* ТЖМК-ның жарлықтарына бағынбауды шақырған партиялар: «»Азат , «Желтоқсан», Қазақстанның социалистік партиясы.
11. Н.Назарбаев КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросы құрамынан шығатыны жөнінде мәлімдеді: 1991 жылы тамызда
12. 1991 жылы қыркүйектің 7-сінде болған Қазақстан Компартиясының төтенше сьезі қабылдаған шешім: Қазақстан Компартиясын тарату
13. Қазақстан Компартиясы таратылғаннан кейін, оның орнына құрылған жаңа ұйымның атауы: «Социалистік партия»
14. 1991 жылы желтоқсанның 8-күні үш славян мемлекеттерінің басшылары өзара келісіп, күшін жойғанын жариялаған шарт: КСРО-ны құру туралы
15. 1991 жылдың желтоқсанындағы ірі саяси оқиғалардың ең бастысы: КСРО-ның ыдырауы
16. 1991 жыл 8 желтоқсан – Минскідегі славян елдері басшыларының кездесуінде Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құру туралы шешім қабылданды.
17. КСРО өмір сүрген жылдар: 1922-1991 жж.
18. 1991 жыл 13 желтоқсан – Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының Ашхабадтағы кездесуі болды.
19. 1991 жылы Қазақстанда өрекпіген саяси ахуалдың қалыптасуына жел берген дисседент жазушы А.Солженицынның мақаласы: «Біз Ресейді қалай көркейтеміз?»
*1991 жылы 17 наурызда жүргізілген референдумда, халықтың 94,1% Одақты сақтау қажеттігін жақтап дауыс берген болатын.
20. Тұңғыш рет Қазақ КСР-ң Президентіне сайлау өтті: 1991 жыл 1 желтоқсан.
21. Н.Назарбаев 1960 жыы еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қала: Қарағанды облысы Теміртау.
* 1973-1977 жж. Қарағанды металлургия комбинатында партком хатшысы, облыстық партия комитетінде екінші хатшы қызметтерін атқарды.
22. Н.Назарбаевтің 1984-1990 жж. Атқарған қызметі: Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
23. Н.Назарбаевтің 1990 жылдың сәуірінен бастап атқарған қызмеі: Қазақ КСР-нің президенті.
24. Қазақстан Республикасы атауы қабылданды: 1991 жылы 10 желтоқсанда
25. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы» қабылданды: 1991 жыл 16 желтоқсан.
16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні
26. 1991 жылдың аяғына дейін екі аптаның ішінде Қазақстанның тәуелсіздігін таныған мемлекеттер саны: 18
* N N Q * 1992- 30- дан астам елді мойындады: АҚШ, Қтай, иранғ Пәкстан, Канада, Швейцария, т.б.
27. Қазақ халқының Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы патша отаршылдары мен большевиктік шовинистік аппаратқа қарсы болған көтерілістерінің саны. 400-ге жуық.
28. 1991 жылы желтоқсандағы Алматы кездесуінде бұрынғы Кеңес Одағын ойға түсірмес үшін жаңа шартта «одақ» деген сөз алмастырылды: «Достастық» сөзімен.
29. 1991 жыл 21 желтоқсан – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру үрдісі аяқталды.
30. 1991 жылы желтоқсандағы Алматы кездесуінде басшылары ядролық қаруға байланысты біріккен шаралар туралы келісімге қол қойған мемлекеттер. Қазақстан, Ресей, Украина, Белорусь.
Достарыңызбен бөлісу: |