147. 1971 жылдан 1985 жылға дейін Қазақ КСР-і жыл сайын одақтық қорға бір килограмы 2 сомнан аспайтын 300 мың тонна ет өткізіп отырды [2, 235б].
148. 70-жылдары республика ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірқатары шаруашылық жүргізудің қалыптасқан құрылымын өзгертуге тырысты [2, 235б].
149. 1982 жылы қабылданған Азық-түлік бағдарламасы және ауыл шаруашылық өндірісінің апатты кері кетуін тоқтату жөніндегі жаңа әрекеттер елеулі нәтижелер бермеді [2, 235б].
150. 80-жылдардың ортасында елде халыққа азық-түлік өнімдерін шектеулі қамтамасыз ету енгізілді [2, 235б].
151. 1957 жылы маусымда «сталиншілдер» тобы – В. Молотов, Г. Маленков және басқалары Н. С. Хрущевті орнынан алу әрекетін жасады. Бірақ қаскүнемдік әрекеті ашылып, «партияға қарсы топтың» мүшелері қызметтерінен қуылды [2, 239б].
152. 1964 жылы 14 қазанда КОКП ОК-нің Бірінші хатшысы Н. С. Хрущевті өзінің серіктерінің бір тобы орнынан алды [2, 239б].
153. 1960 жылы 19 қаңтарда Н. И. Беляев орнына бұған дейін республика Министрлер Кеңесінің төрағасы болып істеген Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды [2, 239б].
154. 1964 жылғы қазандағы КСРО-ның саяси басшылығының алмасуы көп ұзамай мәдениеттің жағдайынан да біліне бастады. Сталиннің жеке басына табынушылық кезеңінің соңындағы саяси «жылымықтан» біртіндеп алшақтау байқала бастады [2, 239б].