Ақпарат ұғымына түсінік 1 слайдқа қатысты сұрақтар



Дата15.11.2022
өлшемі18,63 Kb.
#50159




Ақпарат ұғымына түсінік
1 слайдқа қатысты сұрақтар:

  • «Ақпарат» сөзін қалай түсінесің?

• Адам ақпаратты қайдан алады (1-сурет)?
• Ақпарат қабылдау түріне қарай қалай жіктеледі?
• Адам қабылдаған ақпаратын қалай ұсынуы мүмкін (2-сурет)?
• 2-суретте адамның ақпаратты қабылдауының қандай түрлері бейнеленген? Ойыңды ортаға сал.
• Адам, жануар мен өсімдік қоршаған ортадан ақпаратты қалай қабылдайды


Ақпарат – информатиканың негізгі ұғымы. Адамның барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Кез келген жұмысты орындау үшін ол жайлы қажетті ақпаратты білу керек. Біз ақпаратты қоршаған ортада болып жатқан құбылыс тар мен объектілердің қасиеттерінен, құрылымынан олардың бір-біріне байланысынан аламыз. «Информатика» оқулықта рында «ақпарат» терминіне әртүрлі түсініктеме берілген. Мысалы, ақпарат «бір нәрсе туралы мәлімет не хабар»; «ақпаратты тасымалдауға, жинақтау ға, өңдеуге, қолдануға, сақтауға болатын нәрсе туралы білім» ретінде сипатталады. Қазіргі уақытта ғылым ақпаратқа тән жалпы қасиеттер мен заңдылықтарды іздеуде. Информатикадағы ақпарат адам қызметінің түрлі салаларында әртүрлі мағына береді. Қазіргі уақытта «информатика» сөзінің анықтамасы көп, алайда олардың арасынан ең түсініктісін ажыратып алу қажет. Ақпарат – символ мен сигнал арқылы берілетін қоршаған әлемнің көрінісі. «Ақпарат» латынша «informatio» – «түсіндіру, баяндау, мәлімет» деген ұғымды білдіреді

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет