Антиденелер-лимфойдты ұлпаның плазса жасушалары синтездейтін қан плазмасының нәруыздары. Антиденелер



Дата16.05.2023
өлшемі17,79 Kb.
#93521
Байланысты:
антидене


Антиденелер
Антиденелер-лимфойдты ұлпаның плазса жасушалары синтездейтін қан плазмасының нәруыздары.
Антиденелер – 2 түрлі қызмет атқарады. 1- антиген байланыстырушы- яғни антигеннің зиянды әсерінен қорғайды. 2- эффекторлық яғни иммундық жауап тудырады.
Антиденелер- иммунаглобиндер деп аталды және Lg деп белгіленеді.
Антиденелер- нәруыздың LgY деп белгіленетін ү – глобулиндерге жатады.
Антиденелер екі үлкен топқа бөлінеді. 1- седименттік константасы 7S болатын шағын молекулалар, 2- 19S болвтын үлкен молекулалар.
Антиденелер- молекуласы аминқышқылдарынан ұүралған 4 полипептидті тізбектен тұрады. Олардың екеуі ауыр, екеуі жеңіл тізбек.
Толық емес антиденелер- 1 валентті. Толық антиденелер -2 кейде көп валентті болады.
Негізгі иммуноглобулиндер 5 – класқа жіктеледі.
IgG- қанда болады, иммунитеттің арнайы факторы ретінде маңызды. Олар антигенді тұндыру реакциясы , аглютинация кезінде иммуноглобулинмен байланыстырып бейтараптайды. Бұл фагацитозды, лизисті бейтараптаудф жеңілдетеді. Аллергиялық реакциялардың пайда болуына әсер етеді. Термотөзімді болады.
IgM- Жұқпа жұқтырған соғ немесе вакцина салғаннан соң пайда болады. Грам оң бактерияларға әсер етеді. Фагацитозды белсендіреді. Адамның А, В, О, қан топтарының антиденелері жатады.
IgA- екі түрлі болады: плазмада.ы және секреттегі. Қанда болатын түрі көкбауырда, лимфада, шырышты қабатта синтезделеді де сілекейге, көз жасына, бронх бөліндісіне, уыз сүтке түседі.
IgD- адамда миеломалық ауруға шалдыққанда пайда болады.
IgE- гнльминтоздар мен протозойлы ауруларда қорғаныш рөлін атқарады.
Антиденелердің - 10-20 аминкышқылынан тұратын белсенді орталығы болады. Ол жерде тирозин, лизин, тритофан аминқышқылдары көп кездеседі.
Антиденелер құрылымы бойынша өзіне сәйкес келетін антигендермен өзара әрекеттеседі. Антидененің бұл қасиеті комплиментарлық деп аталады.
Антиденелер антигендермен әрекеттесу сипатына қарай былай бөлінеді.

  • коагуляциялаушы-( преципитиндер, аглютининдер) фагоцитозды оңайлатады.

  • Лизистейтін- бектерилизистер,цитолизистер,гемолизистер. Антигеннің еруін туғызады.

  • Бейтараптандыратын – антитоксиндер.антигеннің уытын қайтарады.

Ферменттер- энзимология ғылымы зерттейді. Кирхгов арпа мен мия сығындыларындағы заттардың әсерінен крахмалдың қантқа айналғанын көрді. Бұл затты амилаза деп аталды.
Субстрат пен ферменттің өзара әрекеттесуі негізінде екі модель пайда болды: 1- Э. Фишер ұсынған бірінші * кілт- құлп* моделі. 2-ші – * Қол- қолғап моделі.
Ферменттер әсерететін белсенді орталықтың түрлері:

  1. Субстратты белсенді орталық

  2. Катализдік белсенді орталық

  3. Аллостериялық орталық.

Иммобилизация- ферменттің кейбір ерімейтін тасмалдаушыға бекітілуі.
ингибиторлардың қатысуымен катализдік белсенділіктің төмендеуі- фермент белсенділігінің ингибирленуі деп аталады.
Ингибитор – тежеуші заттар.
Ингибитор- ферменттермен өзара әрекеттесуіне байланысты Қайтымды және Қайтымсыз ингибирлену деп ажыратылады.
Қайтымды ингибирлену – бәсекелес және бәсекелес емес деп бөлінеді.
Қайтымсыз ингибиторға – ауыр металдардың мысалы: сынап, күміс, мышьяк иондары жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет