«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
МУА 2016
63
беттің
9
беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы
3. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1. Астана медицина университетінің студенттеріне арналған анықтамалық-жол
көрсеткіш.
3.2. Анықтамалық-жол көрсеткіште Астана медицина университеті, университеттегі оқу
процесін ұйымдастыру, ішкі тәртіп ережелері, білім алушылардың құқықтары мен
міндеттері, пәндер бойынша тіркеу тәртібі, білім алушыларды ағымдық, аралық және
қорытынды бақылауды ұйымдастыру тәртібі, ауыстыру тәртібі, студенттерді қайта қабылдау
және оқудан шығару, студенттердің өздік жұмысы, материалдық және ақпараттық
құралдарды пайдалану тәртібі туралы жалпы мағлұматтар берілген.
3.3 Анықтамалық-жол көрсеткіш 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» Заңы; ҚР МЖМБС 5.04.019-2011 «Жоғары білім беру. Бакалавриат»; ҚР
МЖМБС 3.08.388-2006; ҚР МЖМБС 3.07.485-2006 «051301 – Жалпы медицина»; ҚР
МЖМБС 3.07.476-2006 «051302 – Стоматология»; ҚР МЖМБС 3.08.389-2006 «051102 –
Қоғамдық денсаулық сақтау»; ҚР МЖМБС 3.08.390-2006 «051103 – Фармация»; ҚР МЖМБС
3.08.388-2006 «051101 – Мейірбике ісі»; «Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың
үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткізу
ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ 18.03.2008ж. №125 бұйрығы (2016 жылғы 13 мамырдағы
өзгерістер және толықтырулармен) «Білім беру ұйымдарының типі бойынша білім
алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау ережелері туралы» 19.12.2008ж. №638
бұйрығы, «Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға академиялық демалыс беру
ережелерін бекіту туралы» 18.03.2008ж. №124 бұйрығы, «Білім беру ұйымдарында білім
алушылардың жекелеген категорияларына мемлекеттік шәкіртақы төлеу ережелерін бекіту
туралы» ҚР Үкіметінің №116 қаулысы (2016 жылғы 03 маусымдағы өзгерістерімен); ҚР
Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі «Оқытудың кредиттік
технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» №152
бұйрығы негізінде әзірленді.
3.4 Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация, мейірбике ісі, медициналық-
профилактикалық іс факультетінің деканы «Фармация» мамандығының студенттеріне
алдағы оқу жылының Анықтамалық-жол көрсеткішін әзірлеуге және қамтамасыз етуге
жауапты.
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
МУА 2016
63
беттің
10
беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы
3.1 «Астана медицина университеті» АҚ-тың жетістіктері
«Астана медицина университеті» АҚ тарихы – 50 жыл бойы қалыптасу және даму
жолы.
Қазақстан КП Орталық комитетінің және Қазақ КСР Министрлер кеңесінің 1964
жылғы 26 қазандағы №729 қаулысына сәйкес Целиноград мемлекеттік медицина
институтының негізі қаланды. ЦММИ-дың алғашқы педагогтар құрамы Алматы медицина
институтының түлектері мен оқытушыларынан құралды. ЦММИ «Емдік іс» мамандығы
бойынша мамандар дайындады. Бірінші курсқа 300 студент, екінші курсқа 100 студент
қабылданды.
1973 жылы кафедрааралық ғылыми-зерттеу
зертханасы ұйымдастырылды. ЦММИ-дың 10
жылдық мерейтойында институт қызметкерлерінің
15-сі докторлық, 72-сі кандидаттық диссертация
қорғады. 39 кафедрада 226 оқытушы қызмет істеді
және 2400 студент оқып жатты.
1984 жылы педиатрия факультеті ашылды
және балалар аурулары кафедрасы құрылды.
1989
жылы
орта
буын
медицина
қызметкерлерін дайындау факультеті ашылды. Осы кезде 3 факультеттің 34 кафедрасында
2759 студент білім алып жатты. 250 оқытушының 19-ы доктор және 131-і медицина
ғылымдарының кандидаты болды.
1990 жылы кафедрааралық зертхана негізінде орталық ғылыми-зерттеу зертханасы
ашылды, 8 қабаттық жаңа оқу корпусы қолдануға берілді. 1989 оқу жылы қазақ бөлімшесі
ашылды. 1992 жылдан бастап «Патологиялық физиология» мамандығы бойынша
кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес жұмыс істеп келеді.
Медицина институтының негізі қаланғаннан бері басқару жүйесін уақыт талабына сай
реформалау және ұйымдастыру формасы бірнеше өзгерістерге ұшырады. 1997 жылы
институт Қазақ мемлекеттік медицина академиясы болып өзгертілді. Осы уақыт ішінде
академияда 3 диссертациялық кеңес ашылды. Академия негізінде 10 ғылыми орталық пен
ғылыми-зерттеу институттары филиалдарының негізі қаланды. 1997 жылы «Медициналық-
биологиялық іс» факультеті ашылды. Академия республикалық маңызды «Астана
медициналық журналы» және «Валеология» атты ғылыми-практикалық журналдарын алғаш
шығара бастады.
1993 жылдың наурыз айында қала атының өзгертілуіне байланысты институт Ақмола
мемлекеттік медицина институты деп аталды. ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 25 ақпандағы №263
қаулысына сәйкес ЖОО академия болып өзгертілді. ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 14
наурыздағы №249 қаулысына және ҚР ДСМ 2003 жылғы 20 наурыздағы №232 бұйрығына
сәйкес Ақмола мемлекеттік медицина академиясы Қазақ мемлекеттік медицина академиясы
деп аталды.
1999 жылы ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі №1469 қаулысы негізінде
емдеу және педиатрия факультетінің түлектеріне интернатура ұйымдастырылды.
Стоматология факультетіне интернатура 2007 жылы ұйымдастырылды. 2001 жылы
дәрігерлерді жетілдіру факультеті ашылды. 2002 жылы «Фармация», «Стоматология» және
«Шығыс медицинасы» факультеттерінің негізі қаланды. «Хирургия», «Травмотология»,
«ЛОР-аурулары» мамандықтары бойынша докторлық диссертация, «Микробиология», «Сот
медицинасы» мамандықтары бойынша кандидаттық диссертацияларды қорғау жөніндегі
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
МУА 2016
63
беттің
11
беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы
Кеңестер ашылды. 2003 жылы «Медициналық-
профилактикалық іс» факультеті өз қызметін
бастады.
2004 жылы астаналық академияда 56 доктор
және 150-ден астам ғылым кандидаттары қызмет
істеді. Академия жанында ҚР медициналық жоғары
оқу орындарының Оқу-әдістемелік бірлестігі
(ОӘБ) ашылды. «Оториноларингология» атты
республикалық маңызды ғылыми-практикалық
журналы тоқсан сайын шыға бастады, «Жас
педагог» мектебі ашылды.
2006 жылы Қазақ мемлекеттік медицина академиясы Мәскеуде Халықаралық Саммит
шеңберіндегі халықаралық сыйлықтың «Ұлттық
Экономика Лидері – 2006» Құрмет белгісін алды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008
жылғы 13 мамырдағы №451 қаулысы бойынша ҚР
ДСМ-нің
«Қазақ
мемлекеттік
медицина
академиясы» РМҚК «Қазақ медицина академиясы»
акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Оның
жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз
қатысады. 2009 жылғы 6 қаңтардан «Қазақ
медицина академиясы» АҚ «Астана медицина
университеті» АҚ болып өзгертілді (бұдан әрі –
Университет) және «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ (бұдан әрі – ҰМХ) құрамына енді.
Университеттің клиникалық базалары: мемлекеттік және республикалық ірі орталықтар мен
ғылыми-зерттеу институттары, ҰМХ-ның еншілес ұйымдары. 2010 жылғы 1 шілдеден бастап
Университет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ДСӘДМ) ведомстволық бағыныстағы бақылауында.
Университет еліміздің солтүстік аймағының үздік оқу, ғылыми, әдістемелік және
мәдени орталығы. Университет білім беру қызметінің жоғары сапасы мен кең ауқымдылығын
қамтамасыз етеді. Ол оқытудың жаңа технологияларын енгізу және ғылыми зерттеу базасын
арттыру арқылы жүзеге асырылады. Университет түлектері жұмыспен қамту нарығында
бәсекеге қабілетті, Қазақстан мен шетелдің әртүрлі салаларында табысты қызмет етуде.
Университет қазақстандық білім берудің іргелі дәстүрін сақтап, Болон процесінің
жүйесіне, еуропалық, дүнижеүзілік білім беру және ғылыми кеңістігіне белсене кіріп келеді.
Университетте үздіксіз білім берудің кеңейтілген жүйесі, оның ішінде ЖОО-ға дейінгі
білім беру жүйесі жұмыс істейді, атап өтсек:
-
6 пән бойынша дайындық курсы;
-
бакалавриат аясында 6 мамандық бойынша дипломға дейінгі білім беру;
-
резидентураның 26 білім беру бағдарламасы, магистратураның 5 білім беру
бағдарламасы және Рhd докторантураның 3 білім беру бағдарламасы аясында ЖОО-дан
кейінгі білім беру;
-
51 білім беру бағдарламасы аясында қосымша кәсіби білім беру (біліктілікті
арттыру және кадрларды қайта даярлау).
2011 жылдан бастап ҚР медицина университеттері мен Новосибирск мемлекеттік
медицина университеттері арасында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша
білім берудің бірлескен жобалары жүзеге асырылуда. Олар:
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
МУА 2016
63
беттің
12
беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы
-
бірлескен білім беру бағдарламасы, екі дипломдық білім беру, академиялық
курстарды өзара мойындау, білім берудің салыстырылымдылығы, студенттердің, оқытушы-
профессорлар құрамының, әкімшілік-басқару персоналының академиялық ұтқырлығы;
-
2015 жылы бірлескен білім беру бағдарламасының түлектері бағдарламаға
қатысушы университеттердің дипломын алды, бұл дипломдар мамандардың сол елдерде
жұмыспен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді.
Университет Қазақстанның медициналық университеттерінің ішінен бірінші болып
медициналық және ғылыми-педагогикалық кадрларды көпдеңгейлі дайындауды қолға алды
(үздіксіз жоғары білім беру жүйесін): бакалавриат – интернатура – резидентура; бакалавриат
– магистратура – Рhd докторантура. 031 «Ауруханалық басқару саласында халықаралық
стандартты енгізу» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыру аясында
университет аурухананы басқару саласында «Іскерлік әкімшілік магистрлерін» дайындаудағы
білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға бірінші болып кірісті.
2010 жылы алғашқы іскерлік әкімшілік магистрлері оқу бітірді. Сол жылы тағы 15
адам қабылданды. Іскерлік әкімшілік магистрлерін дайындаудың эксперименттік
бағдарламасы әзірленді, ол бойынша Университетте және «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті» ШЖҚ РММ-да негізгі және бейіндік пәндерді оқу керек, шетел ЖОО-
ларында (АҚШ, Австрия, Сингапур, Түркия және т.б.) міндетті түрде тағылымдамадан өту
қажет, сондай-ақ аурухана менеджменті саласының алдыңғы қатарлы шетел мамандары
шақырылады.
Университет еліміздің медициналық басқа ЖОО-ларымен қатар медициналық және
фармацевтикалық білім беруді реформалау концепциясының мақсаттары мен міндеттерін
белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар, Университет басқару және ұйымдық-
құқықтық формаларға өзгерістер енгізді.
2009 жылдан бері Университет еліміздің медициналық ЖОО-лары ішінде жалғыз
акционерлік ЖОО және оның жаңа мәртебені жүзеге асыру бойынша баға жетпес тәжірибесі
бар. Жарғылық капиталдан Университет акцияларының мемлекеттік пакетінің 100%-ын
иелену мен пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігі жүзеге асырады.
Реформалау барысында нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру, корпоративтік
басқарудың принциптері мен механизмдерін енгізу (Директорлар Кеңесі, Басқарма, Ішкі
аудит қызметі, Корпоративтік басқару кодексін, Корпоративтік мәдениет пен этика кодексін
енгізу, стратегиялық менеджментті енгізу, корпоративтік марапаттарды енгізу, оқу процесін
басқаруды жетілдіру (институт, кәсіптік бағдар беру және білім алушыларды психологиялық
бейімдеу бөлімін, офис-тіркеуші және эдвайзерлер бөлімін, инновациялық технологиялар
және қашықтықтан оқыту орталығын құру) бойынша үлкен жұмыс атқарылды.
Сонымен қатар, Университетте халықаралық қашықтықтан оқыту жүйесі (MOODLE)
бар, мұнда осы саланың соңғы жетістіктері қолданылады.
Университетте қоғамның қазіргі талаптарына сәйкес келетін білікті мамандарды
дайындауды қамтамасыз ететін база бар. Университеттің жалпы ауданы 63484,16 шаршы
метр, іргелес аймақ ауданы 23999 шаршы метр, оның ішінде аудиториялық қор 35504,2
шаршы метр. Университетке дәріс залдары және мультимедиямен жабдықталған
аудиториялары, оқу-әдістемелік орталығы, интернетке қосылған, күшті заманауи
компьютерлермен жабдықталған компьютерлік сыныптары, кітапханасы, оқу залдары,
заманауи зертханалары бар 5 оқу корпусы тиесілі. Сондай-ақ, барлық құрылымдық
бөлімшелер компьютермен жабдықталған, «АстМУ медициналық орталығы» ЖШС
әлеуметтік нысандар, студенттердің екі жатақханасы (жалпы аумағы 11 439 шаршы метр),
спортзал, конференц-зал, оқу корпустарында 2 асхана және буфет бар. Университет
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
МУА 2016
63
беттің
13
беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы
балансында жалпы аумағы 8104,7 шаршы метр 120 пәтерлік тұрғын үй бар. Онда Ұлттық
медициналық холдингтің еншілес ұйымдарының қызметкерлері тұрады. Сондай-ақ,
Университеттің 35 қызметкері «Отандастар», «Қаһарман», «Тамыз», «Айкен», «Сәтті»
тұрғын үй кешендерінің 34 пәтерімен қамтамасыз етілген.
2016 жылғы 1 қыркүйектен оқу процесін барлығы 1808 қызметкер жүргізеді, оның
ішінде 1417 штаттағы қызметкер, әкімшілік-басқару персоналы – 251, қосалқы қызметкерлер
құрамы – 290, қызмет көрсету персоналы – 137 адам. Кафедраларда барлығы 1130 білікті
педагогтар қызмет істейді (оның ішінде 739 штаттағы қызметкер), 105 ғылым докторы, оның
89-ы (85%) штаттағы қызметкер (орта жасы – 48); 257 ғылым кандидаттары, оның 223-і
(87%) штаттағы қызметкер (орта жасы – 43); 10 PhD докторлары; 59/52 (62,0%) – профессор
ғылыми атағы бар оқытушы, 92/89 (33,5%) – доцент ғылыми атағы бар оқытушы. Ғылыми
дәрежесі мен атағы бар оқытушылар үлесі – 62,7%.
Университет факультеттерінде 4551 студент, 1489 интерн, 285 резидент, 77
магистрант және 58 докторант, оның ішінде 10 елден (Ресей, Украина, Әзірбайжан,
Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Белоруссия, Қытай, Моңғолия) келген 127
шетел студенті оқиды. ҮКД ҚБФ кафедраларында 3000 тыңдаушы білім алады.
Университетте тиісті мамандықтың пән мұғалімдерін біріктіретін Ғылыми кеңес, оқу-
әдістемелік кеңес, ғылыми-клиникалық кеңес, мамандықтардың білім беру бағдарламалары
жөніндегі комитеттер жұмыс атқарады. Олардың құрамына жұмыс берушілер кіреді.
Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» заңының 23-бабына сәйкес, 2014 жылғы
тамыз айында ҚР Білім және ғылым министрлігі Университеттің ғылыми қызметін ғылыми
және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациялады (МК сериясы
004092). Университет Басқармасының 2009 жылғы 14 ақпандағы шешімімен (№11 хаттама)
ғылыми-клиникалық кеңес (ҒКК) құрылды. Ғылыми және клиникалық қызмет жөніндегі
проректор Ф.А. Галицкий ҒКК төрағасы болып сайланды. ҒКК үнемі қызмет етіп тұратын
кеңес беруші орган, ол ғылыми-білім беру саясатының қалыптасуы мен жүзеге асуы, зерттеу
жүргізу, университеттегі ғылыми және ғылыми-педагогика кадрларын даярлауды жетілдіру
сияқты өзекті мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге арналған.
Университетте мамандандырылған 3 мерзімді басылым бар:
1)
«Астана медициналық журналы» 1989 жылдан бастап ғылыми қызметтің
негізгі нәтижелерін жариялау үшін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау
комитеті ұсынатын Ғылыми басылымдар тізбесіне енді. 2013 жылғы шілде айында «Астана
медициналық журналы» Ғылым туралы заңның жаңа ережелеріне сәйкес қайта
аттестаттаудан өтті, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған
журналдар тізбесіне енді;
2)
«Оториноларингология – бас, мойын хирургиясы» 2006 жылдан бастап ЛОР-
аурулары кафедрасының негізінде әзірленеді.
3)
«Валеология, здоровье, болезнь, выздоровление» 2010 жылдан бастап
профилактикалық медицина және тағамтану кафедрасы негізінде әзірленеді.
Университеттің клиниклық кафедраларының қызметкерлері емдік-профилактикалық
мекемелерден (ЕПМ) тыс және ҚР-дың жетекшілік ететін облыстарында көшпелі
консультативтік-әдістемелік жұмыс атқарады.
2014 жылы ЖОО қызметін кешенді бағалау нәтижесінің негізінде Университет ҚР
МЖМБС талаптарына, білім беру қызметін лицензиялау кезінде ұсынылатын біліктілік
талаптарына және білім беру саласының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына
сәйкестігі бойынша мемлекеттік аттестатаудан өтті деп танылды, аттестаттау мерзімі – 5 жыл
(ҚР БҒМ және ДСӘДМ, 2014 жылғы сәуір).
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
МУА 2016
63
беттің
14
беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы
Университеттің әлемдік білім беру кеңістігіне кіруі оның алдына халықаралық қызметті
дамыту бойынша жаңа міндеттер қойды. Бұл міндеттер еліміздің халықаралық
белсенділігінің дамуымен, оның ішінде денсаулық сақтаумен байланысты.
Университетте халықаралық қатынастың аясын кеңейту бойынша үздіксіз жұмыстар
жүргізіледі, шетелдің көптеген ғылыми орталықтары және ЖОО-ларымен тікелей байланыс
орнатылды. Шетелдің 42 ЖОО-ларымен және АҚШ, Еуропа, Азия елдерінің ұйымдарымен
білім және ғылым салаларында ынтымақтастық туралы шарттар жасалды.
«Қазақстан Республикасындағы медициналық білім беруді модернизациялау 2016-2019
жылдарына арналған» жобасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық білім беруді басқару саласына
халықаралық стандарттарды енгізу бойынша Техникалық тапсырмасына сәйкес, Астана
медицина университеті мен Римнің Ла Сапиенца Университетінің Медициналық Мектебі
арасында стратегиялық серіктестік жүзеге асуда, ол халықаралық ынтымақтастықтың
ықтимал
формаларының
кең
ауқымын
қарастырады:
-
зерттеу
салалары
мен
оқу
бағдарламалары
бойынша
сапаның
халықаралық стандарттарына қолжеткізу;
«АстМУ» АҚ оқу жоспарларын сәйкес
білім беру бағдарламалары бойынша әлемнің
алдыңғы қатарлы университеттерінің оқу
жоспарымен үйлестіру;
білім
алушылардың
ұтқырлығын,
Болон процесінің ережелері мен принциптерін
ескере отырып қызметкерлердің халықаралық
білім беру процесіне араласуын және
ұтқырлығын қамтамасыз ету;
білім
беру
қызметі
нарығында
«АстМУ» АҚ-тың бәсекелестігін арттырудың
маңызды құралы ретінде бірлескен диплом
бағдарламаларын енгізу және жүзеге асыру;
университеттің халықаралық ғылыми
қызметінің дамуы, ЖОО-ның халықаралық
ғылыми,
ғылыми-практикалық
және
инновациялық бағдарламалар мен жобаларға
қатысу ауқымын және сапасын арттыру;
«АстМУ»
АҚ-тың
халықаралық
беделін көтеру, ол үздік халықаралық
агенттіктерде білім беру бағдарламаларының аккредитациясына
және рейтінгісіне қатысу арқылы жүзеге асырылады.
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
МУА 2016
63
беттің
15
беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы
Менеджмент жүйесі.
Қызметін үздіксіз жетілдіру
және
қанағаттанушылық
деңгейін
арттыру, өзінің стейкхолдерлерінің
үмітін ақтау үшін жағдай жасау
мақсатында Университет 2007 жылдан
бастап 2000 және 2008 нұсқадағы
халықаралық
ИСО
9000
стандарттарына сәйкестігіне үш рет
сертификатталды,
төмендегі
менеджмент құралдарын қолданады:
стратегиялық менеджмент, SWOT-
анализ,
аутсорсинг,
клининг,
бенчмаркинг,
үйлестірілген
көрсеткіштер
жүйесі,
жобалық
менеджмент, HR-менеджмент, ЖОО-
ның
институционалдық
аккредитациясының стандарттары, ҚР
СТ
ИСО/МЭК
17025-2007
зертханасынының
аккредитация
стандарты.
2006
жылдан
бастап
Университетке
ИСО
9000:2001
халықаралық стандарты енгізілді. Сапа
менеджментінің жүйесі. Талаптар.
С 2006 года в Университете
внедрен Международный стандарт
ИСО 9000:2001. Система менеджмента
качества. Требования.
2007 жылы Ұлыбританиядағы
«Moody international», ISO 9001:2000
халықаралық
стандарттарының
талаптарына
сәйкестігіне
сертификациялық аудиттен өтті. 2007
жылғы 11 шілдеде Университетке
халықаралық
сертификаттау
компаниясынан сертификат берілді,
оның мерзімі 3 жыл, жыл сайын бақылау аудитін жүргізуі тиіс.
2010 жылы ЖОО AFNOR (Франция) халықаралық компаниясы өткізген жоғары
медициналық және пара-медициналық білім беру бойынша ИСО 9001:2008 халықаралық
сапа стандартына сәйкестілігіне сертификация аудиті өтті.
2011 жылы Сапа бойынша Еуропалық ұйымының (EFQM) Кемелдік моделінің
концепциялары мен критерийлері енгізілді. 2011 жылдың қараша айында Университет EFQM
Кемелдік моделінің «Кемелденуге талпыну» деңгейіндегі критерийлері мен концепциясының
талаптарына сәйкестігі бойынша валидация өтті, 2012 жылдың қараша айында – EFQM
Кемелдік моделінің 4 жұлдызы – «Танылған жетілдіру» деңгейінде өтіп, ал 2013 жылдың 23-
24 желтоқсанда Университетің басқару жүйесі EFQM-2013 Кемелдік моделінің
|