1940 ЖЫЛДАРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНАН 1960 ЖЫЛДАРДЫҢ ОРТАСЫНА ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАН І. Қоғамдық- саяси өмір. ІІ. Республика өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы
І. Қоғамдық- саяси өмір. 1. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жоғарыдан төмен қарай, иерархиялықы –пирамидалық құрылымға айналған ұйым: Кеңес Одағының Коммунистік Партиясы(КОКП) 2. Кеңес қоғамында жетекші рөл атқарған: КОКП 3. КСРО- да қоғам дамуының барлық мәселелері талқыланды: Компартияның съездері мен пленумдарында. * Партия жиындарына қаулы- қарарлар, шешімдер тек бір ауыздан қабылданды. Онда белгілі бір мәселе төңірегіне адамдардың пікір айтуына , қарсы шығуына , қалыс қалуына мүмкінді болмады.
4. Жұмабай Шаяхметов Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды: 1949 жылы 5. Жұмабай Шаяхметовтың республиканың басқарға жылдары: 1949- 1954 жж. 6. 1950 жылы респбликадағы коммунистердің саны: 58 920 адам 7. 1960 жылы республикадағы коммунистердің саны: 345 115 адам 8. Республиканың жоғарғы мемлекеттік билік органы: Қазақ Кеңес Социалистік Респубиканың Жоғарғы Кеңесі 9. КСРО кезінде жергілікті өкімет билігі қолында болды: еңбекшілер депутаттарыныңАтқару комитеттерінің 10. 1947 жылы екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрамында: 300 депутат 11. Үшінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінінің құрамында: 400 депутат 12. 1955 жылы төртінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінінің құрамында: 450 депутат 13. 1940 жылы Қазақстан кәсіпшілер одақтары: 1 млн- нан астам еңбекшілерді біріктірді * 1963 жылы 3 млн 281 мың адамға жетті. Бұл жұмыс істейтіндердің 89% болатын.
14. Соғыстан кейінгі жылдары санаторийлер мен демалыс үйлері, мәдени мекемелер – кітапханалар. Клубтар берілді: Кәсіподақтарға 15. Қазақстан кәсіподақтарының республикалық І конференциясы өтті: 1948 жылы 16. 1950 жылдары Қазақстан комсомолы салынуын қамқолрлыққа алған объектілердің бірі: Соколов- Сарыбай кең байыту комбинаты.