кезеңінде өтеді және жасушадағы хромосомалар санының тұрақтылығын қамтамасыз
етеді. Хромосомалық ДНҚ мөлшерінің өте үлкен болуына байланысты ДНҚ
көршіліс репликациялық айырдың бірігуіне дейін жүреді. Прокариот ДНҚ-да және
органоидтарында (митохондриялар және пластидтер) бір ғана инициациялық нүкте, бір
репликон (монорепликонды) болады. Репликон-ДНҚ репликациясының бірлігі.
Репликация үдерісі мына ұстанымдардың негізінде іске асырылады:
- жартылай консервативті – ДНҚ-ның бастапқы тізбектерінің әрқайсысы жаңа тізбекке
матрица (қалып) болады
- комплементарлық – ДНҚ молекуласының жаңа тізбегі комплементарлық ұстанымға
негізделеді, аденин тиминмен, гуанин цитозинмен және керісінше байланысу арқылы
түзіледі
- антипараллельдік – ДНҚ-ның жаңа тізбектері бастапқы матрицалық тізбектерге
қарама-қарсы бағытта синтезделеді
- униполярлығы - комплементарлы жаңа тізбектердің синтезделуі тек 5
-3
бағытында
іске асырылады
- үзілмелігі – репликация ДНҚ молекуласының бірнеше жерінде бір уақытта басталады
да артынан бір тізбекке тізбектеледі.
Репликация сатылары: инициация, элонгация, терминация.
Репликация инициациясы – ерекше нуклеотидтер қатары бар, инициация
нүктесінен, «репликациялық көзшеден» басталады. Сол жерден бастап хеликаза
ферментінің көмегімен қосарланған ДНҚ тізбектері тарқатылады, топоизомераза
репликацияланбаған ДНҚ бөлігінің алдындығы суперспиральды ажыратады, ал SSB
ақуыздары – ажыраған бір тізбекті ДНҚ бөліктерін тұрақтандырады. ДНҚ синтезі тек
бір 5’
3’ бағытында жүреді, ал ДНҚ тізбектері антипараллельді, сондықтанда ДНҚ бір
тізбегі үздіксіз синтезделеді және оны лидерлік (бастаушы), екінші тізбекті ілесуші (артта
қалушы) тізбек, қысқа кесінділер (Оказаки фрагменттері), түрінде синтезделеді, соңынан
бұл кесінділер тізбектеліп жалғанады.
Элогация - ДНҚ репликациясының ұзару үдерісі, ДНҚ жаңа тізбегінің синтезіне
бастама беретін РНҚ праймазаның қысқа фрагментті РНҚ праймерлерінің
синтезделуінен басталады. Содан кейін РНҚ праймерлерге ДНК-полимераза байланысады
да үздіксіз лидерлік тізбек синтезделеді. Ілесуші тізбектің лидерлік тізбектен синтезделу
ерекшелігі ДНҚ қысқа, Оказаки фрагменттері түрінде синтезделеді. Ілесуші тізбектің
синтезіне бірнеше праймерлер қажет, кейін олар эндонуклеаза көмегімен алынып
тасталынады, орны бос қалады. Бос қалған орындар ДНК-полимеразамен көмегімен
комплементарлы нуклеотидтермен толықтырылады да тізбектеліп лигаза ферментімен
тігіледі.
Терминация - репликация ДНҚ бөлігінің терминациялық сайт деп аталатын
арнайы нуклеотидтер қатармен аяқталады. Терминация tus генімен бақыланады, tus
генінің өнімі болып табылатын tus ақуызы терминациялық сайтты танып байланысып
үдерісті тоқтатады.
Репликация –көптеген ферменттердің қатысуымен жүретін күрделі үдеріс.
Достарыңызбен бөлісу: