Анненков. Кіші жүздегі 18 ғ. шаруалар көтерілісіне кім басшылық жасады: Сырым Датұлы «1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөніндегі»


Қазанғап Тілепберген ұлы. 1854-1921 жж



бет149/204
Дата19.09.2023
өлшемі0,58 Mb.
#108801
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   204
Байланысты:
общ1

8.Қазанғап Тілепберген ұлы. 1854-1921 жж.

«Ноғайлы босқыны», «Окоп», «Жұртта қалған».

Арал маңында дүниеге келді. Дәулескер күйші.

9.Балуан Шолақ (Нұрмағамбет) Баймырзаұлы. 1864-1919 жж.

«Ғалия» (сазгер әрі әнші ретіндегі данқын шығарды), «Желдірме», «Қос перне», «Көкшетау».

Ақмола облысында дүниеге келді. Халық арасында атақты сазгер, әнші, ақын әрі балуан ретінде танылды.



Уалиханов: 1835-65 жж.

Жыл.

Өмірі мен қызметі.

1835 ж.

Құсмұрын бекінісінде туды. Балалық шағы Құсмұрын мен Сырымбетте өтті. Атасы Уәли патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы болды. Әкесі Шыңғыс Көкшетау сыртқы округінің аға сұлтаны болды. Шоқанның анасы жағынан туыстары: Шормановтар әулеті. Болашақ ғалымның дүниеге көзқарасының қалыптасуына декабристер ықпал етті.

1847-53 жж.

Сібір кадет корпусында оқыды. Корнет атағын алып шықты.

1855 ж.

Гасфорттың экспедициясына қатысып, Жетісу, Тарбағатай, Орталық Қазақстанды аралады. Іле Алатау өңірінде болды.

1856 ж.

1.Ыстықкөл экспедициясы. 2.Семенов-Тян-Шанскиймен бірге Құлжаға барып қайтты.

1857 ж.

1.Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды. 2.Алатау қырғыздарына сапары. «Манасты» жазып алды.

1858-59 жж.

Әлемге әйгілі Қашғар экспедициясы. Еңбегі: «Алтышардың ... шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы». Бұл еңбекті шығыстанушылар жоғары бағалады.

1859-61 жж.

Петербургтегі жылдар. Таныстары: ақындар-Майков, Полонский, жазушы- Достоевский (екеуі тұңғыш рет 1854 ж Омбыда танысқан), шығыстанушылар-Григорьев, Васильев, Вельяминов-Зернов. 1860 ж Шоқанды орыс патшасы II Александр қабылдап, орденмен марапаттады.

1864 ж.

1.Генерал Черняевтің әскері құрамында Әулиеатаны алуға қатысты. 2.Черняетың әділетсіздігіне наразы болған Уалиханов Верныйға қайтты.

1865 ж.

1.Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы «Русский Инвалид» газетіндегі соңғы мақаласы. 2.Тезек сұлтанының ауылында қайтыс болды.

Шығыстанушы Веселовский: «Шоқан Уалиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды». Шоқанның 150-ден астам суреттері сақталған.
Алтынсарин және Құнанбаев.
Алтынсарин - 1841-1889 жж. Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына Ушинский мен Коменскийдің еңбектерімен танысу әсер етті. Қыздарға білім берудің негізін салушы. Ырғыз қаласында қыздарға арналған мектеп-интернат ұйымдастырды. Мектеп-интернаттарда 211 қыз бала оқыды. Алтынсарин орыс алфавиті негізінде құратырылған екі оқу құралын жазды: «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы», «Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық». Әсіресе Алтынсариннің көңіл аударған саласы-қазақ халқының әдет-ғұрпы. «Қыпшақ Сейітқұл» атты әнгімесінде Алтынсарин егіншілікті уағыздады. Басқа прозалық шығармалары: «Талаптың пайдасы», «Байлық неде».

Жыл.

Өмірі мен қызметі.

1841 ж.

Қостанай облысы аумағында дүниеге келді. Атасы Балқожа бидің қолында тәрбиеленді.

1857 ж.

Орынбор комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірді. Орынборда оқып жүргенде шығыстанушы ғалым Григорьевпен жақын танысты. Орыс, араб, татар, парсы тілдерінде еркін сөйлей білді.

1879 ж.

Торғай облысы мектептерінің инспекторы.



Абай Құнанбаев - 1845-1904 жж. Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Абай Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқыды. Абайдың ұлы Әбдірахман Петербургтегі Михайлов артиллерия училищесін бітірді.
Орыстың ұлы ақындарының 50-ден астам өлеңін қазақ тіліне аударды.

Жыл.

Өмірі мен шығармашылығы.

1845 ж.

Семей облысының Шыңғыстау өңірінде дүниеге келді.

XIX ғ 80 жж ортасы.

Абай ақын ретінде таныла бастады. Бұл кезде ол өз атынан «Жаз» деген өлеңін жариялады.

1884 ж.

Семей статистикалық комитетіне мүше болып сайланды.

1890-98 жж.

Абайдың этикалық-философиялық еңбегі - «Қара сөздер» (Ғақлия) жазылды.

1900 ж.

Еңбегі жарияланды: «Орта жүз қазақ ордасы руларының шығу тарихы туралы жазбалар». Бұл еңбекте Семей облысы қазақтарының рулық құрамы анықталды.

1909 ж.

Ең алғашқы шығармалар жинағы Қазан қаласында жарық көрді. Редакциялаған Бөкейханов.



Көрмелер.

Жыл.

Қала.

Не қойылды.

1868 ж.

Париж.

Зергерлік заттар, ұлттық киімдер.

1872 ж.

Мәскеу.

Қазақ музыка аспаптары.

1896 ж.

Петропавл, Көкшетау.

Жергілікті ұста, шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдар.



Суретшілер.
Әр түрлі экспедициялар құрамында қазақ жерінде Смирнов, Федченко, Кошаров деген суретшілер болды.

Есімі.

Картиналары.

1.Верещагин.

«Лепсі өлкесін қоршаған таулар».

2.Хлудов.

«Көш», «Мал айдау», «Отынға бару».



Баспа ісі.

Өңір.

Қала.

Газеттер.

Журналдар.

Қазақстан.

Семей, Орал, Омбы, Орынбор

1.1888 ж Омбыда Дала генерал-губернаторлығы «Дала уәлаятының газетін» шығара бастады. Бұл газет Ресей империясының қазақ өлкесіндегі саясатын түсіндірумен айналысты. 2.1913-17 жж Орынборда «Қазақ» жалпыұлттылық газеті шығып тұрды. Негізін қалаушы-Байтұрсынов. Басымдық берілген мәселелер: халық ағарту, кітап шығару. Маңызы: XX ғ басында азаттық қозғалыстың стратегиясын анықтап берді, бүкіл қазақ халқын өзінің төңірегінде топтастыра білген ұлттық-саяси және ғылыми-әдеби басылым. 2006 ж қайтадан шыға бастады.

1.1911 ж Орынбор губерниясының Троицк қаласында алғашқы қазақ журналы «Айқап» шықты. Редакторы Сералин болды. Қозғалған мәселелер: отырықшы өмір салтына көшу, білім деңгейін көтеру. 1915 ж журнал жабылып қалды.

Ресей.

Петербург, Қазан, Ташкент.

1.1870 ж Ташкентте алғашқылардың бірі болып «Түркістан уәлаятының газеті» шықты. Ресей империясының қазақ өлкесіндегі саясатын түсіндірумен айналысты. 2.1907 ж Петербургте қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси газеті «Серке» жарық көрді.




1900-17 жж қазақ тілінде 400 кітап басылып шықты, олардың жалпы таралымы 60000 дана болды. Қазақ басылымдарын қаржыландыруға татар көпестері мен кәсіпкерлері елеулі үлес қосты.
Орыс зерттеушілері. Қазақ этнографтары.

Есімі.

Еңбегі.

Не туралы, зерттеген жері.

1.Семенов-Тянь-Шанский.
1827-1914 жж.

1.«Қырғыз өлкесі» 2.«Түркістан өлкесі».




2.Радлов. 1837-1918 жж. Академик.




Іле алқабын, Жетісуды зерттеді.

3.Красовский.

«Сібір қырғыздарының облысы». 3 томдық.

Солтүстік-Шығыс Қазақстанды зерттеді. Қазақ халқының шығу тегіне көңіл бөлді.

4.Мейер.

«Орынбор ведомствосындағы қырғыз даласы».

Кіші жүз тарихын зерттеді.

5.Добросмыслов.

«Торғай облысы. Тарихи очерк». 3 томдық.

Кіші жүз тарихын зерттеді. XIX ғ 60 жж реформалар барысын баяндады.

8.Потанин. 1835-1920 жж. Қазақтар «Греке» деп атады.

1.«Қырғыз жәрменкесінде». 2.«Қырғыздардың сауда-саттығы». 3.«Шон би». 4.«Қазақ-қырғыз ұрпақтары туралы». 5.«Ең соңғы қырғыз ханзадаларының отауында».

Омбы кадет корпусында Уалихановпен бірге оқыды. XIX ғ 60-90 жж Қазақстан, Орталық Азия, Монғолия, Урянхай өлкесі, Қытай, Тибет жерлеріне бірнеше ірі саяхат жасады. Замандастары оны қазақ халқының адал, шын берілген сүйікті досы деп білді. 1915 ж Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов Потаниннің 80 жылдық мерейтойын ұйымдастырып, атап өтті.

9.Баллюзек. Торғай облысының әскери губернаторы.

«Кіші қырғыз Ордасындағы халықтық әдет-ғұрыптар».

Орыс шенеуніктеріне би, сұлтандардан дәстүрлі әдет құқылар туралы материалдар жинастыру жөнінде тапсырмалар берді.

10.Шыңғыс Уалиханов.




1867 ж Мәскеуге көрмеге қою үшін ауқымды экспонаттар кешенін жіберді.

11.Мұса Шорманов.

1.«Батыс Сібір қырғыздарының мал өсіру кәсібі туралы». 2.«Қырғыздардың ұлттық дәстүрлері». 3.«Павлодар уезінің қырғыздары туралы жазбалар».

Омбы кадет корпусында оқыды. Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны.

12.Бабажанов. 1832-98 жж.

1.«Нарын құмы туралы географиялық және этнографиялық деректер». 2.«Ішкі қырғыз ордасындағы саятшылық».

Қазақтың алғашқы этнографтардың бірі. Бөкей хандығында дүниеге келді. Орынбор кадет корпусында білім алды. 1862 ж Орыс географиялық қоғамының мүшесі болып сайланды және оның Үлкен күміс медалімен марапатталды.

13.Диваев. 1856-1932 жж.

1.«Тазша бала». 2.«Жалмауыз кемпір». 3.«Қырғыздардың ауру- сырқаулары мен оларды емдеу тәсілдері». 4.«Аспан денелері қырғыздардың көзқарасы бойынша».

Орынбор кадет корпусында оқыды. Орыс географиялық қоғамының мүшесі. 100-ден астам тарихи-этнографиялық еңбек жариялады. Қазақстанның ежелгі тарихын жазу кезінде фольклорлық материалды пайдаланудың маңызды екенін атап көрсетті. Орыс ғалымдарымен қосылып қазақтың 4000-ға жуық мақал-мәтелін жинады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет