Bacillus thuringiensis (лат.)- спора түзетін топырақ бактерияларының түрі. Клеткалар мен ерекше кристалды белокты δ-эндотоксин қабыршақты қанаттылар мен қатты қанаттылар жәндіктердің отрядтарының көптеген өкілдері, москит, мошек құрттарына инсектицидтік әсер етеді. Өсімдіктердің биоқорғанысында қолданылады, эндотоксин (Cry-токсин) генінің көмегімен өсімдіктердің трансформациясы жүзеге асырылды және зиянкестермен жеуге төзімді ГМ өсімдіктер алынды. Морфологиялық ерекшелігі-анилин қара бояумен боялған цитоплазмадағы токсиндер кристалдарының болуы.