Антика мәдениеті



бет2/2
Дата16.05.2023
өлшемі123,5 Kb.
#93535
1   2
Байланысты:
практика 3

1.3 Көне Рим мәдениеті

Мәдени күштер б.з.д. II ғасырда Римге шоғырлана бастады. Өзінің алдындағы дәуірлердің жетістіктерін бойына сіңіре алған Рим өнері жаңа жоғары сатыға өрледі. Бұл ежелгі мәдениет дамуының соңғы дәуірі болатын. Ежелгі Грекия тәріздес көне Рим де Еуропа тарихында да, әлемдік мәдениетте де шешуші рөл атқарды. Римнен Еуропаға өткен көптеген түбегейлі рухани ұғымдар мен қоғамдық тұрмыс нормалары, дәстүрлі құндылықтар, әлеуметтік-психологиялық стереотиптер мың жарым жылдан аса уақыт бойы, XIX ғасырға дейін еуропалық мәдениеттің негізі мен арсеналы, тілі мен формасын құрады.


Рим мәдениетінің гүлденуі Рим полисінің дағдарысқа ұшырауы мен монархияның туу уақытына сай келді, сондықтан да типологиялық тұрғыдан қарағанда, грек мәдениетінің өркендеуіне қарағанда, оның қоғамдық даму сатысы кейінірек басталды. Б.э.д. II ғасыр қарсаңында Италия, Грекия, Египет, Сирия, Британия, Испания т.б. ежелгі әлемді түгел дерлік өз қол астына жұмылдырған Рим, әр алуан мәдениеттердің жиынтығына айналды. Рим мәдениеті бірімен-бірі тығыз байланыста дами отырып, оларды игеріп, қайта өңдеу арқасында туып қалыптасты.
Грек мәдениеті тәріздес, Рим мәдениеті де қүл иеленуші қоғамның мәдениеті болған. Эллин әлемінің түкпір-түкпірінен осында суреттер мен мүсіндер әкелініп, сауатты, көзі ашық грек құлдарға көптеген ақша төленіп отырды. Олардың пьесаларындағы грек философиясының қысқа афоризмдерін сүзіп алған театрға, римдіктер баруды жиілете берді. Грек философтары қонақтықты жиілетіп, кейбіреулері Рим тұрғынына айналып, мұндағы ақсүйек жастарға ұстаздық қыла бастады. Әдетте, грек трагедиялары мен комедияларын негізге алып, бірнеше пьесаның басын қосып, Рим драматургтері өз жерлестерінің талғамына сәйкес, бір пьеса жасап, көрсетуді әдетке айналдырды.
Гректердің құдайлар хақындағы білімдері мен аңыздарын пайдаланған римдіктер, кез келген мифтерге ұқсас, өткендерін баяндайтын, бүгінгісін түсіндіретін, жұртшылыққа жүріп-тұруға нұсқау беретін мифтерін өздері де бұрынырақ жасаған-ды. Бір ерекшелігі: ол мифтердің басты нысанасы құдай да, космос та, адамзат та емес. Ол негізінен оның халқы, тәңірілік және адами сарындар астасып араласып кеткен, қолда бар және болуға тиісті нәрсенің мөлшер-норматив қызметін атқаратын оның тарихы болды. Тарихты аңызға айналдырған халықтардан, римдіктердің ерекшеліктері, мифологияны кескінге айналдыруы болды.
Құдайлардың алдын ала белгілеуімен, тәңірлердің заңдарын нүсқауымен жасалған қала – Римнің тарихы –римдік мифтің кіндік идеясы - осы. Бұл миф Римге қызмет көрсететін қажетті рахымшылдардың негізгі моралдық құндылықтарын қорғайтын, Рим халқы, халық еркіндігі, кез келген жерде, кез келген жағдайда бойындағы бар күш-жігерімен қызмет қылу парызы — олардың қала-мемлекетінің гүлдену дәуіріндегі құндылық жүйесінің негізі.
Баяғыдан бергі белгілі өзіндік ерекшелігі бар құдайлардың арасында қыраттар мен күн күркірету, жауын жаудыру құдайы Юпитер ерекше бағаланған. Патшалық дәуірдің соңына таман салынған Капитолиядағы храм соған арнлған. Сонымен бірге Юпитер Римнің даңқ және қуат құдайы саналды. Юпитермен қоса аналар қамқоршысы Юнона мен қолөнер жебеушісі Минерва дәріптелді. Енді олар аспан құдайларының капитолиялық «үштігін» құрады.
Жер Орта теңізіндегі басымдық үшін Рим күресі дәуірі, Рим әдебиеті мен өнерінде әр алуан жанрлардың туып, даму уақыты болды. Рим көркем әдебиетінің алғашқы қадамдары да Римде гректің оқу-білімінің таралуымен байланысты еді. Осыған дейін аты белгілі Рим жазушылары, өз сюжеттерін майдаланғандарымен, грек әдебиетінің классикалық үнгілеріне еліктеді.
Римде ауызекі поэзия ерте дәуірде (патшалар замандарында) дүниеге келген-ді. Ақындық творчествоның өте ертедегі түрлері дінге табынумен байланысты шықты. Діни әнұран, қасиетті өлеңде солай туған. Римнің саяси дәстүрі, мысалы, өмірге салтанатты жыр түрлерін әкелді. Ауыз өдебиетінің басқа түрлерінің ішінен арнайы дауыс шығаруға белгіленген адамдар үшін жоқтаулар айтылатын болған.
Рим прозасы да бастауын ескі уақыттардан алады. Оның алғашқы ескерткіштері - жазылған заңдар, келісім-шарттар, діни кітаптар. Б.э.д. 304 жылы Рим күнтізбесі жарық көрді. Енді кез келген азамат қашан, қалайша сот ісімен айналысуға болатынын, яғни қай күндері арыздану, қашан сот процесін жүргізу т.с.с. осы күнтізбеден анықтай алатын болды.
Бірінші Рим ақыны, тегі — грек, б.з.д. 272 жылы осында тұтқындалған, кейінірек босатылған Ливий Алдроник болды. Ол "Одиссеяны" латын тілінен өлеңмен аударған. Рим мектебіндегілер оның аудармасынан ұзақ жылдар бойы дәрісі алған. Ливий Андроник грек шығармаларын аудара және өңдей отырып, бірнеше комедиялар мен трагедиялар жазған.
Цицеронның шығармашылығы рим мен грек мәдениеттерінің синтезіне, римдік және грекиялық азаматтықтың бірлігіне негізделген. Марк Тулий Цицерон мемлекет қайраткері, Рим республикасын басқарушылардың бірі болған. Заңгер, шешен сөз теоретигі. Сонымен қатар алдына жан салмас шешені адам. Онымен қоса философия білгірі, ақын, аудармашы. Шешен сөз өнерінің ежелгі білгірлері, Цицерон сөздерінің үйлесімділігі мен мүлтіксіздігін аса жоғары бағалаған.
Римде ең кеңінен тараған Платон мен Аристотель ілімдерінің, едөуір дәрежеде заманына сәйкес өңделгендерімен, басын біріктіретін эпикуршілердің, социализмді жақтаушылардың, академиктердің философиялық мектептері еді. Рим топырағындағы экпикрушілер жөнінде б.э.д. I ғасырда өмір сүрген атақты эпикурші-философ Лукреций Тит Кардың "Заттар табиғаты туралы" деген поэмасы тереңірек мәлімет береді.
Осы дәуірдің көрңекті ақындары - Вергилий мен Гораций. Вергилийдің "Георгиктер" поэмасы ежелгі Италияның тұрмысы мен ауыл шаруашылығы, шаруа еңбектерін жырлады. Дастанның жартысына жуығы тамаша көркем-филофиялық шегіністер — табиғаттағы гармония - жарасымдылық, әлем құрылысы, дүниедегі тәртіппен ауызбіршілік дихандардың шын бақыты туралы, ақынның ойлар – көңілге қонымды да әділетті. "Георгиктер" – ауыл шаруашылығы иесіне ақыл қосатын дидактикалық шығарма болды.
Гораций нәзік талғам мен рахымгершілікгі тәрбиелеудің құралы болған ақын және поэзияның міндет-мақсатын жоғары бағалаған. Заттардың мәтінін, Отан, шаңырақ, достар алдындағы өз парызын түсіне білу, консул, сенаттар, патрон, әкенің құқықтары мен міндеттерін түсіну үшін ақын философияны меңгеруі тиіс. Ең батысы: ол бейнелеген кейіпкерлер жанды, өзінің жасына, мінез-құлқына, лауазымына лайықты қимыл жасап, сөз сөйлейтін адам табиғатын зерттеуге міндетті. Горацийдің өзі портрет жасаудың хас шебері еді: ол өз замандастарының үлкен галереясын бейнелеген. Ол дарынсыз өлең ұйқастырушыларды, байлық қуушыларды сатирасымен түйреп, жұртты өз-өздеріне қатаң қарап, күнәдан бойларын аулақ салуға үндеді.
Біздің заманымызға дейін философ Сенеканың трагедиясы — "Ессіз Геркулес", "Троялық әйелдер", "Мсдея", "Федра", "Эдип", "Агамемнон", "Фиест", "Геркулес Эгада", "Финикиялық әйелдер" — түгелдей жеткен. Сенека трагедиялары сахнаға қоюға емес, оқуға арналған. Олардың тақырыптары мен сюжеттерін Сенека классикалық дәуірдегі афиналық ұлы трагедияшылардан, әсіресе, Еврипид пен Софоклдан алғанымен, оның шығармаларында жаңа сарындар да жетіп жатыр. Сенека трагедияларындағы негізгі мақсат - кейіпкерлердің қимылында емес, қаһармандардың зұлымдықтары мен қарсыластарын қол жұмсап, азаптауларының шығарма мәтінінің тындаушыларды үрейледіретіні болды.
Тамаша тарихшы Укорналий Тацит I ғ. аяғы — II ғ. сында өмір сүрген. Уақиғаны шиеленісті мақамда баяндаудағы шеберлігі, психологиялық анализінің тереңдігі мен нәзіктігі, мінез-құлықтың жинақы да жарқыңдығы, автор мүдделеп отырған бағытта оқырман көкейіне дәл тиетін бейнелер мен картиналарды бір-жар штрихтармен бере білудегі алғырлығы жағынан ежелгі әдебиетке Тацитке тең келер ешкім жоқ болды.
Көне Римнің сөулет және бейнелеу өнері де поэзиядағы бағытты ұстаған. Архитектуралық шығармалар мен өнер ескерткіштері, Римнің ұлылығы, бейбітшілік пен тыныштықты айтақтауы керек еді. Храмдар алдына қойылған мүсіндер – ежелгі Рим ерлері өз мемлекетінің алыптығын естен шығармауға арналған-ды.
Нерон тұсында алтыннан үлкен сарай салынды. Оның ауқымы мен ішкі әшекейлерін тарихшы Светоний былай деп сипаттайды: "Ауызғы кірер бөлменің биіктігі соншалық, бойы жүз жиырма фут келетін Императордың зор мүсіні емін-еркін тұр басқа бөлмелердегі заттар алтынмен апталып, қымбат тастар және інжумен әшекейленген; дөңгелек бас шатыр, көк күмбезге ілесіп күндіз-түні тынымсыз айналуда; моншаларда тұзды және күкіртті суға шомылуға болады". Бұл сарай біткесін, Нерон "енді өзінің кісіше өмір сүретінін айтқан. Бірақ алтын сарайдың ғұмыры ұзаққа бармады.
Нерон паркінде, көл орнына Флавий әулетінің императорлары Флавийдің алып амфитеатрын салды. Қазірде Колизей аталған оның аты әлемге әйгілі. Бұл үш қабатты (кейін төртінші қабат қосылған-ды) ғимаратта күрделі дәліздер, баспалдақтар мен желдеткіш саңылаулары бар жүйесі біртұтас жоспармен тұрғызылған. Оған 50 мыңға жуық көрермендер сияды. Ол өзінің көлемімен ғана емес, архитектуралық пішіндерінің кереметтей сайма-сай үйлесімділігімен қазірде де кісіні таңдандырады.
Өзінің басқаруын император Андрия (б.з.д. II ғ.) зор құрылыспен әйгіледі. "Рим - мәңгілік қала" деген қасиетті сөз алғаш соның аузынан шыққан. Императордың тарихқа мәлім өзі жобасымен тұрғызылған ең үлкен Венера және Рома храмын Андриян астанасына сыйға тартты. Өзі үшін кереметтей Мавзолей салдырды. Ол ғасыр ортасында бекініс (Қасиетті Періште Қорғаны) міндетін атқарды.
Римдіктер үшін күнделікті тұрмыста портиктер (үй алдына тіреумен көтеріп қойған, қабырғасыз төбелі қалқа) мен термалар (қоғамдық моншалар) жасау үлкен маңызға ие болды. Өйткені: жұрттар көбіне-көп сол жерлерге жиналып, әңгіме-дүкен құратын. Мұнда шомылып қоймай тіпті, гимнастикамен айналысатын, доп ойнайтын. Спорттық жаттығулар жасайтын құрал-жабықтары бар монша тек: римдіктерде болды. Ондайды гректер білмеген. Термаларды Нерон, Тит, Троян салдырған. Бірақ, ең кереметтері — тек 211-216 жылдары тұрғызылған Каракалла-термалар. Римдегі ұсақты осындай термалар саны мыңға тақау болған.
Қауырт құрылыс І-ІІ ғасырларда тек Римде ғана емес, Италияның басқа да қалалары мен провинцияларында жүргізілді. Рим сәулет өнерінің пішіндері провинцияларда грек сәулет өнері пішіндерімен бәсекеге түсе бастады.
Римде мүсін өнерінде портрет салу бағыты дамуға бет алды. Рим портретінің нағыз алғашқы түрлерінде реалистік бейнелер мол көрінген-ді. Алайда, Август және оның ізін қуушылар тұсында классикалық грек шығармаларының ықпалына жығылып кеткендері байқалады.
Кескіндеме-живопистің дамуы жөніңде помпея кескіндемелері мен провинциялардағы фрескалар мәлімдейді. Көбіне-көп сюжеттер Африка, Британия провинцияларының өмірі турасындағы мифологиядан алынған. Оларда шыншылдық, әдеттегі тұрмыс-тіршіліктен алынған жанрлық көріністерге (егін жинау, аңшылық, алым-салық жинау т.б.) деген құлшыныс-құмарлық басым болды.
Рим ғылымының тарихы тек қана білім қорын байытумен шектелмейді. Оларда энциклопедизм, осыған дейін жиналған ғылыми жетістіктерді жүйелеп, сараптау бағыты басым. Алайда бұл шаруамен айналысу Римде үздік творчестволық ақыл-ой, тамаша ғалымдар шықпады деген пікір емес. Оның дәлелі – медицинада Клавдий Гален, жағрапия мен астрономияда Клавдий Птолемей, қүқық саласында Сальвий Юлианның аттарын еске салсақ та, жетіп жатыр.
ҚОРЫТЫНДЫ

Негізгі құқықтық ұғымдардың классикалық анықтамаларын берген, әр түрлі қүқықтық қарым-қатынасты талдау жолын нұсқаған тек римдіктер ғана. Римдік заң жүйесі орта ғасырларда да, кейінгі замандарда да кереметтей абырой иесі болған-ды. Кейбір Еуропа мемлекеттерінде ол ұзақ уақыттар бойы жалғыз пайдаланылған бұлаққа айналды. Осы заманғы азаматтық құқық саласында Рим заңының кейбір баптарын пайдаланбайтын жағдайларды табу қиын. Антикалық мәдениет — Рим поэзиясында, сәулет өнерінде, скульптурада өз көріністерін тапты. Рим мәдениетінің үлкен жетістігіне құқықтың алғашқы әмбебапты жүйесін калыптастыру жатады. Қазіргі батыс мәдениеті Антикалық мәдениеттің төмендегідей құндылықтарын мұраланды: қазіргі ғылымның бастауларын; көркемөнер мәдениеті мен этиканың мемлекет пен құқықтың негізгі нормаларын; христиандық дінді; азаттық қоғамнын, кейбір элементтерін. Антикалық мәдениеті адамзат өркениетгілігінің ең басты ошақтарының бірі деп есептеледі, ол Еуропалық мәдениетгің архетипіне жатады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет