АНЫҚТАУЫШ. АЙҚЫНДАУЫШ
Жоспары
Анықтауыш туралы түсінік
Анықтауыштың түрлері
Айқындауыш туралы түсінік
Айқындауыш мүшенің жасалу жолдары
Тірек сөздер; Анықтауыш, анықтауыштың сипаттамасы, дара анықтауыш, күрделі анықтауыш, үйірлі анықтауыш, сын есімдерден болған анықтауыш, сан есімдерден болған анықтауыштар, есімшелерден болған анықтауыштар, сапалық, меншікті анықтауыш т.б.
Анықтауыш сөйлемдегі зат есімнен не зат есім орнына жұмсалған басқа есімдерден болған есімдерден болған мүшелерді түрлі жағынан сипаттап тұрады.
Сөйлемде бастауыш, толықтауыш, т.б. қызметінде жұмсалатын əр заттың өзіне тəн, кейде көп затқа ортақ сапалары болады. Бір затты басқа заттардан сондай сапаларына қарай айырып танимыз. Сөйлемде заттардың əртүрлі сынын, сапасын білдіретін сөздер көбінесе анықтауыш қызметінде жұмсалады; олар заттың түсі, түр- тұрпаты, көлемі, салмағы,саны сияқты сапаларын білдіреді де, анықтайтын сөзмен тығыз байланыста айтылады. Мысал: таяқ деген –жалпылауыш зат есім. Оның ұзын,
қысқа, жуан, жіңішке, ақ, қара, имек, кисық көптеген сыны болуы мүмкін. Солардың бірі не бірнешеуі бір сөйлемде осы заттың анықтауышы болып, сөйлемде айтайын деген ойымызды айқындай түседі. Қисық ағаш, қысқа жіп дегендер-сын есім мен зат есімдерден құралған анықтауыштық тіркестер. Қазақ тілінде анықтауыштардың көпшілігі анықтайтын зат есімдерінен оқшауланбай, қатар тұрып, қабыса байланысады, олар фразалық бір екпінге бағынып, екпін жағынан бір түйдек болып тұрады. Анықтауыштар сөйлемде заттың əр түрлі белгісі болып, бағыныңқы мүше ретінде жұмсалғанмен, олар анықтайтын затына, сонымен қатар түгел сөйлемге көрік беріп, əсерлі етіп тұрады. Сондықтан олар əдебиетте көрікті ойдың көркем бояуы қызметінде де жұмсалады. Бұйра толқын, асау Терек алтын күн, жазық дала.
Бұл сияқты эпитеттердің поэтикалық тілде көркемдік мəні зор. Жалпы ереже бойынша анықтауыштар зат есімдерден болған мүшені анықтайды. Кейде ол зат есім орнына жұмсалған есімді, сан есімді де анықтауы мүмкін. Асқар мен Ержан далаға шықса… көзілдірікті, қылышты біреу арбадан түсіп жатыр екен.
Анықтауыштар бір сөзден де, бірнеше сөзден де құрала береді. Сондай құрылысына қарап, оларды дара анықтауыш, күрделі анықтауыш, үйірліанықтуш деп үшке бөлеміз.
Түрлі сөз таптарынан жасалатын анықтауыштардың мағыналары да əр түрлі болады. Оларды магынасына қарай негізгі екі топқа бөлуге болады: сапалық анықтауыш; 2) меншікті анықтауыш.
Сапалық анықтауыштарға сын есім, сан есім, есімдік, есімше, атау тұлғалы зат есімдерден болған анықтауыштар жатады; меншік анықтауышқа ілік жалғауында айтылған анықтауыштар жатады.
Сапалық анықтауыштар анықтайтын сөздермен қабыса байланысады, меншікті анықтауыштар мантаса байланысады.
Достарыңызбен бөлісу: |