Қанның жасқа байланысты гистологиясы және регенерациясы

бет2/4
Дата25.10.2022
өлшемі455,01 Kb.
#45248
1   2   3   4

Қан – тірі организмнің бойымен қан тамырлары арқылы үздіксіз жүріп тұратын қызыл түсті сұйық зат. Орта есеппен адам денесінің 6,8 пайызы қан (70 кг салмағы бар денеде 5 литрдей қан болады). Қанның негізгі құрамды бөліктері – плазма деп аталатын сарғылт сұйық зат пен соның ішінде жүзіп жүрген қызыл және ақ қан түйіршіктері. Қан плазмасында организмнің тіршілік етуіне керекті әр алуан күрделі және қарапайым заттар – белок, май, углевод, тұз, қышқыл, витамин, т.б. болады.

Қанды қызыл түсті етіп көрсететін нәрсе – оның микроскоппен ғана көруге болатын эритроцит деп аталатын өте ұсақ түйіршіктері. Бұлар қанның ішінде 80-100 күн өмір сүреді де, содан кейін өледі. Әрбір секунд сайын адамның қанында 10 миллионға жуық эритроцит ауыстырылып отырады. Эритроциттер гемоглобин деп аталатын ерекше затқа толтырулы болады. Гемоглобиннің құрамындағы темір тектес бояғыш зат демді ішке тартқан кезде өкпеге келген ауадағы оттегін оп-оңай ұстап алады. Оттегіне молыққан өкпедегі қан бүкіл денеге тарап, оттегін апарады. Денедегі әрбір клеткаға оттегі қажет, онсыз клетка өледі.

Адамның қанынан микроскоппен қарағанда эритроциттермен қатар, аздаған ақ түйіршіктерді – лейкоциттерді көруге болды. Лейкоциттер адамға ауру жабыстыратын микробтардан организмді қорғайды. Организмнің ішіне микробтар кіріп кетсе болғаны, қанның ақ түйіршіктері топтанып, жаңағы қауіпті жерге қарай ұмтылады, микробтармен жалмап жеп, бойына сіңіреді.

Қанда тромбоцит атты ерекше клетка бар. Ол қанды ұйытуға қызмет етеді. Егер қан тамырларының бір жері жарақаттанса, сол жердің қаны қоюланып, әлгі жараның аузын бекітіп тастайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет