Анонс: Дарынды және ынталы жас ғалымдарды инновацияның дамуына өз үлестерін



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата03.03.2017
өлшемі21,64 Mb.
#6104
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

№10 (882) қазан 2012 жыл

80

жыл



Жақсы кітап – 

жан азығы

4 бет

Ұстазым, менің, 



ұстазым...         

5 бет


Ректор кубогіне арналған 

волейбол жарысы

19 бет

«Дала дарындары» 



таланттарды анықтады

7 бет


«Я болен музыкой. 

Но и музыка меня лечит…»

9 стр.

Экология және жастар



2 бет

С юбилеем, 

Жубаныш-агай!

11 стр.


АНОНС:

Дарынды және ынталы жас ғалымдарды инновацияның дамуына өз үлестерін 

қосуға жұмылдырып, олар ұсынған жаңа жобалардың жүзеге асуына мүмкіндіктер 

жасау, оқушылар, студенттер арасында инновациялық ойдың жетілуіне, оларды 

ғылыми іздену талпынысына тарту мақсатында «Технопарк «Алгоритм» ЖШС 

мәжіліс  залында  Батыс  Қазақстан  облысының  Ішкі  саясат  басқармасы  мен 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ қолдауымен  «БҚО жас ғалымдар кеңесі» қоғамдық 

бірлестігі    және  «Технопарк  «Алгоритм»  ЖШС-ның  ұйымдастыруымен  2012 

жылдың  31 қазан күні «Жас ғалым-2012» инновациялық жобалар байқауы өтті.

«Жас ғалым - 2012»

инновациялық жобалар байқауы өтті

Облыстық «Жас ғалым-2012» инновациялық 

жобалар  конкурсы  ақпан  айында  жарияла-

нып,  оған  оқушылардың,  студенттердің,  жас 

ғалымдардың 107 жобасы тапсырылып, сәйкес 

сертификаттарға  ие  болды.  Соның  ішінде 

80 жоба  іріктеу кезеңінен өтіп, жас ғалымдар 

өз жобаларын конкурс комиссиясының алдын-

да қорғауға мүмкіндік алды. Байқауға төрелік 

жасаған  БҚО  жастар  саясаты  мәселелері 

басқармасы  бастығы  Серік  Молдағалиев, 

«БҚО  Жастар  қауымдастығы»  ЗТБ  төрағасы 

Манарбек  Ажкенов,  «Технопарк  «Алгоритм» 

ЖШС  жетекші  менеджері  Асқар  Сермаков, 

Жәңгір  хан  атындағы  БҚАТУ  Ғылыми  зерттеу 

институты  директоры  Қажымұрат  Ахмеденов 

және БҚО бойынша экология департаментінің 

жетекші  маманы  Эльмира  Мадировалар  әділ 

бағаларын  берді.  Инновациялық  жобалар 

байқауы  ІТ  технологиялар  және  инженерлік-

конструкторлық жобалар, экология 

және биотехнология жобасы және 

әлеуметтік маңызды инновациялық 

жоба бағыттары бойынша өтті.

конструкторлық жобалар бағытында оқушылар 

арасында


  ARTECH  халықаралық  ғылыми-

білім  компьютерлік  технология  орталығы 

тыңдаушысы  Щелков  Артемнің,  студенттер 

арасында  Байбозов  Біржанның  және  жас 

ғалымдар  арасында  Кушалиев  Дауреннің 

жобалары І орын тұғырынан көрінді. 27  жүл-

делі  орынды  иеленген  жеңімпаздар  бағалы 

сыйлықтармен    марапатталды,  бірінші  орын 

иегерлерінің жобалары «Технопарк «Алгоритм» 

ЖШС арқылы байқау негізінде грантқа ұсынылу 

мүмкіндігін алды. 

Жас  ғалымдарымыз  ұтқыр  идеяларымен 

биіктерден  көріне  берсін  деген  тілегімізді 

жолдаймыз.

«Алаш Орда және тәуелсіздік»

(Ж. Досмұхамедовтің туғанына 125 жыл толуына орай)

Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің 

нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!



Нұрсұлтан Назарбаев

Қазанның отызында БҚМУ-да М. Өтемісов атындағы Батыс 

Қазақстан  мемлекеттік  университеті,  Батыс  Қазақстан  об-

лысы  ішкі  саясат  басқармасы,  Ж.  Досмұхамедов  атындағы 

педагогикалық колледж және «Батыс Қазақстан облысы Жас 

ғалымдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 

Жаһанша Досмұхамедовтің туғанына 125 жыл толуына арналған 

«Алаш Орда және тәуелсіздік» атты республикалық ғылыми-

тәжірибелік конференция оздырылды. 

Конференцияны  ашқан  университеттің  тарих  және  құқық 

факультетінің деканы Ғиззатов Саялбек Махамбетұлы қонақтарға 

қош келдіңіз десе, ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар 

жөніндегі проректоры Әбілсейіт Қапизұлы Мұқтар жастарға патриоттық 

тәлім-тәрбие беруде үлкен мәні бар маңызды шараларды көптеп 

ұйымдастыру қажеттігін, әсіресе, қазақ елінің бостандығы жолында, 

жарқын келешегі үшін жанын қиған ұлы тұлғаларымыздың құрметіне 

арнайы  іс-шаралар  ұйымдастыру  біздің  оқу  орнында  дәстүрге 

айналғандығын атап өтті. Алаш зиялыларының  тағдыры, олардың 

қоғамдық-саяси қызметін біліп-өсу жастар үшін артық етпейді, - дей 

келіп, конференцияға қатысушыларға сәттілік тіледі. Батыс Қазақстан 

облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының 

орынбасары Есекенова Алия Оразқызы маңызды 

жиында  ғылыми  фактілер  жарияланады, 

ғалымдардың нақты мәліметтірін тыңдап, Алаш 

қозғалысы өкілдерінің жұмыстарымен кеңірек та-

нысамыз деп ойлаймын, - деп  баяндамашыларға 

сенім артты.

Пленарлық  мәжілісте  Х.  Досмұхамедов 

атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 

доценті,  тарих  ғылымдарының  докторы 

Ахмет Аққали Қабижанұлы «Батыс Алашорда 

қайраткерлері», Батыс Қазақстан инженерлік-

гуманитарлық  университетінің  доценті,  тарих 

ғылымдарының  кандидаты  Сүлейменова 

Дәметкен  Досмұханқызы  «Батыс  Алашорда 

жетекшісі - Ж. Досмұхамедовтің азамат соғысы 

жылдарындағы атқарған қызметі», М. Өтемісов 

атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік 

университеті  доценті,  тарих  ғылымдарының 

кандидаты  Мажитов  Равиль  Сидагатұлы 

«Ж.Досмұхамедовтің саяси-құқықтық мұрасы», 

Ж.Досмұхамедов  атындағы  педагогикалық 

колледжі,  қоғамдық  пәндер  кафедрасының 

меңгерушісі Журекенова Әлия Бекесқызы «Истоки 

формирования общественно-политических взгля-

дов Жаһанши Досмухамедова» тақырыбындағы 

баяндамаларын  оқыса,  Башқұрт  мемлекеттік 

университетінен тарих ғылымдарының канди-

даты Газизов Радмир Рашитовичтің «Ахмет заки 

Валиди и Алаш Орда» атты баяндамасы онлайн 

режимінде тындалды.

Пленарлық мәжілістен кейін еліміздің әр об-

лысынан келген ғалым-оқытушыларымыздың 

жұмыстары  3  секция  аясында  тыңдалып,  

ұсыныс-қарарлар қабылданды.

Өз тілшіміз

Құрметті студенттер, Сіздерді тамаша мереке – 

Халықаралық Студенттер күнімен құттықтаймыз. 

Сіздерге қажымас қайрат, жалынды жігер, оқуда тамаша жетістіктер, 

барлық өмірлік бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.

Суретте: І орын иегерлері  - М. Өтемісов атындағы 

БҚМУ студенттері А.Қапашева мен А.Жұмабаева

Байқау қорытындысы бойынша әлеуметтік 

маңызды инновациялық жоба бағыттары бой-

ынша оқушылар арасында Анар Айтжанованың, 

студенттер  арасында  М.  Өтемісов  атындағы 

Б Қ М У   с т у д е н т т е р і   А . Қ а п а ш е в а   м е н 

А.Жұмабаеваның,  жас  ғалымдар  арасында 

М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ  магистранты 

А льфия  Жақсығалиеваның  ж ұмыстары 

І орынға лайық деп танылды. Экология және 

биотехнология жобасы бағыты бойынша сту-

денттер  арасында  І  орынға  БҚИГУ  студенті 

Абатова  Ботакөз  ие  болса,  жас  ғалымдар 

арасында  І  орынды  Жәңгір  хан  атындағы 

БҚАТУ жас ғылыми қызметкері Кулбаев Рухан 

иеленді.  ІТ  технологиялар  және  инженерлік-



№ 10 (882) қазан 2012 жыл

2

Ж



аңалықтар 

университет тынысы



5 қазан күні БҚМУ спорт сарайында «Ұстаздар 

күніне»  орай  кафедра  мұғалімдері  арасында 

үстелді  теннистен  сайыс  ұйымдастырылды. 

12 спортшының арасынан А.Т.Шандозтегі І орын-

ды  именденсе,  М.Қ.Телагисов  жүлделі  ІІ  орынға 

табан тіреді.



2012  жылдың  20  қыркүйегінде  М.Өтемісов 

атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекет тік 

университетінің  жемқорлыққа  қарсы  күрес 

ко м и с с и я с ы н ы ң  о т ы р ы с ы  б о л ы п  ө т т і. 

Жиналысты комиссия төрағасы Ә.Қ.Мұқтар ашып, 

университет ректорының 19.09.2012 ж. №013-484 

бұйрығымен бекітілген комиссия құрамымен және 

2012-2013 оқу жылына арналған жоспарымен та-

ныстырып, комиссия   жұмысының жемқорлықпен 

күрестегі негізгі міндеті - профилактикалық жұмыс 

жүргізу,  жастардың    сыбайлас  жемқорлыққа 

қатысты  мәдениетін  қалыптастырып  дамыту 

екеніне тоқталды. Сонымен қатар университетте 

стратегиялық даму және сапа департаментінің ди-

ректоры О.В.Юровтың кабинетінде 26-06-25 нөмірлі 

сенім телефоны жұмыс жасайтынын  және барлық 

оқу ғимараттарында шағымдар мен ұсыныстарға 

арналған жәшіктер ілінгенін атап көрсетті. 

По приглашению ВПШ партии «НурОтан» в 

г.Актобе с 10 по 13 октября доцент И.М.Ломоносов 

провел тренинг на тему «Управленческая коман-

да. Команда образования». В тренинге приняли 

участие слушатели ВПШ – руководители первич-

ных  парторганизаций  Актюбинской,  Атырауской, 

Западно-Казахстанской, Мангыстауской областей. 

Руководство ВПШ выразило сердечную благодар-

ность ученому и руководство ЗКГУ за проведенный 

тренинг.

11-15  қазан  аралығында  Болгария  елінің 

астанасы  София  қаласында  самбодан  әлем 

чемпионаты болып өтті. Бұл халықаралық чем-

пионаттан  еліміздің  самбошылары  үздік  атанып, 

ерлер  арасынан  Сұңғат  Махамбетов  жүлделі 

І орынды және Нұрбол Серіков ІІ орынды иемден-

се,  әйелдер  арасынан  Қазиева  Әсел  ІІІ  орынды 

қанжығаға байлап, елімізге олжамен оралды.



17-26  қазан  аралығында  Марокко  елінде 

болған  ардагерлер  арасындағы  әлем  чем-

пионатынан 82 кг бойынша Қамеш Исмагулов І 

орынды иемденсе, 74 кг бойынша Сатыбалды 

Бекбаев ІІІ орынды қанағат тұтты.

23 октября в конференц-зале ЗКГУ прошел 

прием группы врачей, в числе которых главврач 

клиники Olga-Hospital в г. Штутгарте (Германия), 

доктор медицины, член европейского общества 

оториноларингологов, член специализирован-

ного издательства Thieme-Verlag в Штутгарте, 

один  из  авторов  «Атласа  по  микрохирургии 

среднего уха». Хеннинг Хойманн, представители 

медицины Западно-Казахстанской области.



2012  жылдың  24  қазан  күні  М.Өтемісов 

атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекет тік 

университетінде физика-математика факультеті 

мен мәдениет және өнер факультетінің 1 курс 

студенттеріне  арналған  «Жемқорлыққа  жол 

жоқ!»  атты  құқықтық  пәндер  кафедрасы 

оқытушыларымен  кездесуі  болып  өтті.  Сөз 

кезегін  алған  құқықтық  пәндер  кафедрасының 

оқытушысы  Муттайрова  Толқын  Муттайровна 

«Жемқорлық» туралы Қазақстан Республикасының 

Заңымен таныстырып өтті.

С  начала  нового  учебного  года  узнавать 

расписание  работы  преподавателей  ЗКГУ  и 

занятий академических групп будет возможно 

на сайте университета на казахском, русском и 

английском языках.

На семестровое обучение в вузы Польши вы-

ехали студенты нашего университета. В их числе 

18 студентов вторых и третьих курсов специаль-

ностей «математика», «физика», «информатика», 

«юриспруденция», «физическая культура и спорт», 

а  также  студенты  1-4-го  курсов  специальностей 

«юриспруденция», «история», «туризм». 

Министерством  образования  и  науки  РК 

введена  Единая  Система  Управления  Высшим 

Образованием  (ЕСУВО),  база  данных  которой 

содержит полную информацию о текущем контин-

генте студентов и выпускниках 2011-2012 учебного 

года.


Қазанның он жетінші жұлдызында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде  тарих және 

құқық факультеті, дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның 

әлеуметтік жаңғыруының негізгі жолдары - әлеуметтік дамудың басты кепілі» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік кон-

ференция өтті. Бұл шара ҚР Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 

20 қадам» атты бағдарламасы негізінде ұйымдастырылған еді.

Елбасы бағдарламасы 

талқыланған конференция

Бұл  шараға  М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ 

ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар 

жөніндегі проректоры Ә.Қ.Мұқтар, БҚО ішкі сая-

сат басқармасының бастығы Ш.Ж.Теміржанов, 

факультет  декандары,  оқытушылар  мен  сту-

денттер  қатысты.  Жиынды  ашқан  Әбілсейіт 

Қапизұлы  қонақтарға  қош  келдіңіз  айтып, 

баяндамашыларға сәттілік тіледі.

Еліміздің  өскелең  жастары  –  болашақ 

Қазақстан  азаматы.  XXI  ғасыр  есігінен  еркін 

еніп,  дүниежүзілік  мәдениетті  танитын,  өзін 

сыйлата  алатын  рухани  дүниесі  бай,  интел-

лект  деңгейі  жоғары,  білімді  де  білікті  әрі 

саналы,  парасатты,  жан-жақты  мәдениетті, 

еліміздің  еңсесін  өркениетке  жетелейтін 

патриот  азаматтарымыздың  көп  болуы  - 

нарық  талабы.  Елбасы  бағдарламасын 

талқылауды  мақсат  еткен  шарада    әр  ба-

яндамашы  өз  ой-пікірлерін  жақсы  жеткізіп, 

көпшілікке Ел Президенті жолдауының басты бағыттары мен 

артықшылықтарын айқындап берді. Дүниежүзілік тарих және 

әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушысы Мақпал 

Батырғалиқызы  «Жалпыға  ортақ  еңбек  қоғамы  –  Қазақстан 

халқының  жарқын  болашағы»  атты  баяндамасында  Елбасы 

бағдарламасында «еңбек» сөзіне үлкен мән беріп, оған ерекше 

тоқталғандығын сөз етті. Арман-мақсаттарға жету үшін аянбай 

еңбек ету қажеттігін баса айтты. 2015 жылға дейін орындалуға 

міндетті  тапсырмалардан  тұратын  бұл  мақала  Елбасы 

Жолдауының  жалғасы  іспеттес  екендігін  сөз  сөйлеушілер 

айтып өтті. Қазақстан Республикасы дамуының ұзақ мерзімді 

жолдары, еңбек нарығы мәселелері, еліміздің даму жолындағы 

жастардың рөлі туралы мәселелер қарастырылған маңызды 

конференция баршамызға үлкен серпін бергені анық.



Өз тілшіміз

Экология және жастар



«Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. 

Жер,  су,  ауа  –  адам  баласының  ұрпағынан 

ұрпағына  мұра  болып  келе  жатқан  мол  қазына. 

Әрбір  ағашты,әрбір  бұтақты,  жалғыз  дәнді  де 

ыждағаттылықпен  сақтау,  қамқор  болу  –  басты 

міндеттің бірі». 

Ы.Жақаев

Қазан айының оныншы жұлдызында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанынан 

құрылған «Жас экономист» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен университетте «Экология және жастар» 

тақырыбында облыстық дөңгелек үстел болып өтті. 

талқыланған жиынға студенттер өте белсенді қатысып, 

өзіндік пікірлерін жеткізе білді.

«Жас  экономист»  ЖҚБ  төрағасы,  облыстық 

пікір-сайыс турнирлерінің төрт мәрте  жүлдегері, 

қаржы  мамандығының  ІІ  курс  студенті  Мырза 

Еркебұлан  Ерболатұлы:  «Біз  келер  ұрпаққа  жасыл 

орманға  оранған  әдемі  ел  қалдыруымыз  керек. 

Тәуелсіздігімізді орнаттық, мемлекетті нығайтып 

жатырмыз.  Қазақстанды  әлемге  таныттық.  Енді 

өзімізге,  халыққа  жайлы,  таза  ауасы  денсаулыққа 

шипасын  тигізетін  Қазақстан  жасауымыз  керек», 

-  деп  Елбасы  айтқандай,  біз,  жастар  экологиялық 

жағдайдың  жақсаруына,  табиғаттың  көркеюіне 

атсалысуымыз қажет.  Жастар көп пайдаланатын 

әлеуметтік желілерге видеороликтер енгізіп, оларға 

ой  тастау  қажет,  жастар  -  қоғамның  қозғаушы 

күші  екенін  ескере  отырып,  студенттер  арасында  түрлі 

бағыттағы  үндеулер  арқылы  табиғатты  сүюге,  аялауға 

шақыру керек,- деп өз ойын білдірді.

Студенттік  президент,  қаржы  мамандығының  3  курс 

студенті Бисембиев Нұрсұлтан Орақұлы: «Біздер, жастар, 

студенттер,  қаламыздың  қазіргі  жағдайына  баса  назар 

аударуымыз керек. «Өз қаламыз - өз үйіміз», сондықтан да 

ата-бабамыз  айтып  кеткендей,  «су  ішкен  құдығымызға 

түкірмейік».  Біздің  шешуге  тиісті  мәселелеріміздің 

бірі  –  қала  ішіндегі  қоқыс  жәшіктерінің  мәселесі,  қала 

сыртындағы қоқыс тастайтын жер және құс фабрикасынан 

шығатын  өте  жағымсыз  иіс  мәселесі.  Қоқыс  жәшіктерін 

қалдықтарға  қарай  бөліп,  қала  сыртындағы  нысандар-

ды  алшақтау  орналастыруға  немесе  сол  жерден  шығып 

жатырған жағымсыз иісті бөгеуге болмас па еді? Егер бұл 

бастама қолға алынар болса, онда қаламыздың экологиялық 

жағдайының  жақсаруы  да  жеделдей  түсер  еді.  Ұзын  сөздің 

қысқасы, Елбасымыз айтқандай: «Қазақстанның болашақта 

шөл мен шөлейттері болмауы керек, еліміз тек қана орман 

бақтардан  құралуы  қажет».  Бұл  сөз  тек  Томас  Мордың 

«Утопиясын» қайталамаса болғаны. Сондықтан да, еліміздің 

ертеңі – біздің қолымызда. Туған табиғатымызды аялайық, 

замандастар!»,- деп жолдастарына үндеу тастады.

Еліміздің қолда бар байлығын сақтау, оны тиімді пайдала-

нып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы жарқын 

болашақта өмір сүру өзіміздің қолымызда. Табиғи таза ортада 

өмір сүруімізді қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаны қорғау 

– біздің міндет!



Светлана БеккуЖиева

Аталмыш шараға БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайда-

лануды реттеу басқармасының бас маманы Сұлташева Фариза 

Аязбайқызы, «Жас эколог» ЖҚБ төрағасы Ескендіров Салтанат 

Жұмажанұлы,  М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ  оқытушысы,  эко-

логия  магистрі  Бекқалиев  Бауыржан  Үмітқалиұлы,  «Батыс 

Қазақстан  облысының  студенттік  құрылыс  және  жастар 

еңбек жасақтарының штабы» Жастар қоғамдық бірлестігінің 

төраға орынбасары Сағатов Азат Боранбайұлы, «БҚО Жастар 

қауымдастығы»  ЗТБ  әлеуметтік  жұмыс  жөніндегі  маманы 

Айтбаев  Нұрбек,  М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ-дың  тәрбие 

жұмысы бөлімінің жетекшісі Исатаев Мейрам Исатайұлы және 

университет студенттері қатысты.

Тәрбиенің негізі - табиғат, ал адам табиғаттың бір бөлігі 

және оның заңдылықтарына бағынушы.  Қоғамның дамуы да 

табиғатпен тығыз байланысты. Табиғат - адамның бойына қуат, 

көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық 

пен әсемдік әлемі. Осы табиғатты аялай жүріп, қорғау тек осы 

саланың мамандарына ғана қатысты мәселе емес, ол – барша 

адамзаттың  басты  борышы  екені  анық.  Ұйымдастырылған 

шарада  табиғатты  қорғауға,  қоршаған  ортаны  таза  ұстауға, 

экологиялық  мәселелерді  шешудің  жолдары  жайында  біраз 

ой-пікірлер  айтылып,  ұсыныстар  талқыланды.  Қазір  облы-

сымызда  Жайық  өзені  мен  күл-қоқыс  тастайтын  жерлердің 

мәселелері мамандарды алаңдатып отырғаны ақиқат, осындай 

өзекті  жайлардың  шешімін  табу  үшін  атқаратын  жұмыстар 

мен  шаралар  көп.  Менің  ойымша,  тазалықты  әр  адам  өз 

басынан бастауы тиіс, яғни қоршаған ортаны қорғау жөнінде 

балабақшадан бастап түсіндіріп, мектептерде жалғастырсақ  

нұр  үстіне  нұр  болар  еді,-дейді  Салтанат  Жұмажанұлы. 

Экологиялық мәселелер, оны шешудің тиімді жолдары қызу 


№ 10 (882) қазан 2012 жыл

3

Қазан айының жиырмасыншы жұлдызында М.Өтемісов 



атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінің 

ректораты оздырылды.

Жиында  2011-2012 оқу жылындағы университет бітірушілердің 

жұмыспен қамтылу жайы туралы мансап орталығының директо-

ры А.С.Аманбаев, кредиттік оқыту жүйесі бойынша сабақ кестесін 

жаңаша құру туралы оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру 

бөлімінің жетекшісі Р.Х.Латыпова баяндады.



Марапаттаулар:

Музыкалық білім, бейнелеу өнері және сызу, мәдени-тынығу 

жұмысы мамандықтарына ҚР жоғары оқу орындары арасында 

бакалавриат  мамандықтары  бойынша  2012  жылғы  ұлттық 

рейтинг нәтижесінде 2-орын алғаны үшін және вокалдық өнер 

мамандығына ҚР жоғары оқу орындары арасында бакалавриат 

мамандықтары бойынша 2012 жылғы ұлттық рейтинг нәтижесінде 

3-орын алғаны үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ак-

кредиттеу орталығының сертификаттары табыс етілді.

Жаратылыстану-география факультетінің 3-курс студенті 

Ағалиева Светланаға ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің 

ІV республикалық пәндік олимпиадасында география мамандығы 

бойынша  жеке  есепте  І  орын  алғаны  үшін  ҚР  Білім  және 

ғылым  министрлігінің  І  дәрежелі  дипломы,  жаратылыстану-

география факультетінің командасына ҚР жоғары оқу орында-

ры студенттерінің ІV республикалық пәндік олимпиадасында 

химия  мамандығы  бойынша  жалпы  командалық  ІІІ  орын 

алғаны үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің ІІІ дәрежелі 

дипломы,  жаратылыстану-география  факультетінің  4-курс 

студенті  Жолгелдиев Жанболат Бақытұлына ҚР жоғары оқу 

орындары  студенттерінің  республикалық  пәндік  олимпиада-

сында 2-орын алғаны үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің 

ІІ дәрежелі дипломы, жаратылыстану-география факультетінің 

2-курс студенті Серікұлы Нұрбекке ҚР жоғары оқу орындары 

студенттерінің республикалық пәндік олимпиадасында 3-орын 

алғаны үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің ІІІ дәрежелі 

дипломы табысталды.

ҚР  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  үздік  ғылыми-

зерттеу  жұмыстарына  арналған  республикалық  байқауының 

жүлдегерлері - Шукова Елена Валерьевнаға (есеп және аудит, 

2-орын), Айтбаев Нұрбек Еркінұлына (дене тәрбиесі және спорт, 

3-орын) дипломдар тапсырылды.

Жаратылыстану-техникалық,  әлеуметтік-гуманитарлық 

және  экономикалық  ғылымдар  бойынша  студенттердің  ең 

үздік ғылыми жұмысына арналған республикалық байқауының  

жүлдегерлері  -    Мұқашева  Мәншүк  Мұратқызына  (химия, 

3-орын),    Нұрмұханов  Жансұлтан  Қайыржанұлына  (тарих, 

3-орын), Дүйсеналиева Айнара Жамбылқызына (тарих, 3-орын) 

дипломдар тапсырылды. 

Дене тәрбиесі және спорт мамандығының 1-курс студенті 

Алекешова  Дианаға  Оңтүстік  Корея  Республикасында  та-

эквандодан  алған  қара  белбеуі,  дене  тәрбиесі  және  спорт 

мамандығының 3-курс студенті Махамбетов Сұңғатқа Самбодан 

әлем чемпионатында 2-орын иеленгені үшін диплом (Болгария, 

София  қ.),  дене  тәрбиесі  және  спорт  мамандығының  2-курс 

студенті  Серіков  Нұрболға  Самбодан  әлем  чемпионатында 

3-орын  иеленгені  үшін  диплом  (Болгария,  София  қ.),  дене 

тәрбиесі  және  спорт  мамандығының  1-курс  студенті    Гоф 

Евгенийге волейболдан ерлер командасы арасында Қазақстан 

кубогында 2-орын иеленгені үшін медал табыс етілді.



айгүл Ниетова,

РектоРатта

О грантовом 

финансировании науки




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет