Бұл тасымалы компьютердің бір түрі болып табылады. Пайдаланушы арнайы қаламұштың көмегімен осындай компьютердің бейнебетінде ескерімдер жазып, сурет сала алады. Енгізілген деректерді өңдеуге және одан кейін электрондық пошта арқылы басқа пайдаланушыларға жіберуге болады.
Классикалық операциялық жүйелер атқаратын функциялар Операциялық жүйелердің даму бағыттары.
ОЖ-лердің төменде келтірілген тарихи буындарын атап көрсету қабылданған:
Нөлдік буын. Алғашқы компьютерлерде ОЖ-лер болмаған. Бұл алғашқы компьютерлердің пайда болуынан бастап ХХ ғасырдың 50-ші жылдары ортасына дейінгі период.
Бірінші буын. Пакеттік өғдеу, мультибағдарламалық ОЖ-лер. ХХ ғасырдың 50-жылдарының ортасында пайда болды.
Екінші буын. Көпрежимді ОЖ-лер, нақты уақыт ОЖ-лері. ХХ ғасырдың 60-жылдарында пайда болды.
Үшінші буын. Дербес компьютерлерге арналған ОЖ-лер, желілік ОЖ-лер. ХХ ғасырдың 80-жылдарының басында пайда болды
Төртінші буын. Үлестірілген ОЖ-лер. ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында пайда болды