Кіріспе
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» орта мектепте мына пәндерді: информатика, математика, физика сияқты пәндерді оқу кезінде алған білімдеріне негізделеді. Берілген пән бойынша дәріс сабақтарында алған білімдерін нығайту үшін, сондай-ақ кәсіби қызметтің әртүрлі облыстарында қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мүмкіндігін беретін дағдылар мен компетенциялар алу үшін арналған.
Зертханалық практикум 15 зертханалық жұмыстан тұрады; бұл жұмыстардың тақырыптары берілген пәннің барлық бөлімдерін қамтиды. Сабақ сәйкес техникалық және бағдарламалық құралдармен қамтылған компьютерлік кластарды жүргізіледі. Зертханалық жұмыстар бойынша тапсырмаларды орындау студенттен берілген пән бойынша дәрістерде, орта мектепте информатика пәнінен алған теориялық білімдерін қолдана білуін қажет етеді.
Тапсырмаларды орындау нәтижесінде студент әртүрлі бағдарламалық өнімдермен жұмыс істеу дағдыларын, ақпаратты іздеу, сақтау және өңдеу үшін ақпараттық ресурстарды пайдалана алады.
Берілген пәнді оқу нәтижесінде алған білімдері мен дағдылары студентпен басқа пәндерді оқу, өзіндік (семестрлік, курстық және бітіру) жұмыстарын орындау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Әрбір зертханалық жұмыс үшін жұмыс мақсаты анықталған, тапсырмалар берілген, теориялық және әдістемелік материалдар келтірілген, әдебиет көздеріне сілтемелер бар. Әрбір зертханалық жұмысқа тақырып бойынша дәріс оқылады және қосымша оқу үшін әдебиеттер ұсынылады. Зертханалық жұмысты орындау алдында студент оқытушының бақылау сұрақтарына жауап береді және жеке тапсырмалар алады.
Зертханалық жұмысты орындаған соң студент оқытушыға есеп тапсырады.
Зертханалық жұмыс №1. Компьютерлік жүйенің өнімділігін есептеу: жылдамдығын, тиімділігін, қуат шығындарын, Амдаль заңы, CPU уақыты
Жұмыстың мақсаты: компьютерлік жүйенің өнімділігінің негізгі метрикаларын: жылдамдығын, тиімділігін, қуат шығындарын, Амдаль заңы, CPU уақытын меңгеру және ЖЕСҚ жылдамдығын тестілеу, ДК құрылымдық сұлбасын тұрғызу.
Достарыңызбен бөлісу: |