Жергілікті халық өкілдері басқарған Қазақстандағы алғашқы жұмысшы ереуіл.
1893, 1895, 1899 жж.
Батыс Сібір темір жол торабы жұмысшылары, Омбы теміржолшылары ның ереуілдері.
Стихиялық түрде ұйымдастырыл ды, саяси талаптары әлсіз болды.
1904 ж.
Надеждинск ереуілі (Зайсан уезі). Кемалов.
1905 ж, мамыр.
Верный, Перовск, Қостанайдағы саяси ереуілдер.
1905 ж, маусым
Қарқаралы петициясы. Бөкейханов, Байтұрсынов, Ақбаев, Нұрекенов.
Шенеуніктерді қысқарту, Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарын сайлау, азаматтық және сот ісін қазақ тілінде жүргізу, ана тілде білім алуды ұйымдастыру, қоныстандыру саясатын тоқтату, тартып алынған жерлерді қайтару, мешіттер мен медреселер салуға еркіндік беру.
Қоянды (Ботов) жәрменкесінде ұйымдастыры лып, I Николайға арналды. 47 тармақтан тұрды. Беделді 42 қазақ қол қойды.
Петицияның жағымды рөлі: қазақтар Ресейдің I, II Мемлекеттік Думаларына депутат болып сайланды.
1905 ж, 18-19 қазан.
Орынбор саяси ереуілі.
Ұрандары: «Демократиялық республика жасасын!», «Самодержавие жойылсын».
1905 ж, 25 қазан.
Омбыдағы саяси шеру.
Батыс Сібір әкімшілігін қатты сескендірді.
1905 ж, қазан.
Перовскідегі саяси шеру. Исаев, Терехов, Никольский.
Орыс және қазақ жұмысшыларының бірлескен қарсылығының көрінісі.
1905 ж, қараша.
Қарқаралы саяси шеруі. Ұйымдастырушылардың бірі Ақбаев. Дулатов белсене қатысты.
Ақбаев Семей түрмесіне қамалды.
1905 ж, 16-28 қараша.
Семей пошта-телеграф қызметкерлерінің ереуілі.
Облыс губернаторы Галкин Қарқаралыдан әскер шақырды.
Жалпыимперия лық саяси қозғалыстың құрамдас бөлігі болды.
1912 ж, 2-6 қазан.
Семей су диірмені жұмысшыларының ереуілі.
Жалпыимперия лық саяси қозғалыстың құрамдас бөлігі болды.
1912 ж, 2-6 қазан.
Шоқпаркөл көміршілерінің ереуілі
Жалпыимперия лық саяси қозғалыстың құрамдас бөлігі болды.
1914 ж.
Доссор мұнайшыларының ереуілі.
Жалақы 26% артты.
1914 ж.
Ембі (Жем) ереуілі.
Жалақы 26 % артты.
1915 ж, мамыр.
Екібастұз көміршілерінің ереуілі.
Талаптары жағынан саяси ереуіл.
1915 ж, мамыр.
Риддердегі әскери тұтқындардың ереуілі.
1915 ж, қазан.
Австро-Венгрия тұтқындарының ереуілі.
1916 ж, тамыз.
Қарсақбай мыс кенішіндегі ереуіл.
1917 ж, мамыр.
Семей облысы Даубай кенішіндегі ереуіл.
Жалақыны көбейту.
XIX ғ аяғы – XX ғ басында өндіріс орындарында жұмыс мерзімінің ұзақтығы 12-14 сағатқа созылды. 12-14 жастағы жеткіншектерге кұніне 20 тиын еңбекақы төленді.
11. Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты. XIX ғ ортасына дейін Қазақстанға көбінесе Ресейден әскерилер мен казактар қоныс аударды. Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту XIX ғ 60 жж ортасында басталды (1861 ж басыбайлықты жойған «Ережеден» кейін). XIX ғ 70 жж қоныстандыру жаппай етек алды. Алғашқы қоныс аударушылар Сібір қалаларының мещандары мен Тобыл губерниясының шаруалары болды. Орыс шаруаларының қоныс аударған басты аймақтары: Ақмола, Семей, әсіресе Жетісу, облыстары. Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде орыс, украин шаруалары 1884-92 жж 37 қоныс орындарын құрды. 1855-93 жж Ақмола облысы қазақтарынан 250 мың десятина жер тартып алынып, 24 орыс селосы ұйымдастырылды. Семей облысында қазақ шаруаларынан 1855-93 жж 33 мың десятина жер тартып алынды. Қоныстандыруға қатысты Ережелер.
Жыл.
Ереже.
Автор.
Берілген жер мөлшері.
Жеңілдіктер.
Шектеулер.
1868 ж.
«Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы».
Жетісудың әскери губернаторы Колпаков ский.
30 десятина.
15 жылға салықтардан босатылды.
1883 ж.
«Ұйғырлар мен дүнгендерді орналастыру туралы»
10 десятина.
3 жылға салықтардан босатылды.
1889 ж, 13 шілде
«Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардан бұрыңғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру».
Жетісу, Ақмола, Семей облыстары қоныс аударатын басты аймақтар деп белгіленді. Қоныс аударуға Ішкі істер министрлігінің рұқсаты міндетті түрде қажет болды.
1891 ж, 25 наурыз
«Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы».
Бұрын қоныстан ған шаруаларға 15 десятина берілді.
Қазақ даласына қоныс аудару ресми түрде тоқтатылды.
1903 ж.
«Сырдария, Ферғана және Самарқан облыстарындағы қазыналық жерлерге шаруалардың өз еркімен қоныс аударуы туралы».
1906, 1910 жж Столы пиннің реформа сы.
«Шаруаларды Ресейдің азиялық бөлігіне жаппай қоныс аудару туралы».
Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы Столыпин
Шаруаларға хутор салу үшін 45 десятина, егін егу үшін 15 десятина жер берілетін болды.
Жергілікті халықтан жер тартып алуға, олардың жерін келімсек шаруаларға беруге рұқсат етілді.
Шаруалардың бұрыңғы жерлеріне қайтып оралуына шек қойылды.
1893-1905 жж қазақтардан 4 млн десятина жер тартып алынды. 1906-12 жж 17 млн десятина жер тартып алынды. 1916 ж қазақтар 40 млн десятина, 1917 ж 45 млн десятина жерден айырылды. 1906-10 жж Қазақстанға Ресейден 770 мың, 1907-12 жж 2 млн 400 мың адам келді. Келімсек шаруалардың арасындағы мүліктік айырмашылық: 1 десятинасы бар - батырақ 1-4 десятинасы бар - өте кедей шаруа. 5-8 десятинасы бар - кедей. 8-10 десятинасы бар - шамалы орта шаруа. 10-15 десятинасы бар - ауқатты орта шаруа. 15 десятинадан асса - кулак. 12. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы (1881-84 жж). Себебі: Цин империясының қысым көрсетуі. Патша үкіметі екі мақсат көздеді: 1. Қытайдың Құлжадағы экономикалық базасын әлсірету, 2. Ұйғырлар мен дүнгендерді Қытайға қарсы әскери күш ретінде пайдалану.
Өлшемдер.
Фактілер.
Коныс аударудың тарихи жағдайлары.
1862-77 жж Цин әулетінің өктемдігіне қарсы ұйғырлар мен дүнгендердің азаттық күресі жүрді. Көтеріліс барысында 1864 ж Іле өлкесінде Іле сұлтандығы, Қашқарияда Қоқан әскербасы Якуб бектің басқаруымен Жетішар мұсылман мемлекеті құрылды. 1871 ж Ресей әскерлері Қытайдың Іле аймағын жаулап алды. 1881 ж екі империя арасында Петербург келісімшарты жасалды. Келісімшарт бойынша ұйғырлар мен дүнгендер бір жылдың ішінде Жетісуға қоныс аударуы жөнінде өздері нақты шешім қабылдауға құқықты болды. Нәтижесінде 1881-1884 жж Жетісуға 45 мың ұйғыр, 5 мың дүнген қоныс аударды. 1897 ж ұйғыр саны - 55 999, дүнген саны - 14 136. 1907 ж ұйғырлар саны 64 мыңға, дүнгендер саны 20 мыңға жетті.