418. 1992 жылы республика диқандары астықтан рекордты түсім – 33 млн т өнім жинауға қол жеткізді.
419. 1993-1994 жылы қыстың қытымырлығынан мал шығыны айтарлықтай көп болды.
420. КСРО ыдырап кеткеннен кейін Қазақстанның өзіндік құны жоғары астығына да сұраныс азайды. Осы жағдай 1994 жылы егіс алаңын 6 млн гектарға дейін қысқартуға мәжбүр етті.
421. Республиканың жыл сайынғы ішкі қажетін өтеу үшін 20 млн т мұнай керек болса, 1990 жылдардың басында оның өндіру көлемі 27 млн т-ға жетті.
422. 1993 жылдың күзіне дейін Қазақстан Үкіметі Достастық елдеріндегі өзара тиімді ынтымақтастық жағдайындағы экономикалық интеграция бағытын ұстанып келді.
423. 1993 жылдың қыркүйек айында жаңа деңгейдегі рубль аймағын құру жөніндегі шаралар туралы алты жақты және Ресей мен Қазақстанның ақша жүйесін біріктіру туралы екі жақты келісімге қол жеткізілген болатын.
424. 1993 жылы 12 қарашада Президент Н. Назарбаев Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Жоғарғы Кеңес берген өкілеттігіне сәйкес, 15 қараша күні сағат 8-ден бастап елімізде ұлттық валюта – теңгені айналысқа енгізу туралы Жарлыққа қол қойғанын хабарлады.