Античная философия


Анаксимандр (б.д.д. 610-547)



бет2/3
Дата12.05.2023
өлшемі1,76 Mb.
#92353
1   2   3

Анаксимандр (б.д.д. 610-547)

  • Анаксимандр (шамамен б.д.д. 610-546 ж.ж.) – ежелгі гректің материалист – философы, стихиялы диалектик, Фалестің бас шәкірті. Грециядағы «Табиғат туралы» атты тұңғыш ғылыми шығарманың авторы, бірақ бұл шығарма бізге жеткен жоқ. Анаксимандр дүниенің негізі, бастамасы ретінде – «архе» («негіз») ұғымын енгізді, дүниенің негізі - апейрон (шексіз нәрсе) деп есептеген.

Анаксимен (б.д.д. 585-525)

  • Ежелгі грек материалист – философы, стихиялы- диалектик, Анаксимандрдың шәкірті.Оның ілімінше, барлық нәрсенің бастамасы материядан – ауадан пайда болған, қайтадан ауаға айналады. Ауа шексіз, мәңгі, қозғалыстағы зат. Қоюланғаннан кейін – бұлтқа, суға, жер мен тастарға, сейіліп – отқа айналады. Мұнда санның сапаға ауысу идеясы көрініс тапқан.

ГЕРАКЛИТ (б.д.д 544-483 ж.ж.)

  • ГЕРАКЛИТ (б.д.д 544-483 ж.ж.)
  • Ежелгі грек философ --материалисі, диалектик. Гераклиттің шығармасы- «Табиғат туралы». Гераклиттің пайымдауынша дүниенің негізі - от, ол әрдайым өзгеруде әрі қозғалыста. Барлық әлем, жекелеген заттар, тіпті адам жаны да оттан жаралған, оны Гераклит «логос» деп атайды. Әлемдік процесс ұдайы қайталанып отырады. Бәрі өзгере отырып жаңарады. Соған орай Гераклиттің атақты тұжырымдамасы қалыптасады: «Бір өзенге екі қайтара түсе алмайсың».
  • Пифагоршылдар
  • Б.д.д. 6-ғасырдың 2-жартысында пайда болған философиялық ағым.
  • Пифагор-көне грек философы, математик және астраном. Пифагор-
  • шылдар бастапқы негізді санмен таңбалап, осы бағытта жұмыс жасайды.
  • Элей мектебі-б.д.д. 6-5 ғ.ғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда болған философиялық мектеп. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды.
  • Өкілдері:
  • Элеаттар философиясы
  • Ксенофан
  • Парменид
  • Зенон
  • и Мелисс
  • Софистер мектебі
  • Софистер (гр. sophists-өнерпаз, дана)-«даналықтың,» «шешендіктің» кәсіби
  • ұстаздары ретінде саналған ежелгі грек философтарын осылай атаған.
  • Софистика – дауласу немесе дәлелдеу кезінде қисын-
  • сыз пікірлерді, софизмдерді, яғни сырттай ғана дұрыс
  • болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану.
  • Софистер екі топқа бөлінді: «Аға софистер»-табиғат-
  • ты материалистік тұрғыда түсіндірді.
  • Бұл топтың өкілдері-Протагор, Гиппий, Продик,
  • Антифондар-алғашқы ағартушылар.
  • Екінші тобы- «Кіші софистер» (ақсүйектер тобы)-
  • Гипподам, Критий-философиялық идеализмге
  • ден қойғандар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет