Хронологиялық тізбек 1.1917 жылы күзде «Үш жүз» тобы жікке бөлінген соң, осы ағымның мүшелері ұйымдық жағынан қалыптасып, «Үш жүз» социалистік партиясын құрды [2, 25б].
2. 1916 жылдың екінші жартысында Германиямен соғыс майданындағы тыл жұмыстарына «реквизициялануға» жатқызылған Шығыс халықтарының көпшілігі патша өкіметіне қарсы көтерілді [2, 27б]
3. 1916 жылғы көтерілістің тарихтағы маңызы орасан зор, өйткені ол Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық сана-сезімінің өсуіне қуатты түрткі болды [2, 27б].
4. 1917 жылы 7 наурызда көтеріліске қатысушыларға кешірім жасау жөнінде Жарлық жарияланды [2, 33б].
5. 1917 жылы 24 сәуірде үкіметтің шешімімен тыл жұмысына шақырылған қазақтар еліне қайтарылды [2, 33б].
6. 1917 жылы мамырдан бастап Уақытша үкіметтің жергілікті органдары ауылдар мен селоларда құрыла бастады [2, 33б].
7. 1917 жылдың наурыз айының алғашқы күндерінен бастап Қазақстанда, әсіресе қалалар мен темір жол станцияларында социал-демократтар мен эсерлер үлкен рөл атқарған жұмысшылар мен солдаттар кеңестері құрыла бастады [2, 34б].