлімше
10-сынып
11-сынып
10.3.1.1 Машиналық оқыту принциптерін, нейрондық желілерді (нейрондық және синапстар) түсіндіру
1. Ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы үрдістер
өнеркәсіпте, білім беруде, ойын индустриясында, қоғамда жасанды интеллект қолдану саласын сипаттау
Blockchain технологиясының мақсаты мен жұмысын түсіндіру
Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістерін талдау
электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау
Қосымшаларды әзірлеу
Бөлімше
10-сынып
11-сынып
1. Мобильді қосымшалар
конструкторде ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру
кодтың блоктарымен және циклдарымен мобильді қосымшаны жасау
әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын
түсіндіру
2. IT STARTUP (ай-ти стартап)
Startup (стартап) түсінігін баяндау
Crowdfunding ( к р а у д ф а н д и н г ) платформаларының жұмыс істеу қағидаларын сипаттау
өнімді насихаттау және сату жолдарын сипаттау
маркетингтік жарнама
жасау (инфографика, бейне)
Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
Осы оқу бағдарламасы Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Информатика" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру бойынша қосымшада берілген ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
параграф. Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Информатика" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар
10-сынып
Бөлімдер
Тақырыптар, мазмұны
Оқу мақсаттары
1-тоқсан
10.1A Ақпараттық қауіпсіздік
Ақпараттық қауіпсіздік
10.1.2.1 "ақпарат қауіпсіздігі", " құпиялылық" және "тұтастық" терминдерінің мағынасын түсіндіру
10.1.2.2 қауіпсіздік шараларын, оның ішінде түсініктерді
Ақпаратты қорғау әдістері
сипаттаңыз: деректерді резервтік көшіру және шифрлау
Жеке тұлғаны идентификациялау әдістері
10.1.2.3 әртүрлі сәйкестендіру әдістерін қолдануды дәйектеу
10.1B Бейне контент құру
Бейнемен жұмыс істеуге арналған программалар
10.2.2.3 бейнемен жұмыс істеу үшін бағдарламалардың мүмкіндіктерін салыстыру
Бейне түсіру
10.2.2.1 бейнемонтаж және бейнежазбаның негізгі қағидаларын қадағалау
Бейне монтаждаудың ережесі
10.2.2.1 бейнемонтаж және бейнежазбаның негізгі қағидаларын қадағалау
Бейнені монтаждау
10.2.2.2 бейне клиптерді өз сценарийіңізге сәйкес өңдеп, дыбыстарды, суреттерді, әсерлерді
, өтулерді және мәтінді қосу
Жобаны әзірлеу және қорғау
бейнемонтаж және бейнежазбаның негізгі қағидаларын қадағалау
бейне клиптерді өз сценарийіңізге сәйкес өңдеп, дыбыстарды, суреттерді, әсерлерді
, өтулерді және мәтінді қосу
2-тоқсан
10.2А Дизайн теориясы
Біздің өміріміздегі дизайн
"Дизайн", "қолдану" ұғымдардың түсіндіру
түрлер бойынша көрнекі дизайнды жіктеу
"Жақсы дизайн" принципі
ақпараттарды қабылдау принциптері жобада қалай іске асырылатынын түсіндіру
"жақсы дизайн" қағидаттарын іске асыру ( ыңғайлылық, қарапайымдылық және т.б.)
Веб-бетке арналған графика
сурет файл форматтары арасындағы айырмашылықты түсіндіру
10.2.1.7 Веб-эргономиканың ерекшеліктерін ескере отырып, графикалық редактор арқылы сайттың дизайн-макетін жасау
3-тоқсан
Сайттың картасы
10.2.1.7 Веб-эргономиканың ерекшеліктерін ескере отырып, графикалық редактор арқылы сайттың дизайн-макетін жасау
10.3А Веб-жобалау
Сайттың басты беті
10.2.3.1 сайттар конструкторын
қолданып веб-сайт жасау
Мазмұны
10.2.3.1 сайттар конструкторын қолданып веб-сайт жасау
Веб-беттегі мультимедия
10.2.3.2 мультимедианы веб-бетте орналастыру (дыбыс және бейне)
Сайтты жариялау
10.2.3.4 сайтты жариялау үшін файлды алмастырғышты пайдалану
Сайтты насихаттау
10.2.3.3 веб-сайтты насихаттау әдістерін сипаттау
4-тоқсан
10.4А Жасанды интеллект және Blockchain (блокчейн) технологиясы
Машиналық оқыту принциптері
10.3.1.1 машиналық оқыту принциптерін, нейрондық желілерді (нейрондық және синапстар) түсіндіру
Нейронды желілердің жұмысы және ұйымдастыру принциптері
10.3.1.1 машиналық оқыту принциптерін, нейрондық желілерді (нейрондық және синапстар) түсіндіру
Жасанды интеллектіні қолдану саласы
10.3.1.2 өнеркәсіпте, білім беруде, ойын индустриясында, қоғамда жасанды интеллект қолдану саласын сипаттау
Blockchain (блокчейн) технологиясы
10.3.1.3 Blockchain (блокчейн) технологиясының мақсаты мен жұмысын түсіндіру
11-сынып
Бөлімдер
Тақырыптар, мазмұны
Оқу мақсаттары
1-тоқсан
11.1А Бұлттық технологиялар
Бұлттық технологияны іскерлік саласында қолдану
бұлтты технологияның не екенін түсіндіру
жалпыға қолжетімділікке арналған файлдарды (мәтіндік құжаттар, күнтізбелер, презентациялар, кестелер) қолдану, қашықтан және бірлесіп өңдеу
2-тоқсан
11.2А 3D – модельдеу
Виртуалды және кеңейтілген шындық
11.2.4.1 виртуалды және кеңейтілген шындықтың мақсатын түсіндіру
Виртуалды шындықтағы адам
11.2.4.2 адамның психикалық және физикалық денсаулығына виртуалды және кеңейтілген шындықтың әсері туралы айту
Виртуалды тур
11.2.4.3 бірінші тұлғадан көрінісі бар 3D панорама (виртуалды саяхат) жасау
3-тоқсан
11.3В Мобильді қосымшалар
Мобильді қосымшаларды құру
конструкторде ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру
кодтың блоктарымен және циклдарымен мобильді қосымшаны жасау
әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын
түсіндіру
11.3В IT Startup (ай-ти стартап)
Өзіңнің Startup-ыңды қалай іске қосу керек
Startup (стартап) түсінігін баяндау;
Crowdfunding ( к р а у д ф а н д и н г ) платформаларының жұмыс істеу
қағидаларын сипаттау
Жобаны алға жылжыту
11.4.2.3 өнімді насихаттау және сату жолдарын сипаттау
IT Startup (ай-ти стартап) және жарнама
11.4.2.4 маркетингтік жарнама жасау (инфографика, бейне)
4-тоқсан
11.4B Сандық сауаттылық
Қазақстандағы цифрлау
11.3.1.1 Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістерін талдау
Ақпараттарды құқылы қорғау
11.1.2.1 ақпараттарды және зияткерлік меншікті (1996 жылғы 10 маусымдағы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", 2015 жылғы 16 қарашадағы " Ақпаратқа қол жеткізу туралы", 2003 жылғы 7 қаңтарғы " Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары)
қорғаудың қажеттілігін негіздеу
Электронды цифрлық қолтаңба және сертификат
электрондық цифрлық қолтаңбаның және сертификаттың мақсатын сипаттау
электрондық үкімет порталында электрондық цифрлық
қолтаңбаны қолдану
Электронды үкімет
11.3.1.2 электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау
Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 399 бұйрығына 110-қосымша