Қолдану тәсілі және дозалары Ең жоғары ұсынылатын тәуліктік дозасы 150 мг құрайды. Каптоприл ас ішуге дейін, ас ішу кезінде немесе одан кейін ішке қабылданады.
Артериялық гипертензия: каптоприлдің ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне 2 рет 12,5 құрайды, демеуші дозасы 25 мг құрайды. Қолдануға болмайтын жағдайлар Жүктілік жоспарланған немесе жүктілік расталған жағдайда, емделушілерді жүктілік кезінде қолдану қауіпсіздігінің бекітілген бейіні бар баламалы емге дереу көшіру қажет.Каптоприл бала емізу кезеңінде қарсы көрсетілімді.
- каптоприлге, кез келген қосымша затқа немесе басқа да АӨФ тежегіштеріне жоғары сезімталдық
- Квинке ісінуі (соның ішінде сыртартқыдағы, АӨФ тежегіштерін қолданудан кейін, тұқым қуалайтын/идиопатиялық);
- бүйрек функциясының айқын бұзылулары;
- бүйрек артерияларының екі жақты стенозы, жалғыз бүйрек артериясының стенозы;- гиперкалиемия;
- лейкопения, тромбоцитопения;
Эналаприл Фармакокинетикаcы Ішке қабылдағаннан кейін препараттың 60% жуығы сіңеді.Сіңгеннен кейін белсенді эналаприлат түзумен бауырда жүйе алдылық метаболизмге ұшырайды. Эналаприлат гистогематикалық бөгеттен жеңіл өтеді, плацента арқылы өтеді және ұрық тінінде анықталады. Эналаприлдің жартылай шығарылу кезеңі 2 сағат құрайды. Плазма ақуыздарымен 50%- ға байланысады. Эналаприлаттың жартылай шығарылу кезеңі 8-11 сағат құрайды. Қабылданған дозаның 60% (эналаприл түрінде 20% және 40% эналаприлат түрінде) несеппен және ішекпен – 33% шығарылады. 24 сағат ішінде қабылданған дозаның 90% жуығы шығарылады.
Фармакодинамикасы Эналаприл артериялық қантамырларының кеңеюін туындатады және артериялық қысымды төмендетеді. Эналаприлді енгізгенде гипотензивті әсер қабылдағаннан кейін 1 сағаттан соң дамиды, ең жоғары шегіне 6- шы сағатқа қарай жетеді және 24 сағатқа жуық сақталады. Ауыр салмақпен адамдарда АҚ оңтайлы тұрақты деңгейіне жету үшін, эналаприлді бірнеше апта бойы қабылдау керек болуы мүмкін. Эналаприл артериялық қантамырлар қабырғасының гипертрофиясы мен фиброзының дамуын баяулатады.
Қолданылуы
артериялық гипертензияда
-созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде (кешенді ем құрамында)
- сол жақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясымен