Білім беру ұйымының ұйымдастыру-басқарушылық қызметінде цифрлық технологияларды пайдалану әдістері Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының дамуы мен білімнің әр саласына кең ауқымды енгізілуі жалпы орта білім беру жүйесінде оқу орындарын басқаруды автоматтандырудың компьютерлік кешендерін кең ауқымды енгізілуге негіз жасайды.
Қазіргі уақытта жалпы орта білім беру жүйесінде оқу орындарын басқаруды автоматтандыру үдерісін іске асыруға арналған бірнеше бағдарламалық жүйелер мәлім. Мұндай жүйелердің көптеген бөлігі оқу орындарын басқарумен байланысты, көлденең (бір мекемеден басқаға) және тік (қала және аудан деңгейіндегі оқу басқарма органдарына арналған ақпарат) мәліметтермен айырбас жасауға мүмкіндік бермейтін өзіндік берілгендер құрылымына ие қызметтің шектелген бөлігін қолдайды.
Сонымен қатар жалпы орта білім беру жүйесінің оқу орындарының қызметін ұйымдастыру мен жобалау кезінде ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолдану көптеген артықшылықтарға жетуге мүмкіндік береді, оның қатарында:
орындалған әрекет нәтижелерінің жедел есебімен басқару мүмкіндігі;
көптеген тиімді басқару шешімдерінің қабылдануы;
оқытушылар мен оқушылар әрекеті бағасында обьективтіліктің жоғарылауы;
оқушылардың танымдық әрекетін тиімді басқару;
білім нәтижелілігінің жоғарылауына бағытталған қисынды және өлшемді шараларды қабылдау мүмкіндігі ;
оқу мекемесінің ұйымдық ақпаратына жедел адресті қолжетілімділік;
материалдық және адами ресурстардың үнемділігі;
бос уақыттың босатылуы;
ескі жұмыс көлемінің қысқартылуы.
Соңғы уақытқа дейін түрлі технологиялық үдерістермен басқарудың автоматтандырылған жүйелерін қолданудың үлкен практикалық тәжірбиесі жиналған. Қазіргі уақытта оқу үдерісін басқару жүйесі оқу орындарында да пайда бола бастады.
Басында жалпы орта білім беру жүйесіндегі ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдары мен басқарудың автоматтандырылған жүйесі оқушылар құрамы бойынша берілгендер қоры, кадрлар, оқу жоспары мен басқа да ақпараттар сияқты жасалған. Орта білім мекемелерін басқаруда жұмыс жасайтын ақпараттаық-қатынастық технологиялар құралдары мынадай ішкі жүйелерден құрылуы керек:
ақпараттық қамтамасыз ету
техникалық қамтамасыз ету
математикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету
әдістемелік қамтамасыз ету
ұйымдық қамтамасыз ету
Бұндай ішкі жүйелердің бар болуы оқу орындары (мектеп), оқудың аумақтық бөлімдері және басқармалары деңгейіндегі мамандардың өзара байланысқан автоматтандырылған жұмыс орындарының жиынтығын құрастыруға мүмкіндік береді.
Оқу орындарының ұйымдастыру-басқару әрекетін ақпараттандыру үдерісінде бірнеше негізгі құрылымдылық құрауыштардан тұратын <<басқару мінезі>> ақпараты маңызды рөл атқаруы тиіс.
Олардың құрамына кіретіндер:
мектеп әрекетінің материалдық және әлеуметтік параметрлерін көрсететін хабарлар
оқу, әлеуметтік, мәдени және басқа мектеп әрекетен қадағалайтыннормалар, нормативтер, қызықтырушылықтар жайлы мәліметтер
оқу орыны әрекетінің барлық аясын анықтайтын ақпараттық материалдар мен іс - қағаздар, оның іщінде заң шығарушы, басқа да заңдар нормативтік актлер және шартты міндеттемелер, жоғарғы органдардың жобасы, бақылау актілерінің мәліметтері және т.б,
сапалық және сандық құрылым, кадрлық потенциалды сипаттайтын педагогикалық ұжымның дайындық және біліктілігінің өсу деңгейі туралы мәліметтер
оқу жоспары мен сабақты үлестіру туралы мәліметтер
мектеп өміріндегі оқиғалар жайлы ақпарат (сабақ кестесі, түрлі мерекелік шаралар)
оқушылар үлгерімі жайлы мәліметтер
оқу мекемесінің сыртқы байланыстары жайлы мәліметтер
оқу мекемесінің оқу- әдістемелік, техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жайлы мәліметтер
оқу мекемелерінің ғыдыми - әдістемелік әдістемелік және инновациялық әрекеті туралы мәліметтер
Білімді ақпараттандыру жүйесі аясында мемлекеттік ауқымда өткізілетін жұмыстар оқу мекемесінің ұйымдастыру - басқару әрекетін ақпараттандыруда қолданылатын ақпараттық - қатынастық технологиялар құралдарының нешізгі түрлерін топтауға мүмкіндік береді. Бұндай құралдардың құрамына кіретіндер:
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту" - балалардың мектепке дейінгі ұйымдастырудың дамуы туралы мәліметтер жүйесі
"Мектептегі білім" - мектеп және мектеп - интернаттар, мектептен тыс ұйымдар, балалар үйі, жетім балаларға арналған мектеп - интернаттардағы күндізгі жалпы білім туралы мәліметтер жүйесі;
"Кәсіби білім беру" - инженер - педагогтық қызметкерлердің құрылымы санатындағы оқу мекемесінің бастапқы мамандандырылған білімінің оқу - материалдық және жұмыс нәтижесінің қоры;
"Кадрлармен қамтамасыз ету" - педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы, педагогикалық кадрлардың жоғарғы және мамандандырылған білімінің бар болуының талдануы туралы мәліметтер қоры;
"Іс - қағаздардың орындалуын бақылау" - жоғарғы органдардың іс- қағаздарын талдау жүйесі, төменгі органдардың және басқа ұйымдар іс - қағаздарын талдау, іс- қағаздарды орындауыд бақылауды автоматтандыру;
"Лицензиялау және аттестациялау" - орта білім мекемелерін лицензиялау мониторингі және педагогикалық кадырлардың аттестациялануы;
"Есеп берушілік" - жалпы орта білім беру жүйесі, жоғарғы органдардағы жалдық есептің негізгі көрсеткіштерінің құрылымына арналған автоматтандыру жүйесі;
"Қаржылар" - оқу мекемесінің қаржы - иелік әрекеті туралы ақпарат;
"Ақпараттандыру" - оқу орындарын компьютерлік техникамен қамтамасыз ету турплы ақпарат;
"Оқулықтармен қамтамасыз ету" - оқулықтармен қымтамасыз еут туралы ақпарат.
Басқарудың автоматтандырылған жүйесін жасау мен қолдану аясындағы жалпы орта білімді ақпараттандырудың қазіргі жағдайы бөлек мектептердегі оқу үдерісін басқарумен бөлек жергілікті автоматтандырылған жұмыс орындарымен сипатталады.
Оқу мекемелерімен басқарылатын ақпараттық - қатынастық технологиялар құралдары келесі мәліметтерді сандық және сапалық жағынан жасау керек:
оқу үдерісі туралы мәліметтермен қоса оқушылар құрамының тізімдік құрылымы : өткізілетін пән бойынша әрбір оқушының оқу нәтижесі тралы мәліметтер (қорытынды және ағымдық белгілер, келесі сатыға өту туралы), оқу сапасының диагностикасы бойынша мәліметтер (білім, білік, дағдының) тесттік бақылауы;
оқу үдерісінің негізгіипараметрі ретінде қарастыруғы болатын мәліметтер: оқу үдерісінің ұйымдастырылуы (пәннің өткізілу сағаты, ерекшелігі, сыныптардың саны және т.б), оқытушылардың кадрлық құрамы мен бағалануы, оқу үдерісінің материалдық, дидактикалық және әдістемелік қамтамасыз етілуі және т.б.
Жалпы орта білім беру мекемесінің ұйымдастыру - басқару әрекетінде ақпараттық- қатынастық технологиялардың құралдарын қолдану көптеген артықшылықтардың пайда болына әкеліп соғады, атап айтқанда: