Aннотaция Зерттеудің көкейкестігі


Білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту жағдайындағы



бет4/7
Дата30.12.2023
өлшемі79,68 Kb.
#145117
1   2   3   4   5   6   7
1.3. Білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту жағдайындағы
әдістемелік қызмет көрсетудің жаңа тәсілдері
Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Барлық - дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Білім берудің сапасын жақсарту үшін заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелер, білікті мамандар қажет. Білім қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен камтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ыкпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы. Мектеп - еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы. Еліміздің жарқын болашағы, мектеп болашағы ұстаздардың ізденісінде, балаларға деген сүйіспеншілігінде, кәсіптік деңгейіне байланысты екендігінде. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір ситуация үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын,, жан-жақты, жана педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек. Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалык білім мен дағды гана emec, педогогтің жеке тұлғалык потенциалы, кәсіби құндылықтары
11
да жатады. ҚР-ның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған үш айлық курс бағдарламалары, білім беру жүйесінде педагогтар алдына жана міндеттер қойып, оларға үн тастады десек те болады. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнін кәсіби шеберлігіне байланысты. Білім беруді мекемесінде әдістемелік істің басты ұраны:
1.Бірігіп енбектену педагогикасы.
2. Оқыту арқылы тәрбиелеу.
Тәрбиелі, білімді және белсенді тұлға қалыптастыру білім ордасындағы оқытушылардың кәсіби шеберлік деңгейімен аныкталатыны сөзсіз. Мектептегі әдістемелік жұмысты мұғалімдердің негізгі кызметтерінен кол үзбей біліктіліктерін жетілдірудің үлгісі ретінде қарастыруға болады, өйткені әдістемелік жұмыс олардың шығармашылық белсенділіктерін арттыруга колайлы жағдай туғызып, кәсіби шеберлігін шыңдауға жол ашады. Әдістемелік жұмыс — ғылыми жетістіктерге, озат педагогикалық тәжірибелерге, сонымен қатар мектептің оқу-тәрбие үрдісі бойынша корытынды талдаулары мен сараптамаларына негізделген біртұтас жүйе. Ол педагогикалық ғылыми-теорияның мұғалімнің кәсіби шеберлігін көтеруге бағынышты жүйелі, жеке және ұжымдық жұмыс. Соңғы уақытта, заман талаптарына орай әдістемелік жұмыс Сипаттамасының барлык компонентеріне: атап айтқанда, мақсат, мазмұн, ұйымдастыру және дидактикалык формалар, әдіс-тәсілдеріне жаңашылдықтар енгізіліп жатыр. Әдістемелік жұмыстың ақпараттық, бақылау-коррекциялык сиякты дәстүрлі кызметтік аяларынан басқа инновациялық, яғни болжамдык, жобалык, зерттеушілік, оқытушылық қызметтері қосылды. Атқарылып жатқан әдістемелік жұмыс барысында мұғалімдердің кәсіби деңгейін дамыту үшін келесі талаптарды қолданамыз:
- педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру;
-окыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын, әдіс-тәсілдерді зерттеп, меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу;
-мұғалімнін педагогикалык-кәсіптік он көзқарастары құндылықтарының қалыптасуы, , әрі оның тұрақтылығына жету;
- өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру, қажетті жағдайлар туғызу, педагогтарды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету;
-авторлык бағдарламалар, курстар, құралдар, мақалалық ізденістер жасауға ұмтылдыру, жан-жақты қолдау көрсету;

12
Педагог мамандардың кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру, олардың теориялык білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен қаруландыра отырып, шығармашылық жұмыстарына жол көрсету, яғни мұғалім мамандығын жетілдіру - нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмыстың негізгі міндеті болып табылады. Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі»-деп айтып кетті. Мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру мектептін әдістемелік жұмысының негізгі саласы. Мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің, сонымен бірге бірлестік жетекшісінің алғы шартының бірі. Әдістемелік жұмыс теориялык, жалпы ол педагогикалық кадрлардың ғылыми- мәдени, психологиялық-педагогикалық дайынДЫҒЫН көтеруге бағытталған жүйелі істің бірі.


Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы Мен Оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:
• білім мазмұны жана біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
• ақпараттық дәстүрлі әдістері ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
• баланын жеке басын тәрбиелеуде, оның жандүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
• мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
• қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологиянын кеңінен қолданылуына және ғылымның рөліне мән берілуде.
Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық, педагогикалык бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегідей сипатталады:
• есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы менгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
• білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
• оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту. 13
Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В. В. Давыдовтың бірлесе жасаған "Дамыта оқыту жүйесі” бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады:
1. Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.
2. Теориялық білімнің жетекші рөлі.
3. Оқу материалын жеделдете оқыту.
4. Оқу үрдісін окушының сезінуі.
5. Барлык окушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жана технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып калады. Сондыктан танымдылык іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі кажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен кұралдарынын) өзара байланысы калпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс:
1. Окушылардың өзіндік іздену ic-әркетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни жаңа жағдайдағы "оқыту әдістемесі" отырганымыз: "окушы - мұғалім" ұстанымының езара деп тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында окушы тұрады және оның ез бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтык турлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат- окушыға деген сенім, онын өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальды түрі көбінесе, бағыт беру, талкылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.
3. Жана технологияның мақсаты бойынша "окытуды ізгілендіру" кажет. Бұл үшін оқу кұралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі окулыктар керек.
Пәндердін әдістемесін қолдануды жоспарлау мынаған келіп тіреледі, яғни әр оқушының өз кезеңі барысында мұғалім оған қажетті әрбір жаңа
14
педагогикалык технологиялар мен әдістемелерді міндетті түрде пайдалануы қажет. Бұл үшін мына төмендегі түсініктерді ескерген жөн:
• катар отыратын екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім денгейлерін ескеру;
• окушының өз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;
• әдістеме мен технологияның сабақтастығы;
• параллель сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін ескеру;
• мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің, болуы т.б.
Демек, 1-11 сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық технология мен әдістемелерді (мұғалімнің қалауы бойынша) төмендегідей етіп жоспарлауды ұсынуға болады.
1. Бастауыш мектеп: дамыта отырып оқыту, дидактикалық бірліктердін ірілендірілуі, түсініктерді қабылдау, нәтижелі әдістемелеу және оны қабылдау, іс-әрекетті бағалау, оқулықсыз оқыту, ойын әдістемесі және оны кабылдау.
2. Орта буын: проблемалық оқыту, іздену-зерттеу әдістері, топпен окыту тәсілі, ұжымдық оқыту, нәтижелі технологиялар, өзіндік жұмыс әдістері, бағдарлы оқыту, оқытудың коммуникативті әдісі, дискуссиялык әдіс, дидактикалык ойындар.
3. Жогары сыныптар: өзіндік жұмыстың әдістемесі, іздену-зерттеу әдістері, нәтижелі технология, жобалау әдісі, даралап оқыту, оқушының іс-әрекеті бойынша ұйымдастырылған ойындар, "өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы" адістемесі, бағдарламалы оқыту, профильді және кәсіптік бағдар бере отырып оқыту, тірек конспектісін қолдану, диалогтік әдістеме, дискуссияның негізінде оқыту, модульдік технология, семинар-сынақ түрлері, өз бетімен білім алу.
Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына косылуы бүгінгі ұрпак бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема әлеуметтік педагогикалык және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау. Мұғалімдерді даярлау қай уакытта да ен өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны, қоғамның Әлеуметтік экономикалык міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, ескелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап
15
отырады. Бұл жерде ұстанымдар кәсіби педагог кадрларын даярлау жүйесіндегі көзқарастардан айкындалары даусыз. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудін соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалык технологияны игерген, психологиялық-педагогикалык Диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалык жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға кабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік дағдылы жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жана педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Заман көшіне ілесе отырып, жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу - барша ұстаз - алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Осы міндеттерді жүзеге асыруда мектептін әдістемелік жұмысынын алатын орны ерекше. Мектеп мұғалімдері арасында өтілетін түрлі әдістемелік отырыстар жаңаша түрде ұйымдастырып өткізуді дәстүрге айналдыру керек.

16



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет