Елдегі бұл бей-берекетсіздікті ретке келтіруге және билік жүргізу ауқымын шектеуге күш салған Омбы облыстық қазақ комитеті атынан Абылайханов пен Сәдуақасов 1918 жылы 29 маусымда қол қойып, облыстық комиссариатқа (Сібір үкіметінің органы. — авт.) жіберген хатында былай деп атап көрсетеді: «Кейбір станидалық және поселкелік басқармалар, сондай-ақ шаруалардың болыс селолық комитеттері қырғыздардың (қазақтардың) жекелеген шағымдары бойынша уездік және облыстық қазақ комитеттерінің келісімінсіз ауылдарға қарулы отрядтар жібереді. Бұл әрекет дұрыс емес және мұндай келенсіз көріністер бұл билік басында тұрған қырғыз (қазақ) органдарының беделін түсіреді деп есептей отырып, облыстық комитет комиссариаттан алдағы уақытта мұндай шара қолданбауды, қолдану қажет болған жағдайда, ол туралы уездік немесе облыстық қазақ комитетіне дер кезінде хабарлауды сұрайды. Қазақтардың әскери аппаратынан да станицалық және поселкелік басқармаларда осындай оқиғаларға жол бермеуін өтінеді»