Мүмкін болатынасқынулар Ауру асқынуымен қауіпті, егер дәрігердің ұсынымдары сақталмаса және емделуден бас тартса, емдік тамақтану бұзылса, емдеудің жетіспеушілігі салдарларынан дамиды.
ҚД асқынуы
Салдарлары
Диабеттік ангиопатия (қантамырлар қабырғаларының өткізгіштігінің күшеюі, олардың сынуының жоғары болуы).
Диабеттік полиневропатия – периферия жүйкелерінің сыртқы қабатының зақымдалуы.
Аяқ-қолдың тоңғақтығы мен ісінуі, «түршігулерді» сезіну, жалған сезімдер, бұлшықеттің әлсіреуі.
Диабеттік ретинопатия – қантамырлар құрылымының және көздің торлы қабығының бұзылуы.
Көру қабілетінің төмендеуі, торлы қабықтың бөлінуі, бұл су қараңғылыққа әкеліп соқтырады.
Диабеттік нефропатия – бүйрек бұлшықеттерінің өткізгіштігі мен иілгіштігінің бұзылуы.
Бүйрек жеткіліксіздігі. Бұндай асқыну ауру басталғаннан кейін 15-20 жылдан соң науқастардың шамамен 40 %-ында кездеседі.
Диабеттік табан. Аяқ қантамырларындағы қан айналымының өзгеруі салдарынан орын алады.
Жаралардың ұзақ уақыт жазылмауы, бұлшықет тіндерінің және табандағы майда сүйектердің бұзылуы.
Кома түріндегі асқынулар:
Гипергликемиялық. Бұл қандағы глюкозаның күрт ұлғаюының салдарынан болады. Гипергликемия кезінде әлсіздік жоғарылауы, тәбеттің болмауы, бастағы ауырсыну сезімдері, іштегі жайсыз жағдайлар, қатты ұйқышылдық, шулы тыныс алу және ауыздан ацетонның иісі сезіледі. Уақытылы көмек болмаған кезде, диабеттік кома науқастың қайтыс болуына әкелуі мүмкін.
Гипогликемия ағзадағы глюкозаның күрт құлдырауы кезінде пайда болады, ол инсулиннің мөлшері дұрыс есептелмегенде орын алады. Гипогликемия қатты ашығу, дене мен аяқ-қолдардың дірілдеуі, үстіртін тыныс алу, терінің ылғалдылығының жоғарылауы, талу белгілері арқылы білінеді.
аш қарынға алынған қан сараптамасы 6,1 ммоль/л асса;
глюкозотолеранттық тест жасау кезінде қант мөлшері 11,1 ммоль/л жоғары болса;
қанда глюкозалы гемоглабиннің мөлшері артса;
несепте қант немесе ацетон болса.
Қандағы қант мөлшерлемесі 3,3-тен 5,5 ммоль / л-ға дейін болса, бұл қалыпты болып саналады. Егер бұл көрсеткіш 5,5-тен 6 ммоль / л-ға дейін болса, алдын-ала қант диабеті орнатылады. Диабетті алдын-ала анықтау кезінде ауруды қоздыратын факторлардың әсерін барынша азайту және тамақтану әдеттерін қайта қарау қажет, бұл көбіне қант диабетін дамытуды тоқтатуға көмектеседі.