1.Сауда арқылы келіп қоныстанды. 2.Соғды дикандары мен саудагерлеріне Бұқараның әмірі Абруйдың алым- салықты көп алып, қысым көрсетуі. 3. Араб шапқыншылығы.
28. Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты деп айтқан зерттеуші: В.В.Бартольд. 29. Соғдылықтар Жетісуға ағыла бастаған кезең: VІ- VІІІ ғ. * Соғдылардың Жетісуға қоныстануы бұл аймақта егіншілік пен қала мәдениетінің дамуында айтарлықтай із қалдырды.
* «Соғдылықтардың ішінде түрікше сөйлемейтіндері жоқ» деп жазған ХІ ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалым: Махмұд Қашқари. * Соғдылар мен түріктердің әдет- ғұрпы, тілі мен киім кию салты бір- біріне ұқсас екендігін жазған: Махмұд Қашқари ҚАРЛҰҚ ҚАҒАНАТЫ 756-840жж. •Қарлұқ қағанатының құрылуы, құрамы және жер аумағы. *Ү ғасырдағы жазба деректерде қарлұқтар тирек (теле) тайпаларының құрамында кездеседі.
30. Қытай деректеріндегі Алтай тауының баурайын мекендеген қарлұқтардың руы: Бұлақ 31. ҮІІ ғасырдың басындағы қытайдың «Таньшу» хроникасында көрсетілген қарлұқтардың құрамындағы тайпалар: яғма, жікіл, ташлық 32. Араб тарихшысы әл- Марвизидің хабарлауынша қарлұқтардың құрамына кірген тайпалардың саны: 9 * Үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін және тухси (лазана мен фаракия рулары да аталған.)
33. Араб- парсы деректері бойынша қарлұқтар: ежелгі түріктер. 34. Қарлұқтардың негізгі топтасқан жерлері Алтай тауынан Балқашқа дейін. *Әл- Марвизи өз еңбегінде: «Қарлұқтар бұрын Тулис(Алтай) тауында тұрды және тоғыз –оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді. Түргештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне қарай жылжыды.» деп жазады.
* 742 жылы қарлұқтар басмыл және ұйғырлармен бірігіп Шығыс Түрік қағанатын жеңеді.
Нәтижесінде Моңғолияда құрылған жаңа мемлекет: Ұйғыр қағанаты(742-840жж.)