Анықтамалық-жол көрсеткіш


«Астана медицина университеті» АҚ



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата09.03.2017
өлшемі1,98 Mb.
#8515
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

29

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3.5.3.1.  Білім  беру  саласындағы  оқу-ғылыми  процестерді,  оларды  ұйымдастыру  мен 



жүргізуді реттейтін нормативтік актілердің талаптарын орындауға; 

3.5.3.2.  Таңдап  алынған  мамандығы  бойынша  теориялық  білімді  және  практикалық 

машықтарды жүйелі және терең түрде игеруге;  

3.5.3.3.  Сабақтарға  қатысуға  және  оқу  жоспары  мен  бағдарламаларда  көрсетілген 

тапсырмалардың барлық түрін белгіленген мерзімде орындауға;  

3.5.3.4. Оқытушылардың және Университеттің басқа қызметкерлерінің ар-намысын мен 

абыройын сыйлауға; 

3.5.3.5.  Қоғамдық  орындарда  тәртіп  нормаларын  сақтауға,  жатақханада  тұру  ережесін 

сақтауға,  жалпыға  ортақ  адамгершілік  және  этика  нормаларын  сақтауға,  құқық  бұзушылық 

әрекеттерге,  болашақ  дәрігердің  моральдық  бейнесіне  сәйкес  келмейтін  әрекеттерге  жол 

бермеуге, Университеттің іскерлік атағын, аты мен беделін қорғауға;  

3.5.3.6.  Жалпы  мәдениетті  жақсартуға  ұмтылуға,  адамгершілік  жағынан  және  дене 

тәрбиесі жағынан үнемі жетілуге; оқу тәртібін сақтауға, Университет әкімшілігінің өкімдерін 

дер кезінде және нақты орындауға; 

3.5.3.7.  Университеттің  мүлкін  ұқыптап  ұстауға,  оны  дұрыс  пайдалануға,  зиянның 

алдын  алуға  арналған  шараларды  қабылдауға;  Университетке  материалдық  зиян  келтірген 

жағдайда білім алушылар оны Тәртіптік кеңестің шешіміне сәйкес өтеуге; 

3.5.3.8.  Университеттің  қоғамдық  өміріне,  қоғамдық  пайдалы  еңбекке  белсенді  түрде 

араласуға; 

3.5.3.9. Жоспарлы медициналық тексеруден дер кезінде және үнемі өтіп тұруға; 

3.5.3.10. Өздерімен бірге жеке куәлігін, студенттік билетін болмаса Университеттің оқу 

корпустарына  кіруге  (шығуға)  және  онда  жүруге  рұқсат  беретін  рұқсаттама  алып  жүруге 

және оларды Университетке кірген кезде көрсетуге; 

3.5.3.11.    Студенттік  жеке  құжаттарды  (студенттік  билет,  сынақ  кітапшасы)  ұқыптап 

ұстауға, оларды жоғалтқан жағдайда тез арада факультет әкімшілігіне хабар беруге; 

3.5.3.12.  «Ақылы  білім  беру  қызметі  туралы»  шартта  анықталған  қаржылық 

міндеттемелерді орындауға; 

3.5.3.13.  Өзінің  оқу  орнын,  оқу  құралдарын  ұқыпты  және  таза  ұстауға,  оқу 

корпустарында,  үй-жайларда,  клиникалық  бөлімшелерде  және  басқа  да  құрылымдық 

бөлімшелерде тазалық сақтауға, Университет аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға; 

3.5.3.14 Сабақ барлық түрлерінде міндетті түрде халат және қалпақ киюге; 

3.5.3.15. Кітапхана ережесін сақтауға; 

3.5.3.16 Оқу-әдістемелік, ғылыми және көркем әдебиеттерді жоғалтқан білім алушылар 

оларды балама немесе оларға тең кітаптармен ауыстыруға; 

3.5.3.17 Арнайы ережелерде және нұсқаулықтарда көрсетілген қауіпсіздік техникасын, 

өрт  қауіпсіздігі  техникасын,  өндірістік  санитарияны,  еңбек  және  өртке  қарсы  күзет 

гигиенасын сақтауға; 

3.5.3.18    Білім  алушылардың  ішкі  тәртіп  ережесін  және  Жатақханада  тұру  ережесін 

сақтауға,  Университет  жарғысының  талаптарын,  Ғылыми  кеңестің  шешімін,  Тәртіптік 

кеңестің  шешімін,  ректордың,  проректорлардың,  декандардың  бұйрықтары  мен  өкімдерін 

орындауға; 

3.5.3.19  «Ақылы  білім  беру  қызметі  туралы»  және  «Тегін  білім  беру  қызметі  туралы» 

шарттардың талаптарын сақтауға міндетті. 

3.5.3.20  Ауылдық  квота  арқылы  грантқа  оқуға  түскен  мемлекеттік  білім  беру  грант 

иегерлері  ЖОО-ны  аяқтағаннан  кейін  аудандық  және  ауылдық  денсаулық  сақтау 

мекемелерінде  ЖОО-ның  жұмыс  орындарына  дербес  бөлуіне  сәйкес  үш  жыл  жұмыс  істеуі 

тиіс. 


 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

30

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3.5.3.21  Мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы  негізінде  медицина  мамандығына  оқуға 



түскен  азаматтар  ЖОО-ны  бітіргеннен  кейін  мемлекеттік  білім  беру  мекемелері  мен 

мемлекеттік медицина мекемелерінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті. 

3.5.3.22  Анықтама  әкелуге  міндетті.  Ол  Университетке  жұмыс  орнына  келгендігін 

дәлелдеу  үшін  беріледі.  Анықтамаға  басшының  қолы  мен  медициналық  мекеменің  мөрі 

қойылуы  тиіс.  Сондай-ақ  оған  жұмыс  орны  туралы  мәлімет  пен  көрсетілетін  әлеуметтік 

көмек түрі жазылуы керек. 

 

3.5.4 Білім алушыларға тыйым салынған жағдайлар  

Білім алушыларға: 

3.5.4.1. Жалпыға ортақ этика нормаларын бұзуға; 

            3.5.4.2. Дөрекі сөйлеуге, балағаттауға, күш көрсетуге немесе білім алушылардың өмірі 

мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да әрекеттерге жол беруге; 

 

3.5.4.3.  Қызметкерлерге  және  білім  алушыларға  құрметпен  қарамауға,  олардың  ар-



намысы мен абыройына нұқсан келтіруге; 

 

3.5.4.4. Заңмен қудаланатын ақпаратты таратуға; 



 

3.5.4.5.  Университет  территориясында  орын  алған  қандай  да  бір  тәртіпсіздіктің 

бастамашысы  болуға,  тиісті  рұқсат  берілмесе  хабарландыру  және  көрнекі  үгіт-насихат 

қағаздарын ілуге;  

 

3.5.4.6.  Оқу  және  дәріс  аудиторияларында,  зертханаларда,  жатақханаларда 



тыныштықты және тәртіпті бұзуға; 

 

3.5.4.7.  Мас  күйінде  жүруге,  спиртті  ішімдіктер  ішуге,  есірткі  және  уытты  заттарды 



пайдалануға және таратуға, құмар ойындар ойнауға; 

 

3.5.4.8.  Университеттің  оқу  корпустарында,  жатақханаларында  және  клиникалық 



базаларында және маңайындағы аумақта шылым шегуге; 

 

3.5.4.9.  Үй-жайларда  (оқу  аудиторияларында,  дәріс  залдарында,  акт  залында)  бас 



киіммен және сыртқы киіммен жүруге;  

 

3.5.4.10. Университеттің мүлкіне зиян келтіруге;  



 

3.5.4.11. Университет қабырғасында ақылы қызметтер немесе тауарлар ұсынуға; 

 

3.5.4.12.  Жемқорлықпен  ілесе  жүретін  немесе  жемқорлыққа  жағдай  жасайтын 



(сыйлық  беруге,  кез-келген  түрдегі  сыйақы  беруге,  сондай-ақ  пара  беру  үшін  делдал 

қызметін атқаруға) әрекеттер жасауға тыйым салынған. 

3.5.4.13  Университетте  шолақ  шалбар,  майка,  спорт  киімін  (денешынықтыру 

сабақтары  мен  спортпен  шұғылдануды  есепке  алмағанда),  шәркей  (шлепанцы),  сланцы 

киюге және ашық жерлерге пирсинг тағуға тыйым салынады. 

3.5.4.14  Жалған  құжаттарды  қолдан  жасауға  (студенттік  билет,  сынақ  кітапшасы, 

оқырман  билеті,  емтихандық  тізімдеме,  денсаулығы  туралы  анықтама,  портфолио, 

жатақханаға кіру рұқсат қағазы және т.б.) тыйым салынады. 

3.5.4.15  Кезекшілік,  науқасты  күту  және  т.б.  туралы  әдейі  жалған  ақпарат  беруге 

тыйым салынады. 

3.5.4.16  Ағымдық,  аралық  және  қорытынды  емтихандарда  мобильді  байланыс 

құралдарын,  шпаргалка,  микроқұлаққап  немесе  басқа  гаджеттерді  ұстауға  және  оларды 

пайдалануға тыйым салынады. 

3.5.4.17  Ағымдық,  аралық  және  қорытынды  емтиханды  басқа  студенттің  орнына 

тапсыруға тыйым салынады. 

3.5.4.18  Жоғарыда  аталып  өткен  әрекеттер  үшін  білім  алушылар  Университеттің 

тәртіптік кеңесіне шақырылады. 


 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

31

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3.5.4.19  Қорытынды  бақылау  күні  (дифференциалды  сынақ/емтихан)  білім  алушыға 



донор болғандығы туралы анықтама және дәрігер қабылдауында болғандығы туралы (емдік-

профилактикалық  мекемеге  жатқызылуын  есепке  алмағанда)  анықтаманы  қолдануға  рұқсат 

берілмейді. 

 

3.5.5 Оқу процесінің ережелері  

3.5.5.1. Оқу жоспарындағы пәндер бойынша жүргізілетін сабақтарға қатысу міндетті. 

 

3.5.5.2.    Мемлекеттік  аралық  бақылауға  (МАБ)  енгізілген  пәндер  бойынша  қосымша 



сабақтарға 100% қатысу міндетті.  

3.5.5.3  Білім  алушы  курстан  курсқа  көшкен  кезде  Университеттің  әр  мамандыққа 

белгілеген курстан курсқа көшу балын (GPA – үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average)) 

жинауға міндетті. 

 

3.5.5.4. Сынақ-емтихан сессиясының нәтижесі бойынша академиялық қарыздары бар 



білім  алушылар  тиісті  пәндерді  ақылы  негізде  қайта  оқу  арқылы  академиялық  қарыздарды 

жоюға міндетті.  

 

3.5.5.5.  Қайтадан  сабаққа  қатысу  арқылы  пән  бойынша  академиялық  қарызды  жою 



демалыс кезінде жазғы семестрде жүзеге асады. 

3.5.5.6  Білім  алушыларда  сабаққа  кешігіп  келу  құқығы  жоқ.  Сабақ  басталғаннан  кейін 

аудиторияға оқытушының рұқсатымен ғана кіреді.   

 

3.5.5.7 Сабақ барысында ұялы телефонды және басқа байланыс түрлерін пайдалануға 



тыйым салынады.  

3.5.5.8  Оқу  тобында  жақсы  оқитын  және  тәртіпті,  топ  ішінде  беделді  студенттер 

арасынан староста тағайындалады. Оқу тобы старостасының функциясына: 

- топ ұйымдастырушысы болу, оқуда үлгі көрсету, топтың барлық ісінде белсенді болу; 

 

-  білім алушылардың барлық сабақтарға қатысуының жеке есебін жүргізу; 



            -  білім  алушыларды  сабақ  кестелеріндегі  өзгерістер,  хабарландырулар,  деканат  өкімі 

туралы хабардар ету; 

 

- топтағы күн сайынғы кезекшілікті тағайындау кіреді.  



3.5.5.9  Аталған  функциялар  аясында  старостаның  өкімі  топтағы  барлық  білім 

алушыларға міндетті.  

            3.5.5.10  Сабақты  босататын  жағдайда  студент  3  күн  ішінде  растайтын  құжатпен 

деканатқа  немесе  топ  старостасына  келіп  ескертуі  тиіс.  Сырқаттанған  жағдайда  «АстМУ 

медициналық орталығы» ЖШС берген белгіленген үлгідегі медициналық анықтаманы әкелуі 

тиіс. Басқа жағдайларда – сабаққа келмеу себебін растайтын құжат әкеледі.  

3.5.5.11  Сабақты  себепсіз  босатқан  білім  алушы  факультет  деканының  атына 

түсініктеме жазады.  

3.5.5.12  Босатқан  сабағын  өтеу  үшін  студент  деканаттан  сабақты  өтеуге  рұқсат  алуы 

тиіс. 


3.5.5.13  Босатылған  барлық  (дәлелді  себеппен  және  дәлелсіз  себеппен  босатқан) 

сабақтар тегін өтеледі: 

-  ДӘЛЕЛДІ  СЕБЕППЕН  босатылған  сабақты  өтеу  кезінде  алынған  баға  рұқсат  ету 

рейтингісінің бағасын (бұдан әрі – РРБ) есептеген кезде ескеріледі; 

-  ДӘЛЕЛСІЗ  СЕБЕППЕН  босатылған  сабақты  өтеу  кезінде  алынған  баға  рұқсат  ету 

рейтингісінің бағасын есептеген кезде ескерілмейді (0-ге теңестіріледі); 

3.5.5.13 Босатылған сабақтар сабаққа келгеннен кейін 2 аптаның ішінде өтелуі тиіс. 

3.5.5.14    72  және  одан  да  көп  аудиториялық  сағатты  дәлелсіз  себеппен  босатқан 

немесе  4  кредит  (180  аудиториялық  сағат)  және  одан  да  артық  академиялық  қарызы  бар 

студент оқудан шығарылады. 



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

32

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3.5.5.15 Университеттің қоғамдық өміріне қатысатын, халықаралық, қалалық деңгейде 



өтетін  іс-шараларға  қатысатын  білім  алушы  рейтінгі  сақталып,  дәлелді  себеппен  босатты 

деген  рұқсат  алады.  Аудиториялық  сағатты  есепке  алмағанда,  күніне  2  немесе  одан  да  көп 

тақырыпты  өтеуге  болады.  Білім  алушылардың  кезекшілігі  және  өздік  жұмыстың  басқа 

түрлері деканат немесе кафедра кестесіне сәйкес жүргізіледі. 

 

3.6 Сынақ-емтихан сессиясын ұйымдастыру және өткізу ережелері 

 

3.6.1.  Білім  алушылар  пәндерді  оқытудың  бекітілген  бағдарламалары,  сондай-ақ 

университеттің  бекітілген  бағдарламалары  бойынша  оқу-жұмыс  жоспарына  сәйкес  қатаң 

түрде барлық сынақтарды және емтихандарды  тапсыруға міндетті.  

           3.6.2  Білім  алушы  пән  бойынша  рұқсат  ету  рейтингісі  кемінде  50%  болса  ғана 

емтиханға жіберіледі. 

 

3.6.3.  Құжатпен  расталған  нақты  себебі  болған  жағдайда  факультет  деканы 



емтихандар  мен  сынақтар  тапсыратын  жеке  уақытты  белгілейді.  Емтихан  сессиясын 

ұзартуды деканның қызметтік өкімі арқылы ресімделеді. 

 

3.6.4.  Оқу  жылының  қорытындысы  бойынша  курстан  курсқа  көшу  балының  белгілі 



мөлшерін жинамаған, бірақ оқу процесін толық тапсырған білім алушы GPA балын арттыру 

үшін  ақылы  негізде  жеке  пәндерді  қайтадан  оқып,  қорытынды  емтихан  тапсыра  алады. 

Рұқсат ету рейтингісінің бағасын көтеру үшін емтиханнан кейін немесе диф.сынақтан кейін 

сабақты өтеу рұқсат етілмейді. 

 

3.6.5. Емтихан нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан өткен күннен кейінгі күні 



апелляцияға беруге құқылы. 

 

3.6.6.  Мемлекеттік  білім  беру  гранты  бойынша  оқитын,  курстан  курсқа  көшу  балын 



жинап  келесі  курсқа  көшкен  академиялық  қарызы  бар  білім  алушы  мемлекеттік  гранттан 

айрылмайды,  бірақ  тиісті  пән  бойынша  оқытудың  тақырыптық  жеке  жоспарына  сәйкес 

ақылы  негізде  оқу  курсын  қайтадан  оқуға  және  келесі  семестрде  немесе  жазғы  семестрде 

академиялық қарызын жоюға міндетті.  

 

3.6.7.  Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын, қайталап оқу курсына қалған 



білім алушы мемлекеттік гранттан айрылады және ақылы негізде оқуын одан әрі жалғастыра 

алады. 


 

3.6.8.  Қайталап  оқу  курсында  оқитын  білім  алушы  оқу  жоспарына  сәйкес  барлық 

пәндер бойынша өткізілетін сабақтарға қатысуға міндетті. 

 

3.6.9.  Қайталап  оқу  курсынан  кейін  «қанағаттанарлықсыз»  деген  баға  алған  білім 



алушы ректордың атына тағы да өтініш жазады және ректордың бұйрығы шыққаннан кейін 

тиісті пән бойынша оқу курсына қайтадан қатысады; 

 

3.6.10.  Университеттен  шығарылған  білім  алушыға  белгіленген  форма  бойынша 



оқуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама (транскрипт) беріледі.  

 

3.6.11.  Емтихан  сессиясы  кезінде  қайталап  оқу  курсын  тапсыруға  болмайды  және 



жеке тізімдемелер берілмейді.   

3.6.12  Ағымдық,  аралық  және  қорытынды  бақылауды  тапсырған  кезде  білім 

алушылар  компьютерлік  тестілеу  бөліміне  өздерімен  бірге  жеке  куәліктерін  немесе  жеке 

куәліктерінің нотариус куәландырған көшірмелерін алып кіруі керек. 

3.6.13 Егер білім алушы межелік бақылау күнінде ақысыз қан өткізсе, оған 2 аптаның 

ішінде  межелік  бақылауды  тапсыруға  рұқсат  беріледі.  Донор  3  күн  ішінде  деканатқа  күні, 

қанның көлемі, түрі (ақылы, ақысыз) және мақсаты жазылған, донор орталығы басшысының 

қолы қойылып, мөр басылған анықтаманы әкеліп беруі тиіс. 



 

 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

33

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3.6.1 Емтихандар мен сынақтарды өткізу тәртібі 

3.6.1.1 Сынақ-емтихан сессиясының кезеңділігі мен ұзақтығы оқу-жұмыс жоспарымен 

және оқу процесінің графигімен анықталады. Жазғы сынақ-емтихан сессиясы білім алушыны 

курстан курсқа көшіретін сессия болып есептеледі. 

 

3.6.1.2 Емтихандарды ректордың бұйрығымен бекітілген оқытушылар жүргізеді. 



 

3.6.1.3 Емтиханға келген білім алушылар өздерімен бірге сынақ кітапшаларын әкелуге 

міндетті. 

3.6.1.4  Емтихандар  жазбаша,  ауызша  немесе  тест  түрінде  өтеді.  Әр  пән  бойынша 

емтихан өткізу формасын және тәртібін Университеттің Ғылыми Кеңесі бекітеді. 

3.6.1.5  Емтиханда  қойылған  жақсы  бағалар  емтихан  ведомосына  және  сынақ 

кітапшасына жазылады, «қанағаттанаралықсыз» деген бағалар тек емтихан ведомосына ғана 

жазылады. 

 

3.6.1.6  Егер  білім  алушы  емтиханға  келмеген  болса,  онда  емтихан  тізімдемесіндегі 



оның аты-жөні  жазылған тұсқа  «келген жоқ»  деген белгі  қойылады. Орынды себебі  болған 

жағдайда  (ауырып  қалғанда,  отбасылық  жағдайға,  басқа  да  объективті  себептерге 

байланысты) факультет деканы студентке жеке график бойынша емтихан сессиясын тапсыру 

туралы шешім шығарады.  



 

3.6.2 Білім алушыларға ағымдық, аралық және қорытынды бақылау өткізуді 

ұйымдастыру тәртібі   

3.6.2.1  Білім  алушылардың  (студенттердің,  интерндердің,  докторанттардың, 

магистранттардың)  оқудағы  жетістіктері  Ғылыми  кеңесте  бекітілген,  кафедралардың  өздері 

белгілеген  бақылаудың  (ағымдық,  межелік,  қорытынды)  және  аттестаттаудың  әртүрлі 

формалары арқылы бағаланады. 

ЖОО-ларда  білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  бақылау  жүйесіне  мыналар 

кіреді:  білім  алушылардың  үлгерімін  ағымдық  бақылау,  аралық  және  қорытынды 

мемлекеттік  аттестаттау.  Бақылау  шаралары  болып  кезеңдік  бақылау,  аралық  аттестаттау 

(сынақ-емтихан  сессиясы),  3-курстан  кейін  болатын  аралық  мемлекеттік  бақылау  және 

қорытынды мемлекеттік аттестаттау мезгілдері саналады.   

3.6.2.2  Бақылаудың  барлық  формалары  бойынша  білім  алушылардың  оқудағы 

жетістіктері  орындалған әр тапсырма үшін 100 балдық шкаламен бағаланады. 

3.6.2.3  100  балдық  шкала  білімді  бағалаудың  халықаралық  практикада  қабылданған 

балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес келеді. 

3.6.2.4 Ағымдық бақылау − білім алушылардың әрбір оқу пәні бойынша жетістіктерін 

оқу  бағдарламасына  сәйкес  жүйелі  түрде  тексеру.  Оны  академиялық  кезең  барысында 

аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда  оқытушы жүргізеді. 

3.6.2.5  Бұл  бақылауды  әрбір  оқу  пәнінің  өз  оқытушысы  жүргізеді.  Жетістіктерді 

ағымдық бақылау сабақ кестесіне сай жүргізіледі.  

3.6.2.6  Білім  алушыларды  ағымдық  бақылау  оқу  пәнінің  әр  тақырыбы  бойынша 

жүргізіледі  және  оған  аудиториялық,  аудиториядан  тыс  (СӨЖ)  сабақтарда  білімін  бақылау 

енеді. 

3.6.2.7  Ағымдық  бақылаудың  түрлерін  пәннің  ерекшелігін  ескере  отырып  кафедра 



әзірлейді де силлабусқа жазады. 

3.6.2.8  Ағымдық  бақылауда  бағалау  критерийлерін  балдық-рейтингтік  әріптік  жүйеге 

(БРӘЖ) сәйкес пәннің ерекшелігін ескере отырып кафедра әзірлейді де силлабусқа жазады. 

3.6.2.9  Үлгерімді  ағымдық  бақылаудың  қорытынды  нәтижесі  академиялық  кезеңде 

алынған  барлық  бағалардың  орташа  арифметикалық  жиынтығын  есептеу  арқылы 

шығарылады. 



 

«Астана медицина университеті» АҚ  

Менеджменттің интеграцияланған жүйесі 

МУА 2016 

 

63 


беттің  

34

 



беті 

Анықтамалық-жол көрсеткіш 

«Астана медицина университеті» АҚ 2016-2017 оқу жылы 

 

3.6.2.10  Ағымдық  және  межелік  бақылаудың  бағасын  оқытушы  бақылау  жұмысын 



өткізгеннен кейін бірден педагогикалық журналға қояды және студентке айтады. 

3.6.2.11 Рұқсат ету рейтінгісінің бағасы аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау 

бағасы, СӨЖ ағымдық бақылауының бағасы және межелік бақылау бағасы қосылып, келесі 

формула арқылы есептеледі: 



ОРД  = Рayd*Х + Рсро*Y + Ррк*Z,   

X+Y+Z=1,0 

Мұнда:  Рayd  –  аудиториялық  сабақтардың  ағымдық  бақылау  мен  ОСӨЖ  бағасының 

орташа арифметикалық есебі;   

Рсро – СӨЖ ағымдық бақылауының орташа арифметикалық есебі;  

Ррк – межелік бақылаудың орташа арифметикалық бағасы;  

Х, У, Z – сәйкес бағаның үлес салмағын көрсететін коэффициенттер. 

3.6.2.12    Х,  У,  Z  мәні  білім  алушының  ағымдық  үлгерімін  бақылаудың  әр  түрінің 

маңыздылығын  белгілейді,  оны  пән  саясатына  сәйкес  кафедра  анықтайды  және  силлабусқа 

жазады. 

3.6.2.13  Егер  кафедра  шешімімен  сәйкес  бағаның  үлес  салмағын  көрсететін 

коэфиценттер (Х, У, Z) қарастырылмаса, рұқсат ету рейтінгісінің бағасы (РРБ) аудиториялық 

сабақтардағы ағымдық  бақылау бағасы, СӨЖ  ағымдық бақылауының бағасы  және межелік 

бақылау бағасы қосылып, келесі формула арқылы есептеледі: РРБ=Рn/n 

Мұнда:  Рn  –  барлық  ағымдық  және  межелік  бақылау  түрлерінің  бағасының  орташа 

арифметикалық қосындысы.  

3.6.2.14 Егер РРБ пәндердің бір-бір блогы бойынша 0-49 балл болса, онда білім алушы 

пәннің қорытынды бақылауына жіберілмейді.  

3.6.2.15 Дәлелсіз себеппен босатылған әр дәріс үшін РРБ-дан 1 балл алынады. 

3.6.2.16  РРБ  үлгерімді  есепке  алу  тізімдемесіне  қойылады  (3-қосымша)  және  сабақ 

біткен уақыттан бастап немесе сессия басталғанға дейін кешіктірілмей 3 тәулік ішінде офис-

тіркеуші бөліміне өткізіледі. 

3.6.2.17  Межелік  бақылау  –  бір  оқу  пәнінің  бөлімін  (модулін)  бітіргеннен  кейін 

жүргізілетін оқу үлгерімінің бақылауы. 

3.6.2.18 Үлгерімнің межелік бақылауы пәннің типтік оқу бағдарламасына (ТОБ) сәйкес 

жүргізіледі. 

3.6.2.19  Циклдің/пәннің  соңғы  сабағында  ағымдық  үлгерімнің  бағасы  есептеледі,  бұл 

осы пән бойынша білім алушының рұқсат ету рейтингісінің бағасы (РРБ) болып табылады. 

РРБ үлгерімді есепке алу тізімдемесіне қойылады. 

3.6.2.20  Білім  алушылардан  аралық  бақылау  алу  −  білім  алушының  оқу 

бағдарламасына  сәйкес  бір  пәнді  оқып  болған  соң  оның  мазмұнын  меңгеруін  бағалау  үшін 

өткізілетін процедура.  

3.6.2.21 ЖОО-да білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңі емтихан сессиясы деп 

аталынады.    Емтихандар  аралық  аттестаттау  кезеңінде  білім  беретін  ұйымның  басшысы 

бекіткен сабақ кестесіне сәйкес өткізіледі.  

3.6.2.22  Пән  бойынша  қорытынды  бақылау  (аралық  аттестаттау)  мамандықтың  оқу 

жоспары  мен  академиялық  күнтізбеге  сәйкес  емтихан  немесе  дифференциалдық  сынақ 

түрінде өткізіледі. 

3.6.2.23  Қорытынды  аттестаттау  жоғары  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 

стандартымен  бекітілген  түрде  өткізіледі,  олардың  ұзақтығы  мен  мерзімі  академиялық 

күнтізбе мен мамандықтың оқу жоспарында қарастырылған. Емтихандар білім алушылардың 

барлық  кәсіптік  оқу  бағдарламалары  бойынша  алған  білім  жетістіктерін  тексеру  формасы 

ретінде  өткізіліп,  академиялық  кезеңдегі  алған  теориялық  білімін  және  оның    сапасының 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет