Ақпараттық хат «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектеп оқушыларына арналған байқау



бет2/7
Дата28.02.2023
өлшемі59,45 Kb.
#70575
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Акпараттык хат. Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында

1. Жалпы ережелер

«Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» мектептік оқу-зерттеу жұмыстарының конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) – Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жалпы білім беру мектептерінің оқытушылары және оқушыларымен өзара әрекеттестігіне бағытталған мәдени-танымдық жоба болып табылады.


Конкурстың мақсаты:
1) озық әлемдік тәжірибеге, заманауи инновацияларға сәйкес жалпыадамзаттық, мәдени және ұлттық құндылықтарға, салт-дәстүрлерге, ұлттық бірегейлікке, азаматтыққа, отансүйгіштікке, менталды ерекшеліктерге негізделген жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру;
2) жастарды Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын, отандық тарих, туған жер, өздерінің отбасы тарихы бойынша құжаттық деректерді зерттеу мен сақтауға тарту;
3) өскелең ұрпақтың білім берудің жаңа идеологиясымен айқындалатын қазіргі дүниетанымдық ұстанымдардан өмір мен мәдениеттің материалдық және рухани құбылыстарына құндылық көзқарасын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау арқылы азаматтық қоғамның қалыптасуындағы отандық архивтердің қызметін ұйымдастыру.
Конкурстың міндеттері:
1) оқушылардың тарихи құбылыстар мен процестерді тануға деген шығармашылық қызығушылығын құжаттық деректер, музей жәдігерлері, ғылыми және оқу әдебиеттері, заманауи телекоммуникациялық және ақпараттық жүйелер негізінде ынталандыру;
2) тарих, архив ісі және іс қағаздарын жүргізу саласында оқуын жалғастыруға ынталы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау;
3) Қазақстанның тарихы-құжаттық мұрасын зерделеу негiзiнде патриоттық тәрбие беруді дамыту;
4) жастардың бос уақытын шығармашылдық мақсатта пайдалануға деген ынтасын, шығармашылдық пен ғылыми қызметке деген құштарлығын ояту; архивтік жинақтарды және музей қорларын, жеке және отбасылық архивтерді қалыптастыру және толықтыру ниеттерін ояту;
5) өскелең ұрпақтың білім мен өзін-өзі жетілдіруге, ел тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына қатысуға деген ұмтылысын қалыптастыру.
Конкурста архивтік құжаттарды және басқа да тарихи деректерді пайдалану негізінде дайындалған жалпы білім беру мектептері оқушыларының оқу-зерттеу жұмыстары қарастырылады. Ғылыми-зерттеу жұмысын орындау барысында оқушы зерттеудің пәндік-тақырыптық саласының тарихымен және қазіргі жағдайымен танысады, өзіндік мәліметтер алады, алынған ақпаратты талдайды және қорытындылайды, Конкурсты өткізу ережесіне сәйкес зерттеу нәтижелерін рәсімдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет